Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларда (бұдан әрі – Қағидалар):
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Пестицидтердің тіркеу (ұсақ бөлінетін және өндірістік) сынақтарын жүргізу және пестицидтерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Пестицидтердің тіркеу (ұсақ бөлінетін және өндірістік) сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін».
Пестицидтердің тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидасы, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 15-1/565 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11874 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы ___________ Аты-жөні ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
№ 4-4/614 бұйрығымен бекітілген
Пестицидтердiң тiркеу (ұсақ бөлінетін және өндірістік) сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары
1. Осы Пестицидтердің тiркеу (ұсақ бөлінетін және өндірістік) жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі (бұдан әрі – Заң) және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңындарына сәйкес әзірленді және пестицидтердiң (ұсақ бөлінетін және өндірістік) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айырмашылық (саудалық) атауы – аталған пестицид тiркелетiн, заттаңбаланатын, жарнамаланатын және өнімді басқа пестицидтерден айрықша ету мақсатында оны тiркелушi (өтінім беруші) ғана пайдалана алатын атау;
2) әрекет етушi зат – әртүрлі препараттық нысандар түрінде пайдалану зиянды организмге, аса қауіпті зиянды организмге, карантиндік объектіге, бөтентекті түрге немесе өсімдіктердің өсуі мен дамуына уытты әрекет етуге әкелетін пестицидтiң биологиялық белсенді бөлiгi;
3) жалпы қабылданған атау – пестицидтiң әрекет етушi затына стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым берген немесе техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган туыстық (топтық) немесе жекелiк (тек белгiлi бiр әрекет етушi затқа) атау ретiнде қолдануға қабылдаған атау;
4) қайта тiркеу – пестицидке берілетін тіркеу куәлiгінiң қолданылу мерзiмi өткен соң қосымша сынақтар жүргiзбестен пестицидті қайтадан мемлекеттік тiркеу;
5) қатер – нақты қолдану жағдайындағы пестицидтiң ықтимал қауiптiлiк дәрежесi;
6) құрамдастырылған пестицид – құрамында екi және одан да көп әрекет етушi зат бар препарат;
7) орындаушы ұйым – пестицидтердің биологиялық, шаруашылық тиiмдiлiктерiн бағалауды жүзеге асыратын, бұл үшін қажетті ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, тиісті бейіндегі және білікті мамандары, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына сәйкес аккредитациясы бар ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдар, сондай-ақ оларды қолданудың қауiпсiздiгiн бағалауды, пестицидтерді талдау әдістерін әзірлеуді, бейімдеуді және байқаудан өткізуді, олардың қалдық мөлшерлерін зерттеуді жүзеге асыратын, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредитациясы бар ұйымдардың зертханалары;
8) өсiп-өну кезеңi (өсiп-өну маусымы) – нақты ауыл шаруашылығы дақылын еккеннен бастап оның пiсуіне дейiнгi кезең;
9) пестицидке қысқаша досье – пестицидтің биологиялық, физикалық-химиялық және уытты қасиеттері туралы мәліметтер;
10) пестицидтерді қолдану регламентi – пестицидтің шығыс нормасы, дақыл, өңделетін объекті, зиянды организм, өңдеу тәсiлi, уақыты, шектеу, жұмыс сұйығының шығысы, соңғы өңдеу мерзімі, пестицидттермен өңдеудің ең көп өңдеу еселiгi туралы ақпараттарды қамтитын пестицидтердi қолдану шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар;
11) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары – ұсақмөлдекті тәжірибелерде және өндірістік жағдайларда жүзеге асырылатын, пестицидтерді биологиялық, шаруашылық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалауды қамтитын, пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес пестицидтерді пайдалану тиімділігі мен қауіпсіздігін растау рәсімі;
12) пестицидтерді токсикологиялық бағалау – сыналып жатқан пестицидтерді қауіпсіздік көрсеткіштері (өнімдегі, қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшері және олардың бекітілген нормативтерге сәйкестігі) бойынша бағалау;
13) пестицидтердiң қалдық мөлшері – оның көмегiмен адам мен жануарлар үшін пестицидттiң қауiпсіздігі бағаланатын өсiмдiк шаруашылығы өнiмі мен қоршаған орта объектілеріндегі олардың құрамының сандық көрсеткіші;
14) пестицидтер тiзiмiне толықтырулар – жыл сайын қосымша тіркелетін және Қазақстан Республикасы аумағында өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат етiлген пестицидтердiң тізіміне енгізілетін пестицидтер тiзбесі;