• Мое избранное

Отправить по почте

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысы

Редакция 20.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысына сәйкес (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 14 қазандағы
№ 759 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.02.2021 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес (14.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс) қалыптастыру, орналастыру және орындау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысына сәйкес (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруды, орналастыруды, салааралық үйлестіруді және оның орындалуын бақылауды мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысына сәйкес (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
2-тарау. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру
3. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген, осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде жүргізіледі.
4. Қорғаныстық тапсырысты алушылар (бұдан әрі – алушылар) тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттаманы) (бұдан әрі – техникалық тапсырма) ұлттық стандарттарға сәйкес қалыптастырады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Техникалық тапсырманы қалыптастыру кезінде сатып алынатын қорғаныстық тапсырыс өнімін жиынтықтау бойынша қосымша талаптарды қосуға жол беріледі.
Алушылар ұлттық стандарттар болмаған кезде қару-жарақты, әскери техниканы біріздендіру, стандарттау, жедел үйлестіру және олардың жаңа (тәжірибелік) үлгісін сатып алу мақсатында талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын көрсетіп, сатып алуға ұсынылатын әскери мақсаттағы тауарға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмысқа және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметке (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс өніміне) техникалық тапсырманы дербес қалыптастырады.
Ұлттық стандарттар болмаған кезде тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауды, патентті, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, тауарды шығарған елдің атауын және өндірушінің атауын көрсетуге жол беріледі.
Алушы заттай мүлік бойынша техникалық тапсырманы жасау кезінде арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған заттай мүлікті қоспағанда, кемінде 30 % шикізаттың елішілік құндылығына қойылатын талапты көздейді.
5. Алдындағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей алушылар қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бюджетінде көзделгенде (бұдан әрі – қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға сатып алуға жоспарланатын қорғаныстық тапсырыс өнімінің саны (мөлшері) және жеткізу орны туралы мәліметтер көрсетілген, тиісті жоспарлы кезеңге арналған қажетті қорғаныстық тапсырыс өніміне бекітілген техникалық тапсырманы қағаздағы және электрондық түрде қоса беріп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жібереді. Бұл ретте тиісті жоспарлы кезеңге дейін екі жылғы кезең алдындағы қаржы жылы болып табылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысына сәйкес (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
6. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 5 қаңтарына дейінгі мерзімде техникалық тапсырмаларды қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізілген отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге және уәкілетті ұйымға жібереді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысымен (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
Бұл ретте тиісті жоспарлы кезеңнің алдындағы жыл ағымдағы қаржы жылы болып табылады.
7. Алушылар ағымдағы қаржы жылының 5 қаңтарына дейінгі мерзімде қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты алушылардың бюджетінде көзделгенде (бұдан әрі – қаражат алушыларда болғанда) техникалық тапсырманы қызмет бағыттары бойынша тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілерге, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілерге және уәкілетті ұйымға өзі жібереді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Уәкілетті ұйым техникалық тапсырманы алған сәттен бастап алушылардың өкілдерін тарта отырып, техникалық тапсырмаларды шетелдік өндірушілермен пысықтау бойынша рәсімдерді жүргізеді.
9. Тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер және уәкілетті ұйым ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның немесе қаражат алушыларда болғанда алушылардың атына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 772 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына (бұдан әрі – Баға белгілеу қағидалары) сәйкес жоспарлы калькуляцияны ұсынады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысына сәйкес (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
10. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 1 сәуіріне дейінгі мерзімде алушының атына қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда жоспарлы калькуляция ұсынылмаған іс-шаралар тізбесін, сондай-ақ тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер және уәкілетті ұйым ұсынған қорғаныстық тапсырыс өніміне ең төмен бағаны жібереді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысына сәйкес (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
Жоспарлы калькуляция ұсынылмаған іс-шаралар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес сатып алынады.
11. Алушы ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейінгі мерзімде қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда ұсынылған бағаға сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның атына бұрын тиісті жоспарлы кезеңге арналған қорғаныстық тапсырыста бекітілген сома шегінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұранымға енгізу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақтыланған өтінімді ұсынады.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысына сәйкес (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
12. Лимиттер жеткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган және қаражат алушыларда болғанда алушылар бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік сұранымдарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысына сәйкес (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
13. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 25 маусымына дейінгі мерзімде қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асыру мақсатында техникалық тапсырмаларды қызмет бағыттары бойынша тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге және уәкілетті ұйымға жібереді.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысына сәйкес (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
14. Алушылар ағымдағы қаржы жылының 1 маусымына дейінгі мерзімде қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдауды жүзеге асыру мақсатында қаражат алушыларда болғанда техникалық тапсырманы қызмет бағыттары бойынша тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілерге, жұмысты, көрсетілетін қызметті отандық берушілерге және уәкілетті ұйымға жібереді.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. Тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер және уәкілетті ұйым ағымдағы қаржы жылының 20 шілдесіне дейінгі мерзімде орындаушыны таңдау мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның немесе қаражат алушыларда болғанда алушылардың атына Баға белгілеу қағидаларына сәйкес конкурстық құжаттаманы – жоспарлы калькуляцияны ұсынады.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2024 жылғы № 348 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысымен (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
Тізілімге енгізілген, заттай және арнаулы мүлікті, жеке қорғану құралдарын өндіруге маманданатын отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер өнімнің техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру үшін ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне дейінгі мерзімде алушылардың атына пайдаланылатын шикізаттың сапасын растайтын құжаттармен қоса мәлімделетін өнімнің үлгілерін ұсынады.
Мәлімделетін өнімнің үлгілері осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тіркеледі.
Тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің жоспарлы калькуляцияны ұсынуы олардың келіскенін және техникалық тапсырмада көзделген шарттарды сақтап, қорғаныстық тапсырыс өнімін жеткізуді жүзеге асыру мүмкіндігін растау болып табылады.
Жоспарлы калькуляцияны ұсынған кезде баламалы техникалық тапсырмаларды ұсынуға тыйым салынады.
16. Қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда орындаушыны таңдау мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның конкурстық комиссиясы (комиссиялары) (бұдан әрі – орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия) құрылады.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2024 жылғы № 348 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысымен (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
Орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссияға қызмет бағыты бойынша алушының арнайы білімі бар өкілдері (мамандары) енгізіледі.
Заттай және арнайы мүліктің, жеке қорғану құралдарының үлгілерін бекіту және олардың техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында алушының өкілдері қатарынан комиссия құрылады.
Заттай және арнайы мүліктің, жеке қорғану құралдарының үлгілерін бекіту жөніндегі комиссия (комиссиялар) құрамын және оның жұмыс тәртібін алушы айқындайды.
17. Шешім дауыстардың қарапайым көпшілігімен қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған кезде алушының өкілі дауыс берген шешім қабылданады.
18. Орындаушыларды таңдау жөніндегі комиссия (комиссиялар) құрамын және жұмыс тәртібін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган айқындайды, ал оның (олардың) қызметі аудио және бейнетіркеу қолданылып, жабық режимде жүзеге асырылады.
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысына сәйкес (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
19. Қаражат алушыда болғанда алушылар орындаушыларды таңдау жөніндегі өз комиссиясын қалыптастырады. Шешім дауыстардың қарапайым көпшілігімен қабылданады.
20. Заттай және арнайы мүліктің, жеке қорғану құралдарының үлгілерін бекіту жөніндегі комиссия ағымдағы қаржы жылының 15 тамызына дейінгі мерзімде заттай және арнайы мүліктің, жеке қорғану құралдарының үлгілерін бекітеді және олардың техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестігін тексереді.
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2024 жылғы № 348 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысымен (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейінгі мерзімде заттай және арнайы мүлік, жеке қорғану құралдары үлгілерінің техникалық тапсырманың талаптарына сәйкес келмеуін анықтаған кезде алушы анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы ұйымды жазбаша түрде хабардар етеді.
Ұйым хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде үлгілерді қоса беріп, алушыны анықталған кемшіліктердің жойылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Комиссияның қарауы үшін пысықталған үлгілер белгіленген мерзімде ұсынылмаса, ұйым ұсынған жоспарлы калькуляция ашып қаралмайды.
Алушы ағымдағы қаржы жылының 20 тамызына дейінгі мерзімде қаражат мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органда болғанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органға үлгілерді бекіту туралы акт жібереді.
21. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган және алушы ағымдағы қаржы жылының 25 шілдесі – 25 қыркүйегі аралығында қаражат алушыда болғанда орындаушыларды таңдау рәсімдерін жүргізеді.
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысына сәйкес (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
22. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган немесе қаражат алушыда болғанда алушы тізілімге енгізілген ұйымдар қатарынан орындаушыларды таңдауды конкурстық негізде жүргізеді.
22-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2024 жылғы № 348 Қаулысына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2025 жылғы № 881 Қаулысымен (13.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)
Заттай және арнаулы мүлік, жеке қорғану құралдары бойынша орындаушыларды таңдау үлгілерін заттай және арнаулы мүліктің, жеке қорғану құралдарының үлгілерін бекіту жөніндегі комиссия бекіткен тізілімге енгізілген ұйымдар арасынан жүзеге асырылады.