Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Төрағасының м.а. 2019 жылғы 15 тамыздағы № 1-ОД бұйрығы
Редакция 15.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мәселелері» туралы 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 189 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсеклестікті қорғау және дамыту комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ережесі осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің аумақтық бөлімшелері осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының міндетін атқарушы Р. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
комитетінің төрағасы
міндетін атқарушының бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті туралы ережесі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау және реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға Департаменттің құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Петров көшесі, 5 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу:
1) адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу;
3) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру.