Toggle Dropdown
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. «Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17948 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 201_жылғы ___ ________ № ___ бұйрығымен бекітілген
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) веб-порталда тіркеу – әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы конкурсқа қатысуға жіберу;
2) веб-порталдың қатысушысы – тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, конкурстың бірыңғай ұйымдастырушысы, бақылаушы, веб-порталда тіркеуден өткен әлеуетті өнім беруші;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – сатып алудың электронды қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын ақпараттық жүйе;
4) конкурстың ұйымдастырушысы, бірыңғай ұйымдастырушысы – тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасы не құрылымдық бөлімшесі немесе осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты болып айқындалған заңды тұлға;
5) шарт – тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында қызметтерді көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
6) электронды құжат – электронды-цифрлық нысанда ұсынылған және электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжат;
7) құжаттың электронды көшірмесі – өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттігі бар тұлғаның не халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызметті алушының жеке өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде электрондық-цифрлық нысанда түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) толық жаңғыртатын құжат;
8) электронды цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
9) жеке кабинет – электрондық сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру, сатып алуға қатысу, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған автоматты хабарламалар мен ақпаратты алу үшін веб-порталдағы пайдаланушының автоматтандырылған жұмыс орны;
10) жалған ақпарат – әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға берілген өтінімінде қамтылған, сол сияқты әлеуетті өнім берушінің нақты мазмұнын бұрмалайтын және ұсынылған өтінімінің шындыққа сәйкес келмейтін түзетулер арқылы енгізілген жалған мәліметтер;
11) Қазақстан Республикасының резиденттері – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына осы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе одан тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкілдіктері;
Қазақстан республикасының одан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;
12) сатып алудың сәйкестендіру коды – сатып алудың барлық кезеңдері туралы ақпарат қамтылған әрбір сатып алуға (лотқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі;
13) нұсқама – орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібінің анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілік шараларын қолдану үшін бақылау объектілеріне жіберілетін уәкілетті органның орындауға міндетті актісі;
14) әлеуетті өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда);
15) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру – білім алушыларға, олардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде тамақтандыруды ұсыну бойынша қызмет көрсету немесе тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу үшін қажетті жағдай жасау;
16) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;
17) конкурсқа қатысуға өтінім – конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған, қызметтер көрсету немесе тауарларды жеткізу үшін материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын, әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттар;
18) конкурстық комиссия – конкурс өткізу үшін конкурсты ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
19) конкурстық құжаттама – әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінім дайындау үшін және конкурс өткізу шарттары мен тәртібі қамтылған конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын құжаттар;
20) конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті өнім берушімен көрсетілетін қызметтерді көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасу мақсатында конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені;
21) Тапсырыс беруші – орта білім беру ұйымы, мектепке дейінгі білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы немесе орта білім беру ұйымы, мектепке дейінгі білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті дербес жүргізбеген жағдайда білім беруді басқару органы;
Конкурсты ұйымдастырушы – орта білім беру ұйымы, мектепке дейінгі білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы немесе орта білім беру ұйымы, мектепке дейінгі білім беру ұйымы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда білім беруді басқару органы немесе орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы жүзеге асырылған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы;
Конкурсты бірыңғай ұйымдастырушы – білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты қызметтерді, тауарларды жеткізушілерді таңдау жөніндегі орталықтандырылған конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыру үшін облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған мемлекеттік орган;
22) көрсетілетін қызметті берушіні таңдау өлшемшарттары – әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;
23) қаржы жылы – ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;
24) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес және жекешелік әріптес арасындағы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
25) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптары айқындалатын жазбаша келiсiм;
26) отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау –
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;