Bestprofi Logo

Қаулы № 828 от 2019-11-01г./Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

«Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025 г.

Документ на казахском языке

«Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 828 Қаулысы

Осы Қаулы 2025 жылғы 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.06.2025 жылғы № 430 Қаулысына сәйкес 

«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 569-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше маңызы бар концессиялық жобалардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

P/ c

Атауы

1

2

  1. Жақсартылуы мен пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері

  1. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер

1.

«Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы (ҮАААЖ)» автокөлік жолын салу және оны пайдалануға беру

2.

Түркістан облысының 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатты автомобиль жолдарын салу және оны пайдалануға беру

3.

Алматы қаласында 300 төсектік көпбейінді университеттік аурухананы салу және оны пайдалануға беру

4.

Қарағанды қаласында 300 төсектік көпбейінді университеттік аурухананы салу және оны пайдалануға беру

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание