«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 25-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

«Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 5 қарашадағы № ҚР ДСМ-142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 қарашада № 19557 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-210/2020 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 25-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16685 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әкімшінің тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат шегінде және (немесе) Қордың активтер есебінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарының негізінде трансферттер есебінен жүзеге асырады, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған сомалардың шегінде, алдыңғы қаржы жылына ТМККК көрсетуге шарттар жасасқан қызметтер берушілермен ағымдағы қаржы жылының бюджет қаражаты есебінен алдыңғы қаржы жылының соңғы айында көрсетілген медициналық қызметтер үшін ТМККК көрсетуге жасалған шарттардың негізінде жүзеге асырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу көрсетілген қызметтер актісінің негізінде тарифтер бойынша жүзеге асырылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Есепті желтоқсан кезеңі үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде ұстап қалатын желтоқсандағы көрсетілетін қызметтерге арналған авансты қоспағанда, авансты ұстап қалу кестесі қызметтер көрсету айынан бастап қызмет көрсету кезеңдерінің жалпы санынан жетпіс бес пайыздан аспайтын кезеңдер санына бірдей белгіленеді.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. АС осы Қағидаларға, Тарифтерді қалыптастыру әдістемесіне және "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына сәйкес төлем ақпараттық жүйелерінде тарифтерді енгізу және қызметтер құнын автоматты түрде есептеу, оның ішінде ақаулар бойынша айыппұл санкцияларының дұрыстығын қамтамасыз етеді.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Көрсетілген қызметтер актісін қалыптастыру көрсетілген қызметтер үшін шот-тізілім, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының орындалу хаттамасы негізінде жүзеге асырылады.»;
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Қызметтер беруші есепті кезең аяқталған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей басшы немесе уәкілетті лауазымды тұлға қол қойған және қызметтер берушінің мөрімен (ол болған жағдайда) расталған қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілген қызметтер үшін шот-тізілімді (шот-тізілімдерді) көрсетілетін қызметтерді сатып алудың әрбір шартына жеке қалыптастырады және қорға береді.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«ТМККК шеңберінде ағымдағы жылғы қаңтар үшін шот-тізілім алдыңғы жылғы 1 желтоқсаннан бастап ТМККК шеңберінде шот-тізілімге кірмеген қызметтерді ескере отырып, жүзеге асырылады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын орындау хаттамасы (көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын орындау хаттамалары) көрсетілетін медициналық көмектің нысанына қарай әрбір жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартына жеке қалыптастырылады, оған қордың уәкілетті лауазымды тұлғасы қол қояды және қызметтер берушіге танысу үшін беріледі.
Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын орындау хаттамасында сот органдарының шешімі, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының сомасынан асып кеткен, өткізілген төлемдер бойынша не осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негіздер бойынша өткен төлем кезеңдеріндегі тоқсан сайынғы салыстыру нәтижелері болған жағдайларда өзге де төлемдер (шегерулер) көрсетіледі.
ТМККК шеңберінде ағымдағы жылдың қаңтар айы үшін хаттама алдыңғы жылғы 1 желтоқсаннан бастап шот-тізілімге кірмеген қызметтерді ескере отырып қалыптастырылады.»;
33-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ағымдағы қаржы жылының шот-тізіліміне алдыңғы қаржы жылында медициналық көмек көрсету басталған және ағымдағы қаржы жылында аяқталған жағдайлар қосылады.»;
мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
«33-1. Көрсетілген қызметтерді сатып алу шартына сәйкес ТМККК шеңберінде көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу сапа мен көлем мониторингін жүргізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының қолданылу мерзімінде ақы төлеуге қабылданбаған, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты қолданылатын жылдың 1 желтоқсанынан бастап көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының қолданылу мерзімі аяқталған күнге дейін шот-тізілімге кірмеген қызметтер сатып алу шартының қолданылу жылынан кейінгі жылы жүргізіледі.
Бұл ретте, алдыңғы жылғы желтоқсанда көрсетілген ТМККК шеңберіндегі қызметтер үшін сома алдыңғы қаржы жылының 11 айы үшін ақы төлеуге қабылданған сома бойынша орташа айлық нақты орындалу сомасынан аспайды.»;
36-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Бұрын төленген аванстың бір бөлігін ұстап қалуды ескере отырып, қол қойылған көрсетілген қызметтердің актілері бойынша ақы төлеуді қор есепті кезең аяқталғаннан кейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей қызметтер берушінің қызметтер көрсеткені үшін алынған қаражатты есептеу мен жұмсау бойынша банк операцияларын жүргізу үшін ашық екінші деңгейлі банктегі есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.»;
39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Ақы төлеу нәтижелері бойынша қор тоқсан сайын тиісті салыстыру актісін қалыптастыра отырып, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттары бойынша медициналық қызметтер мен қаржылық міндеттемелердің орындалуын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
Салыстыру актілерінде жылына екі рет ағымдағы жылғы шілдеде, қарашада және келесі жылғы қаңтарда алдын алуға болмайтын өлім жағдайларын қоспағанда, сапа мен көлемді және медициналық көрсетілетін қызметтер көлемінің орындалуын мониторингтеу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының азайту сомасы көрсетіледі.
40. МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына сәйкес медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының қолданысы кезеңінде ұсталған айыппұл санкцияларының, қызметтер берушілер төлеген тұрақсыздық айыбының сомалары Қордың ағымдағы қаржы жылында медициналық қызметтерді орналастыру үшін пайдалануына жатады.
40-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына сәйкес есептелген тұрақсыздық айыбы қызметтер берушілердің республикалық бюджеттің кірісіне есептеуіне жатады.»;
41 және 41-1-тармақтар алып тасталсын;
1-тармағының отыз алтыншы-қырық алтыншы абзацтары осы Бұйрығының 4-тармағына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
48. Бекітілген халыққа АЕК көрсеткені үшін ақы төлеу мынадай:
1) мына:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 281 бұйрық) сәйкес МСАК;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығымен бекітілген Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 626 бұйрық) КДК нысанында осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес шығындары қалалық маңызы бар денсаулық сақтау субъектілері мен аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілері көрсеткен амбулаториялық-емханалық қызметтер кешені үшін кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша ақы төлеу кезінде ескерілетін қызметтер тізбесі бойынша бекітілген халыққа амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенін қамтамасыз ету бойынша:
2) №429 бұйрықпен және Тарифтерді қалыптастыру әдістемесімен (бұдан әрі – МСАК қызметкерлерін ынталандыру) айқындалған тәртіппен МСАК субъектілері қызметінің қол жеткізілген түпкілікті нәтиже индикаторлары үшін МСАК қызметтерін көрсететін қызметтер берушінің қызметкерлерін ынталандыру бойынша қызметтер үшін КЖН АЕК тарифі бойынша жүзеге асырылады.
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Есепті кезең үшін МСАК субъектілеріне АЕК КЖН бойынша АЕК көрсеткені үшін ақы төлеу сомасы МСАК субъектілері үшін АЕК КЖН есепті кезең үшін БХТ-да тіркелген бекітілген халықтың орташа тізімдік санына көбейту арқылы айқындалады.
Есепті кезең үшін бекітілген халықтың орташа тізімдік саны есепті кезеңнің әрбір күнтізбелік күні үшін БХТ-да тіркелген бекітілген халықтың санын қосу және алынған соманы айдың күнтізбелік күндерінің санына бөлу арқылы айқындалады.
Қалалық және ауыл халқына қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті тек ауыл халқының санына ғана қолданылады, қала халқы үшін коэффициент 1-ге (бірлікке) тең.
Есепті кезең үшін АЕК КЖН бойынша МСАК субъектісінің АЕК көрсеткені үшін ақы төлеу сомасы көрсетілген қызметтер көлеміне байланысты емес.»;
1-тармағының қырық жетінші абзацы осы Бұйрығының 4-тармағына сәйкес 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |