• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 339-75) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидалары бекітілсін.
2. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы ________
№ _____ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 339-75) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу және үйлестіру тәртібін және Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін зерттеулерді іріктеу, сүйемелдеу және нәтижелерін мониторингілеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әріптестік туралы негіздемелік келісімдер (бұдан әрі – негіздемелік келісімдер) – Қазақстан Республикасының Үкіметі жасаған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдарының арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
3) бюджеттік инвестициялар – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауға бағытталған активтерді қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекет активтерін құруға және (немесе) дамытуға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
4) грант – халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмегі;
5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобалары – әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы есебінен іске асырылуы жоспарланған жобалар;
6) Қазақстанды дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасы – халықаралық қаржылық ұйымдарымен жобалардың индикативтік тізбесін қамтитын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі үйлесіру кеңесінің хаттамалық шешімімен мақұлданған негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберіндегі Қазақстан Республикасын дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасы;
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары (бұдан әрі - МЖӘ жобалары) – «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына және бюджет заңнамасына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипатқа ие, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру жөніндегі дәйекті іс-шаралар жиынтығы;  
8) ниет-хат – халықаралық қаржы ұйымдарының әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде келісілген шарттармен жобаны іске асыру үшін қарыздық, кредиттік және (немесе) гранттық қаржыландыруды ұсыну мүмкіндігі туралы хаты;  
9) Үйлестіру кеңесі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесі;
10) үшжақты келісімдер –республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жергілікті атқарушы органдармен және халықаралық қаржы ұйымдарымен жасасатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қарыздар беру есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру туралы келісімдері;
11) қарыз туралы келісім – орталық уәкілетті орган және / немесе жергілікті атқарушы орган және тараптардың қарыз беру туралы құқықтық қатынастарын белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы келісім;
12) грант туралы келісім – орталық уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасында техникалық көмекті қаржыландыруға арналған халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы техникалық ынтымақтастық шотын құру туралы келісім;
13) техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісім – орталық уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасында техникалық көмекті қаржыландыруға арналған халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы техникалық ынтымақтастық шотын құру туралы келісім;
14) халықаралық қаржы ұйымы (бұдан әрі - ХҚҰ) – Қазақстан Республикасының Үкіметіне сыртқы қарыз және (немесе) грант түрінде, заңды тұлғаларға қарыз және/немесе кредит, кредиттік желілер, грант, техникалық көмек түрінде қаржылық немесе техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы.  
2-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іріктеу тәртібі
3. Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде ХҚҰ-мен бірлесіп іске асырылуы жоспарланатын жобалар Қазақстанды дамыту жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасының индикативтік тізбесіне қосу үшін, іске асырудың орындылығын айқындау үшін Үйлестіру кеңесінің мақұлдауына шығарылуға тиіс.
4. Жобаны Үйлестіру кеңесінің қарауына шығару үшін:
ХҚҰ-дан ниет-хат;  
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы №84-ө өкіміне сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХҚҰ арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі салалық жұмыс тобының (бұдан әрі – Салалық жұмыс тобы) оң хаттамалық мақұлдауы;
уәкілетті органның бұйрығына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХҚҰ арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде жобаларды іріктеуді үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жобаларды іріктеуді үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы) оң хаттамалық шешімі негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган салалық жұмыс тобы мен жобаларды іріктеуді үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы мақұлдаған жобаларды Үйлестіру кеңесінің отырысына шығаруды қамтамасыз етеді.
6. ХҚҰ-мен бірлесіп іске асыру жоспарланған жобаны іріктеу кезінде:
1) жобаның Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру тұжырымдамасында, Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының ережелерінде және мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген бағыттарға сәйкес келуі;  
2) елдің анағұрлым маңызды, өзекті әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешу;
3) әлеуметтік-экономикалық әсер (жаңа жұмыс орындарын құру, жалпы ішкі өнімнің өсуіне әсер ету);
4) экономиканың орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу;
5) инфрақұрылымды дамыту;
6) тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезіндегі жергілікті қамту үлесі тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттардың жалпы тиісті құнының кемінде 65%;
7) ағымдағы нарықтық конъюнктура мөлшерінен аспайтын проценттік мөлшерлемелер мен комиссиялар мөлшерлері;  
8) проценттік мөлшерлеме мен қарыз валютасын айырбастау мүмкіндігі;  
9) негізінен ұлттық валютада қарыз алуды жүзеге асыру;
10) қарызды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі;  
11) қарыздың бір бөлігін жою мүмкіндігі;
12) қарызды ұзақ мерзімді кезеңге тарту мүмкіндігі;
13) қарыз алудың болжамды көлемін ескере отырып, белгіленген борыш индикаторларынан асып кету қаупін бағалау ескеріледі.  
7. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі негіздемелік келісімдерді іске асыру шеңберінде ХҚҰ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын, Үйлестіру кеңесінде мақұлданған жобаларды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық бюджет қаражаты есебiнен бірлесіп қаржыландыруды қамтамасыз етеді.  
8. Осы Қағидалар жобаларды мынадай тетіктер бойынша іріктеу және үйлестіру тәртібін айқындайды:
1) мемлекеттік сыртқы қарыз алу жағдайында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде көзделген тәртіппен ХҚҰ-мен қарыз туралы келісімдер жасасады;
2) грант тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 10-бөлімінде көзделген тәртіппен грант туралы келісім жасалады;
3) құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері жергілікті атқарушы органдар болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектілері қарыз тартқан жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен үшжақты келісімдер жасалады.
9. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобалары дайындалуға және сүйемелденуге тиіс, ол техникалық-экономикалық зерттеу әзірлеу, ХҚҰ айқындайтын тәртіппен жобаларды сүйемелдеу үшін қажетті тендерлік рәсімдер жүргізу, корпоративтік даму бағдарламасын дайындау және енгізу бойынша консультативтік көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды қамтиды.  
10. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындау және сүйемелдеу мүдделі мемлекеттік органдар қарайтын және бекітетін ХҚО-дан қаржыландырылуы мақұлданған өтінімдердің негізінде жүзеге асырылады. Қаржыландыруға өтінімдер беру ХҚҰ-дан ниет-хат алғаннан кейін жүзеге асырылады.
11. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын дайындауға және сүйемелдеуге өтінімдер беру жобаны Үйлестіру кеңесінің қарауына өтінім берумен бір мезгілде жүзеге асырылады.
ХҚҰ-ның қалауы бойынша квазимемлекеттік сектордың жобаларын дайындауды және сүйемелдеуді қаржыландыру ХҚҰ-ның қаражаты есебінен Үйлестіру кеңесі мақұлдағанға дейін жүргізіледі.
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің жобасын Үйлестіру кеңесі мақұлдаған жағдайда ХҚҰ-ның жобаларды дайындауға және сүйемелдеуге арналған шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХҚҰ техникалық ынтымақтастық шотынан жүргізіледі.
12.Жобаларды дайындау және сүйемелдеу ХҚҰ-ның белгіленген қаржыландыру көздерін пайдалану арқылы аяқталатын болады.
Үйлестіру кеңесі жобаны мақұлдаудан бас тартқан жағдайда квазимемлекеттік сектордың жобаларын дайындауға және сүйемелдеуге арналған шығыстарды ХҚҰ көтеретін болады.
13.Жобалар бойынша көрсетілетін қызметтердің негізділігін есептеу ХҚҰ-ның рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
14. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жобаны Үйлестіру кеңесі мақұлдағаннан кейін үшжақты келісімге қол қояды, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларыннда белгіленген тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алу жобалары бойынша қажетті құжаттаманы әзірлейді және бюджеттік өтінімді квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға нысаналы даму трансферттері түрінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларын бірлесіп қаржыландыруға, кейіннен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне жібереді.  
Бұл ретте, қаржылық-экономикалық негіздемеде көзделген бюджеттік инвестициялардың нәтижелеріне қол жеткізуді квазимемлекеттік сектор субъектілері үшжақты келісімде және квазимемлекеттік сектор субъектілері мен ХҚҰ арасындағы қарыз туралы шартта көрсетілген талаптарға сәйкес қамтамасыз етеді. ХҚҰ-ны сатып алу қағидаларына сәйкес ашық конкурстық сауда-саттық нәтижелері бойынша жасалған мердігерлік шарттар бойынша мердігерлердің шоттарын төлеу кезінде мердігер жасаған сметалық есеп қолданылады.  
15. Концессиялық жобаларды қоса алғанда, МЖӘ жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметі әріптестік туралы негіздемелік келісімдер жасасқан МҚҰ тарту арқылы дайындалуға тиіс.  
Бұл ретте концессиялық жобаларды қоса алғанда, МЖӘ жобаларын дайындау ХҚҰ рәсімдеріне сәйкес (оның ішінде олар тартқан консультанттар) жүзеге асырылады.
16. МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау бойынша көрсетілетін қызметтер конкурстық құжаттамаларды, МЖӘ шарттарының жобаларын немесе концессия шарттарының жобаларын не олардың жекелеген бөліктерін әзірлеуді, тиісті конкурстық өтінімде қамтылған, ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалауды, конкурстық өтінімдерді, сапа көрсеткіштерінің негізінде басқару келісімшарттарын әзірлеуді, коммерциялық жабу кезеңін (МЖӘ шартын немесе концессия шартын жасасу) және қаржылық жабу кезеңін (кредиттік шарттарды немесе ұқсас құжаттарды жасасу) қоса алғанда, конкурсқа қатысушымен келіссөздер жүргізу процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтиды.
17.МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау үшін ХҚҰ-ның ниет-хаты және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындысы негіз болып табылады.  
18.МЖӘ-нің республикалық жобаларын дайындау ХҚҰ-ның инфрақұрылымдық жобаларын дайындау бойынша ХҚҰ қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.  
19. ХҚҰ рәсімдеріне сәйкес, ХҚҰ-ның МЖӘ жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау бойынша шығыстары конкурстық құжаттамаға және МЖӘ немесе концессия шартының жобасына жеке әріптес (немесе концессионер) тарапынан төлем туралы ережені қосу арқылы жеке әріптес (немесе концессионер) тарапынан өтеуге жатқызылуы мүмкін.  
3-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды үйлестіру тәртібі
20. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган негіздемелік келісімдер шеңберіндегі жобаларды іске асыруды үйлестіруді жүзеге асырады, бұл ретте:  
негіздемелік келісімдер шеңберіндегі жобалар бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда Жұмыс тобында немесе Үйлестіру кеңесінің отырыстарында проблемалық мәселелердің қаралуын қамтамасыз етеді;  
жобаны іске асыру шеңберінде ХҚҰ өкілдерінің мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асырады.
21. Егер квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаларды iске асыру барысында іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді өзгертуге және (немесе) толықтыруға, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін төмендетуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға әкеліп соғатын бюджеттiк инвестициялардың белгiленген қаржы-экономикалық параметрлерiн өзгерту қажеттiгi туындаса, ХҚҰ-мен келісу бойынша Кодексте, сондай-ақ осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарында айқындалған тәртіппен бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзету жүргізіледі.
22.Бірінші кезең:
1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзету бойынша инвестициялық ұсынысты әзірлеуі және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мынадай құжаттар топтамасымен ұсынуы:
Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырма кесте қоса берілген, іс-шаралардың болжанатын өзгерістері және (немесе) толықтырулары, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесіне техникалық-технологиялық шешімдер, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстардың ұлғаюына әкеліп соғатын мән-жайлар мен себептер көрсетілген жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінім-хаты;
бұрын оң экономикалық қорытынды алынған бюджеттік инвестицияларды бекiту туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бұйрығының көшірмесі;
бұрын ұсынылған бюджеттік инвестицияларға берілген мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның экономикалық қорытындысының көшірмесі;
сараптамалар қорытындылары мен бюджеттік инвестициялардың бекітілген қаржы-экономикалық негіздемесінің көшірмелері;
мемлекеттік сатып алуларды жүргізудің нәтижесінде үнемделген соманы  
 (егер үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің іс-шараларын, оның ішінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуден бастап құрылыс қызметін болжайтын жобалар бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;
жобаны іске асыру басталғаннан бастап әрбір жыл үшін бюджеттен бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің іс-шараларын қаржыландыру бойынша ақпарат. Бұл ақпаратта әрбір жылдың жоспарлы және нақты мәндері туралы мәліметтер, игерілмеу болған жағдайда оның себептері көрсетіле отырып беріледі;
жобаның қымбаттауына әкеліп соғатын себептер (мердігерлердің жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсірудің қажеттігі туралы уақтылы ескерткенін растайтын хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып) туралы мәліметтер;
жобаның қымбаттауы олардың кінәсінан орын алған ұйымдар не жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ осындай ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
тиісті жергілікті атқарушы органның, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалардың құнын ұлғайтудың негізділігі мен анықтығын растайтын салалық қорытынды;
уәкілетті органның «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы тұрғысынан ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі актісі;  
егер жоба бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың жоқ екені туралы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ескіру мерзімі құжаттарды ұсынған күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын актісі;
бюджеттік инвестициялардың бекітілген қаржы-экономикалық негіздемесінде көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не қол жеткізбеу туралы, оның ішінде қол жеткізбеу себептерін көрсете отырып, бөлінген бюджет қаражатын толық игерген кездегі ақпарат;
құжаттарды ұсынған күнге дейін 1 (бір) айдан ерте емес түсірілген, объектінің нақты жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейнетүсірілім материалдары;  
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттар топтамасын қарауы және бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзету бойынша инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындауы;
3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның дайындалған экономикалық қорытындыны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін түзетудің орындылығын айқындау жөніндегі тиісті бюджет комиссиясының (бұдан әрі – тиісті бюджет комиссиясы) қарауына енгізуі;
4) тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі алынған кезде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларға сәйкес кейін экономикалық және салалық сараптамалар жүргізумен бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне тиісті түзетулерді, сондай-ақ егер жобада объектілер құрылысы болжанған жағдайда, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кешенді ведомстводан тыс сараптаманы енгізуі.  
23.Екінші кезең:
1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржы-экономикалық негіздемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік инвестицияларға экономикалық қорытынды дайындау үшін ұсынуы;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің тиісті орталық немесе жергілікті атқарушы органға мемлекеттік органның бірінші басшысы – жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің не оны алмастыратын адамның не квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі әрбір жоба бойынша жеке уәкілетті адамның, мемлекеттік органның бірінші  басшысы – жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қолы қойылған мынадай құжаттар топтамасын ұсынуы:
Бюджеттік инвестициялар жөніндегі қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырма кестені қоса бере отырып, іс-шаралардың болжанатын өзгерістері және (немесе) толықтырулары, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесіне техникалық-технологиялық шешімдер, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстардың ұлғаюына әкеліп соғатын мән-жайлар мен себептер көрсетілген өтінім-хат;  
бұрын оң экономикалық қорытынды алынған бюджеттік инвестицияларды бекiту туралы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бұйрығының көшірмесі;
бұрын ұсынылған бюджеттік инвестицияларға берілген мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органның экономикалық қорытындысының көшірмесі;
сараптамалар қорытындылары мен бюджеттік инвестициялардың бекітілген қаржы-экономикалық негіздемесінің көшірмелері;
бюджеттік инвестициялардың түзетiлген қаржы-экономикалық негіздемесі;
мемлекеттік сатып алуларды жүргізудің нәтижесінде үнемделген соманы (үнемдеу болған жағдайда) көрсете отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін, оның ішінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуден бастап құрылыс қызметін болжайтын жобалар бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат;
іске асыру басталғаннан бастап әрбір жыл үшін бюджеттен бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің іс-шараларын қаржыландыру бойынша ақпарат. Бұл ақпаратта әрбір жылдың жоспарлы және нақты мәндері туралы мәліметтер, игерілмеу болған жағдайда, оның себептері көрсетіле отырып беріледі;
қымбаттауға әкеліп соғатын себептер (мердігерлердің жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсірудің қажеттігі туралы уақтылы ескерткенін растайтын хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып) туралы мәліметтер;
қымбаттау олардың кінәсінан орын алған ұйымдар не жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ осындай ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның түзетілген қаржы-экономикалық негіздеме бойынша бюджеттік инвестицияларға экономикалық қорытындысы;  
тиісті жергілікті атқарушы органның, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобалардың құнын ұлғайтудың негізділігі мен анықтығын растайтын салалық қорытындысы;
бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінде көрсетілген іс-шараларды іске асыруды аяқтау үшін талап етілетін болжанатын қосымша бюджет шығыстарының негіздемесі;
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы тұрғысынан, сондай-ақ егер жоба бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтитын қаржыландыру басталған болса, бұзушылықтардың жоқ екені туралы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ескіру мерзімі құжаттарды ұсынған күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын актісі;
тиісті бюджет комиссиясының бюджеттік инвестициялардың  
қаржы-экономикалық негіздемесін түзетудің орындылығы туралы шешімінің көшірмесі;
бюджеттік инвестициялардың бекітілген қаржы-экономикалық негіздемесінде көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу не қол жеткізбеу туралы, оның ішінде қол жеткізбеу себептерін көрсете отырып, бөлінген бюджет қаражатын толық игерген кездегі ақпарат;
құжаттарды ұсынған күнге дейін 1 (бір) айдан ерте емес түсірілген объектінің нақты жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото немесе бейнетүсірілім материалдары;  
3) тиісті орталық немесе жергілікті атқарушы органның осы тармақтың  
2) тармақшасында көзделген құжаттар топтамасын қарауы және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға тиісті бюджет комиссиясына шығару үшін енгізуі;
4) тиісті бюджет комиссиясының бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржы-экономикалық негіздемесі бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы жөніндегі жобаны қаржыландырудың орындылығы туралы оң шешімін алған кезде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржы-экономикалық негіздемесін бекітуі.  
24. Егер бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін түзету қосымша қаражатты қажет етсе, онда бірлесіп қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған кезде, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тиісті орталық мемлекеттік органға осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген есептеулер мен құжаттар қоса берілген негіздеме ұсынады. Бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржылық-экономикалық негіздемесі бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алу жобасын қаржыландыру республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі алынған кезде жүзеге асырылады.  
25. Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін түзету кезінде, қажет болған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен және ХҚҰ-мен бірлесіп, республикалық және жергілікті бюджеттерден тартылған қарыз қаражатының және бірлесіп қаржыландырудың пропорциясын түзету бөлігінде үшжақты келісімге өзгерістер енгізеді.
26. 2015-2017 жылдары бекітілген жобаларды іске асыру үшін Ұлттық қордан нысаналы трансферт қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесін бөлуге және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 241, 2016 жылғы 28 маусымдағы № 374, 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 211 қаулыларымен бекітілген Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатын бөлу және пайдалану қағидаларға сәйкес түзету осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарына сәйкес қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.  
27. ХҚҰ толық немесе ішінара қаржыландыратын жобалар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзге қағидалар белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.  
Мемлекеттік сыртқы қарыз алу шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 5-параграфына сәйкес жүргізіледі.  
28. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тиісті орталық мемлекеттік органға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін негіздемелік келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалардың іске асырылу барысы туралы есеп ұсынады.  
Есепке жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы немесе бірінші басшысының орынбасары қол қояды және ол мынадай ақпаратты қамтиды:
1) бекітілген жоспарға/кестеге немесе институционалдық жобаның ТЭН / қаржылық-экономикалық құжаттамасына (бұдан әрі - ҚЭҚ) сәйкес негіздемелік келісімдер (нәтижелерге қол жеткізу кезеңдері) шеңберінде іске асырылатын жобалардың нақты орындалуы туралы;
2) нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда, оларға қол жеткізілмеу себептері туралы;
3) жобаны іске асырудан түсетін әлеуметтік-экономикалық пайдалар туралы есеп.
29. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін негіздемелік келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобаларды іске асыру барысы туралы жиынтық есепті ұсынады.
Есепке орталық мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе бірінші басшысының орынбасары қол қояды және ол мынадай ақпаратты қамтиды:
1) бекітілген жоспарға / кестеге немесе ТЭН/ ҚЭҚ сәйкес негіздемелік келісімдер (нәтижелерге қол жеткізу кезеңдері) шеңберінде іске асырылатын жобалардың нақты орындалуы туралы;
2) нәтижелерге қол жеткізілмеген жағдайда, оларға қол жеткізілмеу себептері туралы;
3) жобаны іске асырудан түсетін әлеуметтік-экономикалық пайдалар туралы есеп.
30. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қағидалардың 26-тармағына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған жиынтық есепті қабылдайды және қажет болған жағдайда оны Үйлестіру кеңесінің қарауына шығарады.