• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 14.06.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 қазандағы № 187 Жарлығы

Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 14.06.2022 жылғы № 927 Жарлығына сәйкес 
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 379 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 309-құжат):
1) тармақшада «және сыртқы» деген сөздер алып тасталсын;
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын үйлестіреді;»;
4) тармақша алып тасталсын;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар беруге;»;
2) «Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде:
2-тармақта «Мемлекеттiк хатшысының өкiмдерi,» деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақта «және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тиісті орынбасарының жедел басшылығымен» деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев