2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
| Продукты: |
|
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынаны:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасың Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Б. Сұлтанов 2019 жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы «____» __________ № ____ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
|
Арнайы көлік құралының атауы* |
Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты |
Арнайы көлік құралдарын пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер |
Көлік құралдарының шекті саны |
|
Жедел |
Су ресурстарын инспекциялық және жедел басқаруды жүргізу үшін |
Cу ресурстары комитетiнің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары, соның ішінде: |
44 |
|
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы |
4 |
||
|
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы |
7 |
||
|
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы |
6 |
||
|
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы |
6 |
||
|
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра -Сарысу бассейндік инспекциясы |
5 |
||
|
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы |
5 |
||
|
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы |
6 |
||
|
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы |
5 |
Ескертпе: * арнайы көлік құралы - су ресурстарын инспекциялық және жедел басқаруды жүргізуге арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы.
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрық жобасына түсіндірме хат
|
№ |
Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік органның ақпараты |
|
1. |
Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті |
|
2. |
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме) |
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес |
|
3. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер |
Жоқ |
|
4. |
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме |
Қарастырылған |
|
5. |
Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер |
ҚР Қаржы министрлігі |
|
6. |
Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер |
Қарастырылмаған |
|
7. |
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер |
Қарастырылмаған |
|
8. |
Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде) |
Қарастырылмаған |
|
9. |
Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер |
Қарастырылмаған |
|
10. |
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер |
Қарастырылмаған |
|
11. |
Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер |
Қарастырылмаған |
|
12. |
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер |
Қарастырылмаған |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы орынбасары м.а. М. Иманалиев