• Мое избранное
"Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 18.05.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 776 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.05.2023 жылғы № 386 Қаулысына сәйкес 
 "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамына заңнамада белгіленген тәртіппен:
"Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі – Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіні сайлау;
көрсетілген құрамнан Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловты шығару ұсынылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  А. Мамин