Toggle Dropdown
«Ұшуға жарамдылықта ұстау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 9 қазандағы № 763 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 қазанда № 19474 болып тіркелді
1. «Ұшуға жарамдылықта ұстау саласындағы мемлекеттін көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестицилар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 499 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11349 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) «Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) «Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5) «Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6) «Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
7) «Аса жеңіл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8) «Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
9) «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
10) «Азаматтық әуе кемесі үлгісінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
11) «Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы К. Ускенбаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрiнiң
2019 жылғы 9 қазандағы
№ 763 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 499 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы тапсырған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанына жібереді.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Азаматтық әуе кемесін тіркеу үшін алым төлемі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
Азаматтық әуе кемесін тіркеу үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
1) азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш;
2) азаматтық әуе кемелерін қайта тіркеу үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш;
Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда сондай-ақ электрондық үкімет төдем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
8. Порталдың жұмыс кестесі – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатындағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініш қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы өтінімінің электрондық көшiрмесi;
2) құрылтайшылық құжаттың (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың электрондық көшiрмесi (шетелдік жеке тұлғалар үшін);
жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда құжаттар электрондық көшірмесі нотариалды куәландырылған түрде ұсынылады;
3) сату-сатып алу шартының электрондық көшірмесі нотариалды куәландырылған түрде, немесе меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
4) жалдау, лизинг, мүлiктiк жалдау шартының электрондық көшiрмесi нотариалды куәландырылған түрде, әуе кемесiн пайдалану құқығын растайтын өзге де құжатты;
5) азаматтық әуе кемесiн қабылдау-тапсыру актiсінің электрондық көшiрмесi;
6) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемелерiнiң техникалық жай-күйiн тексеру актiсінің электрондық көшiрмесi;
7) азаматтық әуе кемесiн жасап шығарушымен берілген, оның ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестiгiн куәландыратын үлгі сертификаты немесе оның балама құжатының электрондық көшiрмесi.