• Мое избранное
«Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. «Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18334 болып тіркелген, Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының 
цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы __________
№ ______ бұйрығымен бекітілген
Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі


Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қысқаша атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

 

1

2

3

 

11.

 

Қазақстан Республикасының  халқын  тұрғылықты жері бойынша тіркеу

Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

 

Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару

 

22.

 

Бала туу

Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

 

Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау/*Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу

 

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою

 

Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу

 

33.

 

Ақпарат алу

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру

 

Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру

 

44.

 

 

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу және қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу

 

Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау

 

 

 

 

55.

 

 

 

 

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру және тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

 

Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру

 

66.

 

I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

I санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру

 

I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

 

77.

 

II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру

 

II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

 

8.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу

 

Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі

 

9.

Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау және патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру

Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау

 

Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру

 

10.

Әуе кемелерін тіркеу және сертификаттау

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәліктер беру

 

Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру

 

Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру

 

11.

Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерiн тіркеу және сертификаттау

Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру

 

Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру

 

12.

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу

 

Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру

 

13.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау

 

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру

 

14.

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру

Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу

 

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру

 

15.

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру және жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру

 

Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру

 
     
* Ескерту: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер атауы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес көрсетілген. Бұл ретте бір өтініштің негізінде электрондық нысанда бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау мемлекеттік қызметі көрсетіледі.