Toggle Dropdown
«Ұлттық режимнен алып тастауды бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Ұлттық режимнен алып тастауды бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес, сондай-ақ елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау және отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларды (бұдан әрі – тауарлар) ұлттық режимнен алып қою белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Индустриялық сертификаты бар заңды тұлғасы өндірген тауарларды мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат берілсін.
3. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде тауарларды жеткізу кезінде өнім берушінің «CT-KZ» нысанындағы тауардың өткені туралы сертификатты ұсынуы міндетті шарты болып табылады.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы «___»__________
№_____ қаулысына қосымша
Шет мемлекеттерден шығарылатын ұлттық режимнен алып тастауға жататын тауарлардың тізбесі
|
№ р/с
|
Атауы
|
ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды
|
|
1
|
Аппараттың бос жарағының массасы 2 000 кг асатын ұшу аппараттары (тікұшақтар).
|
8802 12 000
|
Қаулы жобасын қабылдау қажеттілігін негіздеу үшін ұсынылатын көрсеткіштер мен мәліметтердің тізбесі
1. Тауарды тұтыну көлемі:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар үшін 17 Ми-8АМТ/Ми-171Е типті тікұшақтар және олардың модификациялары, оның ішінде 2021 жылға дейін 8 тікұшақ. Алдыңғы үш жылдық кезеңде Қазақстан Республикасында жалпы азаматтық мақсаттағы бірінші сыныпты тікұшақтарды сатып алу және жеткізу туралы мәліметтер жоқ.
2. Тауарды әкелу және әкету көлемі:
Қазақстан аумағында тікұшақтарды кейіннен құрастыру және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының мұқтаждықтары үшін өткізу үшін Ресей Федерациясынан 17 тікұшақ жиынтықтарының импорты көзделген, оның ішінде 2021 жылға дейін 8 тікұшақ-жиынтықтары.
3. Тауарды мемлекеттік сатып алу көлемі:
Ми-8АМТ/Ми-171Е типті 17 тікұшақ және олардың модификациялары жалпы шамамен 180 млрд.теңгеге, оның ішінде 70,7 млрд. теңге сомасына 2021 жылға дейін 8 тікұшақ.
4. Тауар өндірісінің көлемі:
Ми-8АМТ/Ми-171Е типті 17 тікұшақ және олардың модификациялары жалпы шамамен 180 млрд.теңгеге, оның ішінде 70,7 млрд. теңгеге 2021 жылға дейін 8 тікұшақ.
5. Тауар өндірушілердің өндірістік қуаттарын жүктеу:
– Ресей Федерациясында-Ми-8АМТ/Ми-171Е типті 17 тікұшақ жиынтықтарын және олардың модификацияларын жасау;
– Қазақстан Республикасында-Ми-8АМТ/Ми-171Е типті 17 тікұшақты және олардың модификацияларын құрастыру.
6. Тауар өндірісінің рентабельділігі:
– 3,26 % - қазақстандық жинақтау кәсіпорны.
7. Тауар бірлігін өндіруге арналған шығындар:
Ми-8АМТ/171Е типті 1 тікұшаққа 7,09 млрд.теңге.
8. Тауар өндірушілер бағаларының орташа деңгейі:
8,26 млрд. теңге-Ми-8АМТ/Ми-171Е типті 1 тікұшақтың орташа құны.
– «№ 405 Авиажөндеу зауыты» АҚ өз қаражатынан 512 млн.теңге сомасына құрастыру өндірісін дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын қабылдады, оның ішінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша 23,8 млн. теңге игерілді.
10. Ұлттық режимнен алып тастауға рұқсат берілуі мен оның қажеттілігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) ерекше сипаттамалары:
Тікұшақтарды құрастыру өндірісінің ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық процесі орындаушының жоғары біліктілігін, ресурстарды, қаражат пен тиісті құзыреттерді дамыту үшін уақытша шығындарды талап етеді. Осының салдарынан, отандық құрастыру өндірісінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып, кемінде 2 жылға жиналатын өнімнің ішкі нарықта тұрақты өткізілуін қамтамасыз ету қажет. ЕАЭО СЭҚ ТН 8802 12 000 коды бойынша тікұшақтарды ұлттық режимнен алып тастау өнімнің сатып алу процесін сапалы реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шарасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге
«Ұлттық режимнен алып тастауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1. Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
2. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі
Ішкі нарықты қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық тауар өндірушілерді қолдау. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Қазақстан Республикасы Заңының 14 - бабына сәйкес. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 93-6.6 ПАБ мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша тапсырмасы (1.9-т). Премьер-Министр А.Ұ. Маминнің 2019-2020 жылдары қазақстандық өндірістің тікұшақтарын сатып алу мүмкіндігін қарастыруға қатысты 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 17-3/07-732 тапсырмасы. Премьер-Министр А.Ұ. Маминнің 2019 жылғы 2 мамырдағы 2019-2021 жылдары қазақстандық өндірістің қажетті тікұшақтарын сатып алу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуге қатысты № 17-12/И-173 тапсырмасы.
3. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдарлар:
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Қаулы жобасы мемлекеттік сатып алуға қатысуына аппараттың бос жарағының массасы 2 000 кг асатын ұшу аппараттарын (тікұшақтарды) рұқсат етуге 2 жыл мерзімге шектеуді көздейді.
5. Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі
Қаулы жобасы ішкі нарықты қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық тауар өндірушілерді қолдау және өңдеуші саладағы кәсіпорындар өндірісінің көлемін ұлғайту мақсатында қабылданады. Қаулы жобасы аппараттың бос жарағының массасы 2000 кг асатын ұшу аппараттарының (тікұшақтардың) отандық өндірісін дамытуға ынталандырады.
Күтілетін нәтижелер - 2026 жылға қарай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және азаматтық авиациясы субъектілерін отандық құрастырылған Ми-8АМТ/Ми-171Е қазіргі заманғы тікұшақтармен жасақтау, оның ішінде «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамын дамыту бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ете отырып қанағаттандыру.
6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және (немесе) Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы
8. Ұсынылған Халықаралық шарттың кешінің ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі
10. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, (сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)
Жоба Министрліктің сайтында 2019 жылы «___» _____орналастырған.
Жоба 2019 жылғы «___» _____ «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ____ Кб орналастырылған.
11. Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады
12. Қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
13. Үкімет актісінің қолданысқа енуіне байланысты және кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайту және (немесе) ұлғайтуды растайтын есептеулердің нәтижелері
14. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сараптамалық қорытындысымен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен келіспеу себептерінің негіздемесі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі Б. Атамқұлов
2019 жылғы «____» ____________
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі
|
№ р/с
|
Негіздемеде көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
|
1.
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
|
|
2.
|
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі
|
Қаулы жобасын қабылдау қорғаныс өнеркәсібін дамыту, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты.
Қазақстан Республикасының аумағында Ми-8АМТ/Ми-171Е типті тікұшақтарды құрастыру өндірісін және олардың модификацияларын дамыту мемлекеттік органдарды қажетті тікұшақ техникасымен жарақтандыруға мүмкіндік береді.
«№405 Авиажөндеу зауыты» АҚ (бұдан әрі – «405 АЖЗ» АҚ) құрастыру кәсіпорны ретінде және «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ Ми-8АМТ/Ми-171Е типті тікұшақтарды жеткізуші ретінде таңдау жоғары сапалы өнім шығару үшін жеткілікті өндірістік, технологиялық және кадрлық ресурстардың болуына, сондай-ақ кәсіпорынның үлкен әлеуетіне байланысты.
Кәсіпорын 1939 жылдан бастап авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді, күрделі жөндеуді және жаңғыртуды жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта «405 АЖЗ» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында Ми-8АМТ/Ми-171Е типті тікұшақтарды құрастыруды жүзеге асыратын жалғыз кәсіпорын болып табылады.
«405АЖЗ» АҚ өндірістік қуаты жылына 12 тікұшақты шығаруға қабілетті.
Жағдайдың ерекшелігі қорғанысты, қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті және жетуі қиын өңірлерде шұғыл медициналық көмекті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Алу
Ми-8АМТ/Ми-171Е типті тікұшақтар өндірісін қолдау және дамыту және қолда бар өндірістік қуаттардың жүктемесін қамтамасыз ету қажеттілігі мақсатында енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын орындау және ішкі нарықты қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан тарапы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы Келісімнің 4-бабында және «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 434-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағында көзделген ұлттық режимнен 2 жылға дейінгі мерзімге алып тастауды бекіту құқығын пайдаланды.
|
|
3.
|
Жағдай ерекшеліктерінің негіздемесі
|
1. Қазан тікұшақ зауыты өнімін өндіруді қоса алғанда, Қазақстан Республикасында Ресей әскери-өнеркәсіптік кешенінің жекелеген өндірістерін ашу мәселелерін пысықтауға қатысты Ресей Федерациясы Президентінің 2015 жылғы 15 қазандағы №93-6.6 ПАБ (1.9-т.) Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы;
2. Премьер-Министр А.Ұ. Маминнің 2019-2020 жылдары қазақстандық өндірістің тікұшақтарын сатып алу мүмкіндігін қарауға қатысты 2019 жылғы. 8 сәуірдегі 17-3/07-732 тапсырмасы;
3. Премьер-Министр А.Ұ. Маминнің 2019-2021 жылдары қазақстандық өндірістің қажетті тікұшақтарын сатып алу бойынша тиісті жұмысты жүргізуге қатысты 2019 жылғы 2 мамырдағы 17-12/И-173 тапсырмасы.
|
|
4.
|
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру аяқталғанға дейін Әлеуетті өнім берушілер туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау қажеттілігіне байланысты Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктерін белгілеу қажеттігінің негіздемесі (егер қабылданатын акт осындай ерекшеліктерді белгілейтін болса)
|
Жоқ
|
|
5.
|
Шартты тікелей жасау арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу қажеттілігінің негіздемесі (егер қабылданатын акт жалғыз өнім берушіні анықтаса))
|
Қазақстан Республикасының аумағында Ми-8АМТ/Ми-171Е тікұшақтарын шығара алатын жалғыз кәсіпорын «405 АЖЗ» АҚ болып табылады. Отандық кәсіпорындар ұқсас өнімді шығаратын кәсіпорындармен бірдей шарттарға қойылады, бұл бағаның ықтимал демпингіне байланысты белгілі бір тәуекелдерді тудырады. Осылайша, елдің қорғаныс қабілетін және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық тауар өндірушілерді қолдау және қорғаныс өнеркәсібін дамыту мақсатында осы шаралар қажет.
|
|
7.
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімдері және болжамды тиімділігі
|
2026 жылға қарай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және азаматтық авиациясы субъектілерін отандық құрастырылған 17 қазіргі заманғы Ми-8АМТ/Ми-171Е тікұшақтарымен жасақтау, оның ішінде «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамын дамыту бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ете отырып қанағаттандыру.
|
|
8.
|
Егер қаулының осындай жобасына қатысты реттеушілік әсерді талдау рәсімі көзделсе, реттеуші мемлекеттік органдардың реттеушілік әсерді талдау рәсімдерін сақтауы туралы уәкілетті органның қорытындысын қоса алғанда, ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу қажеттілігінің негіздемесі болып табылатын өзге де құжаттар (материалдар) мен мәліметтер
|
1) «Ұлттық режимнен алып тастауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына анықтамалық ақпарат (4 парақта).
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 22 тамыздағы Шығыс № ДБПСО-2-4340//17-12/1695,1-18369 хаты (4 парақта).
3) 2019 жылғы 16 қаңтардағы № RH-398-18-0787-09-02 Жалпы Шарттарға келісім шарттың көшірмесі (68 парақта).
|
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі Б . Атамқұлов
2019 жылғы «___» ___________