ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 195 Жарлығы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 195 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. "Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамында:
мына жолдар:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі",
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі"
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі",
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі";
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Сауда жəне интеграция министрі",
"Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі".
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (26.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №32, 421-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына енгізілсін:
Мәжитов |
- |
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша); |
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан А.Ю.Тараков шығарылсын.
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Көшербаев |
- |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға; |
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан М.М. Тәжин шығарылсын.
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссия туралы ереженің 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Комиссияның қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүзеге асырады.
Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі адам құқықтары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері құзырында болатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарына ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетеді.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамына енгізілсін:
Ахметжанов |
- |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары, |
Нұрымбетов |
- |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Жаркенова |
- |
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің еңбек, азаматтық және экологиялық құқық кафедрасының профессоры (келісім бойынша), |
Райымқұлова |
- |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, |
Таймерденов |
- |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Азаматтық істер жөніндегі Сот алқасының төрағасы, |
Тілеуберді |
- |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, |
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы |
- |
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша); |
мына жолдар:
"Әбішев |
- |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі – Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшылығының меңгерушісі, Комисссия хатшысы", |
"Лукин |
- |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары", |
"Әйтімова |
- |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік даму және ғылым комитетінің төрайымы (келісім бойынша)" |
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Әбішев |
- |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы", |
"Лукин |
- |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)", |
"Әйтімова |
- |
қоғам қайраткері (келісім бойынша)"; |
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан: Е.Н. Әбдіқадыров, Б.Ж. Әбдірайым, Б.Б. Атамқұлов, Г.В.Ким, Б.М.Сапарбаев, Н.Ж. Шаханова шығарылсын.
7. "Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 1074 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 17, 169-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу ережесiнің 4 және 5-тармақтары алып тасталсын.
8. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:
мына:
"Әбдіқалықова |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрайым", |
"Сулеймен |
- |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, төраға орынбасары (келісім бойынша)", |
"Азимова |
- |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары", |
"Ықсанова |
- |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы (келісім бойынша)", |
"Тұтқышев |
- |
"Ұлттық нейрохирургия орталығы" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)" |
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Әбдіқалықова |
- |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, төраға (келісім бойынша)", |
"Сулеймен |
- |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, төраға орынбасары (келісім бойынша)", |
"Азимова |
- |
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)", |
"Ықсанова Гүлнар Мұстахимқызы |
- |
қоғамдық қайраткер (келісім бойынша)", |
"Тұтқышев |
- |
"Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)". |
9. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 254-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына енгізілсін:
Жиенбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға орынбасары; |
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Ә.Ғ. Рақышева шығарылсын.
10. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жолдан кейін:
"Қазақстан Республикасының Сауда жəне интеграция министрі" деген жолмен толықтырылсын.
11. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 421-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Волков |
- |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша); |
мына:
"Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы кіреді." жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы кіреді.".
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Г.В. Ким шығарылсын.
12. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (26.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 332-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамында:
"Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Nur Otan" партиясы "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы (келісім бойынша)".
14. ҚБП.
15. "Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Мемлекеттік рәміздер және ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Сауда жəне интеграция министрі";
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Н.Жүсіп шығарылсын.
16. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 477-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің құрамында:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі".
17. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік етуші" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары".
18. "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 563-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) Қазақстан Республикасының Сауда жəне интеграция министрі;";
"15) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, комиссия төрағасы;"
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
"16-1) Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі;".
19. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 659 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 59, 807-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі,
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы".
20."Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 823 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 293-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес туралы ережеде:
"4. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.";
"9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары төрағаның орынбасары болып табылады.
10. Кеңестің хатшысы Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі болып табылады.";
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңестің құрамында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі, хатшы";
мына жолдар:
"Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, хатшы",
"Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі"
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Энергетика министрі",
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары";
"Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі төралқасының төрайымы (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы".
21. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары".
22. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
22-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 26.04.2023 жылғы № 202 Жарлығына сәйкес (03.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)
23. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 462 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 жыл, № 13, 87-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына енгізілсін:
Көшербаев |
- |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға, |
Тілеуберді |
- |
Сыртқы істер министрі, |
Қасымбек |
- |
Қарағанды облысының әкімі, |
Жоламанов |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры; |
мына жолдар:
"Балаева |
- |
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі, хатшы", |
"Нығыметов |
- |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі" |
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Балаева |
- |
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі", |
"Нығыметов |
- |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, хатшы"; |
жоғарыда аталған комиссия құрамынан шығарылсын: Б.Б. Атамқұлов, Е.Ж.Қошанов, М.Н.Манкеев, Ж.М. Махашов, М.М.Тәжин.
24. "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 64-65, 382-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның құрамында:
мына жолдар:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары,
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі, Комиссия хатшысы,
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары,
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, Комиссия хатшысы,
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының өңірлік саясат саласындағы жұмысты үйлестіруші орынбасары".
25. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:
мына жолдар:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төраға орынбасары",
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы",
"Әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі"
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі, төраға орынбасары",
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі вице-министрі, хатшы",
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы";
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Сауда жəне интеграция министрі";
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
"4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады."
26. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкімінде:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына:
Сапарбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, |
Тілеуберді |
- |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, |
Исатаев |
- |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы; |
мына:
"Сүлейменов |
- |
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі", |
"Атамқұлов |
- |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі", |
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Сүлейменов |
- |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары", |
"Атамқұлов |
- |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі"; |
жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан: Г.Н.Әбдіқалықова, Б.Д.Батыршаев, Р.В. Скляр шығарылсын.
27. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің құрамына енгізілсін:
Жиенбаев |
- |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Кеңес төрағасы; |
жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан Ә.Ғ. Рақышева шығарылсын.
28. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
28-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 03.04.2021 жылғы № 544 Жарлығымен (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
29. "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 66-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамында:
"Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Сауда жəне интеграция министрі",
"Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі";
мына жол:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі" мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі";
"Ұлттық талдау орталығы" акционерлік коғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жол алып тасталсын.
30. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкімде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 263-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары".
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 195 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Комиссия төрағасы |
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Комиссия төрағасының орынбасары |
Комиссия мүшелері: |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары |
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасы |
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша) |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |