Toggle Dropdown
«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
1. «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптар»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жануарларға, жануарлардың жыныс және соматикалық жасушаларына қойылатын талаптар «Кеден одағындағы ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен (бұдан әрі – Бірыңғай ветеринариялық талаптар) белгіленді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа қойылатын талаптар Заңның 8-бабының 22) тармақшасына сәйкес бекітілетін ветеринария саласындағы техникалық регламенттермен, Евразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен бекітілген «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен, Евразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен бекітілген «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен және Бірыңғай ветеринариялық талаптармен белгіленеді.»;
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жолда болған кезде немесе түсіру кезінде Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (Халықаралық эпизоотиялық бюро) (бұдан әрі – ХЭБ) тізіміне енгізілген аса қауіпті ауруларға шалдыққаны анықталған немесе күдік тудырған немесе аурулардан өлген жануарлар арасында болған жануарларды;»;
18-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеріп қарау үшiн кедергiсiз беруді;»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Ветеринариялық есеп пен есептілік Заңның 8-бабының 44) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен ветеринариялық есепке алу мен есептілік нысандарына және Заңның 8-бабының 45) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларына сәйкес жүргізіледі және ұсынылады.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Ішкі сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық инспекторларға, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарттық негізде ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Аурулардың профилактикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі»;
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Ауески ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі»;
46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Жануарларда Ауески ауруына күдік тудыратын белгілер байқалған кезде жануарлардың иелері мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерге немесе ветеринария саласындағы маманға дереу хабарлайды және ол келгенге дейін мынадай шараларды қабылдайды:
1) ауырған жануарларды оқшаулайды, еметін торайлар ауырғанда саламатсыз ошақтың аналығымен қоса барлық ұяластарды, ал аналықтан бөлінген торайлар ауырғанда барлық топты оқшаулайды;
2) ауру жануарлар немесе олардың өлекселері болған станоктарды, үйшіктерді және тасымалдайтын жәшіктерді механикалық тазартуды және дезинфекциялауды, сондай-ақ күту заттарын Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде дезинфекциялық құралдармен дезинфекциялау жүргізеді;
3) тіркелген саламатсыз шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумағына және қора-жайларына бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді, осы шаруашылық жүргізуші субъектімен (шошқа қора, мал ауласы, қой қора, питомник) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілермен байланысын тоқтату;
4) жануарлар өлген жағдайда өлекселерді станоктар мен торлардан жару бөлмесіне апарып тастайды немесе оларды ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор келгенге дейін суық жерде жабық жәшікте сақтайды.
47. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер немесе ветеринария саласындағы маман жануарлардың ауруы туралы хабарды алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүргізеді:
1) диагнозын анықтау үшін ветеринариялық зертханаға жануардың өлексесін немесе патологиялық материалды жібереді;
2) аурудың шығуының ықтимал себептерін, аурудың көзін және таралу жолдарын анықтайды, шаруашылық жүргізуші субъектінің эпизоотиялық жай-күйін нақтылайды және осы Қағидаларға сәйкес аурудың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады.»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Везикулярлық стоматит ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Жануарлар төлдерінің колибактериозы ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Пастереллез ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі»;
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Салмонеллез ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі»;
9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-тарау. Трихофития (дерматомикоз, бұзау таз) ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі»;
10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-тарау. Риккетсиоздар ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі»;
11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-тарау. Жануарлар мен құстардың туберкулезі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі»;
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: