|
№ п/п
|
Құрылым-дық элемент
|
Қолданыстағы редакция
|
Ұсынылатын редакция
|
Негіздеме
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
Бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдебінің үлгілік кодексі
|
|
1.
|
1-тармақ
|
1. Осы Бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдебінің үлгілік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және өзінің кәсіби міндеттерін орындаған кезде бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдебіне қойылатын талаптарды анықтайды.
|
1. Осы Бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдебінің үлгілік кодексі
(бұдан әрі – Кодекс) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және өзінің кәсіби міндеттерін орындаған кезде бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдебіне қойылатын талаптарды анықтайды.
|
Редакциялық сипаттағы түзетулер
|
|
2.
|
5-тармақ
|
5. Бағалаушы:
1)пөзінің кәсіби біліктілігінің деңгейі туралы жалған ақпарат бермейді;
2) егер бағалаушы жалған немесе жаңылыстыратын жүгінімді немесе ақпаратты қамтиды деп ұйғарса, өзін бағалау туралы есеппен, басқа бағалау нәтижелеріне сілтемемен байланыстырмайды;
3)пбағалау қызметтерін тұтынушыларды жаңылыстыратын ақпаратты бағалауды жүргізу үшін қажет ақпаратты жасырмайды немесе әдейі бұрмаламайды;
4) бір мезгілде активті сатып алушы жағынан, сол сияқты сатушы жағынан бағалау жүргізбейді;
5) бағаланатын мүліктік мүдде үшін өзара бәсекелес екі немесе одан да көп тараптар үшін бағалау жүргізбейді;
6) консультация қарыз алушыға да көрсетілген кезде кредитор жағынан бағалау жүргізбейді.
|
5. Бағалаушы:
1) өзінің кәсіби біліктілігінің деңгейі туралы жалған ақпарат бермейді;
2) егер бағалаушы жалған немесе жаңылыстыратын жүгінімді немесе ақпаратты қамтиды деп ұйғарса, өзін бағалау туралы есеппен, басқа бағалау нәтижелеріне сілтемемен байланыстырмайды;
3)пбағалау қызметтерін тұтынушыларды жаңылыстыратын ақпаратты бағалауды жүргізу үшін қажет ақпаратты жасырмайды немесе әдейі бұрмаламайды;
4) бір мезгілде активті сатып алушы жағынан, сол сияқты сатушы жағынан бағалау жүргізбейді;
5) бағаланатын мүліктік мүдде үшін өзара бәсекелес екі немесе одан да көп тараптар үшін бағалау жүргізбейді;
6) консультация қарыз алушыға да көрсетілген кезде кредитор жағынан бағалау жүргізбейді;
7)пмүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасының сұратуы бойынша кәсіби қызмет туралы ақпарат ұсынады.
|
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 30-бабының 10) тармақшасына сәйкес және бағалаушылар қызметінің сапасын бақылау және Кодекстің қағидаттары мен талаптарын орындау, бағалаушылардың жауапкершілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында.
Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бірыңғай қызмет нарығын енгізуді ескере отырып, бағалау қызметтері нарығының сапасын жақсарту және жосықсыз бағалаушыларды анықтау шеңберінде.
|
|
Өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптар
|
|
3.
|
1-тарау
|
1-тарау. Жалпы ережелер
|
1-тарау. Жалпы ережелер
|
|
|
4.
|
1-тармақ
|
1. Осы өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң), бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптар жүгінімдерді қарауға қойылатын талаптарды белгілейді.
|
1. Осы өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Заң), бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптар жүгінімдерді қарауға қойылатын талаптарды белгілейді.
|
Түзетулер енгізілген жоқ
|
|
5.
|
2-тармақ
|
2. Бағалаушылар палатасына өз мүшелерінің Заң, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдер міндетті түрде қабылдануы, тіркелуі, есепке алынуы және қаралуы тиіс.
|
2. Бағалаушылар палатасына өз мүшелерінің Заң, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты өтініштер міндетті түрде қабылдануы, тіркелуі, есепке алынуы, қаралуы, бақылауы және бағалаушылар палатасының алқалы органы басшысының шешімі бойынша бақылаудан алынуы және өтініш берушіге өтінішті және тексеру актісін қарау нәтижелері бойынша жауап жіберуі тиіс.
Бағалаушылар палатасы мүшелерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтініштерді қарауды бағалаушылар палатасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын сақтауын бақылауды бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы (бұдан әрі – өтініштерді қарау жөніндегі бағалаушылар палатасының органы) жүзеге асырады.
Бағалаушылар палатасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуы анықталған жағдайда, өтінішті бағалаушылар палатасының мүшелеріне қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы істерді қарауды жүзеге асыратын бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы (бұдан әрі – бағалаушылар палатасының тәртіптік органы) қарайды.
|
Заңының 30-бабының 10) тармақшасына сәйкес және бағалаушылар палатасына өтініш берген жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуге сенімді қамтамасыз ету шеңберінде бағалаушылар палаталарындағы өтініштерді қарау ретке келтірілді.
|
|
6.
|
3-тармақ
|
3. Бағалаушылар палатасына жүгінушінің жүгінімінде:
бағалаушылар палатасы мүшесінің бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы;
жүгінушінің бағалаушылар палатасы мүшесінің әрекеті (әрекетсіздігі) оның құқықтарын бұзатындығына қатысты дәлелдері көрсетіледі.
|
3. Өтініш берушінің бағалаушылар палатасына өтінішінде бағалаушылар палатасы мүшесінің бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы көрсетіледі.
алынып тасталсын
|
Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен (бұдан әрі -өтініштер туралы Заң) және бағалау қызметі туралы заңнамамен азаматтардың өтініштерін қарау міндетті. Сонымен қатар, бағалаушылар палаталары қолданыстағы редакциядағы Талаптардың 3 – тармағы 3-абзацының нормаларына сілтеме жасай отырып, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қараусыз қалдырады (өтініш берушінің бағалаушылар палатасы мүшесінің іс-әрекеті (әрекетсіздігі) оның құқықтарын бұзуына қатысты дәлелдерінің өтінішінде болмауына байланысты).
|
|
7.
|
4-тармақ
|
жоқ
|
4. Мыналар қарауға жатпайды:
1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш;
2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.
|
Өтінішті негізсіз қарамуға жол бермеу мақсатында өтініштер туралы Заңға сәйкес тармақпен толықтырылды.
|
|
8.
|
5-тармақ
|
4. Бағалаушылар палатасы жүгінім түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оған қатысты жүгінім жіберілген бағалаушылар палатасы мүшесінің тексеруіне бастама жасайды.
Қаралуы үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге барып тексеру талап етілмейтін жүгінім келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.
Қаралуы үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге барып тексеру талап етілетін жүгінім келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.
|
5. Бағалаушылар палатасы өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтініште жазылған бұзушылық фактілерін тексеруді тағайындайды.
Қаралуы үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге барып тексеру талап етілмейтін өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.
Қаралуы үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге барып тексеру талап етілетін жүгінім келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.
|
Өтініштер туралы Заңның 9-бабының 3-тармағына сәйкес қолданыстағы редакция Талаптарының 4-тармағының 2-абзацы «және ол бойынша шешім қабылданады» деген сөздермен толықтырылды. Өтініш келіп түскеннен кейін бағалаушылар палатасына нақты шаралар қабылдау қажет, бастамашылық емес. Сондай-ақ, редакциялық сипатты түзету жүзеге асырылды: бағалаушыны тексерудің орнына өтініште жазылған бұзушылық фактілерін тексеру көзделген.
|
|
9.
|
6-тармақ
|
5. Тексеру жүргізу туралы шешім тиісті бұйрықпен ресімделеді және бағалаушылар палатасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының, бағалаушылар палатасы мүшелерінің әрекетіне жүгінімдерді қарау талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыратын бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы (бұдан әрі – бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы) орындайды.
|
6. Өтініштерді қарау жөніндегі бағалаушылар палатасының органы бағалаушылар палатасының алқалы басқару органы басшысының қолы қойылған тексеруді тағайындау туралы тиісті бұйрықты ресімдейді. Тексеруді өтініштерді қарау жөніндегі бағалаушылар палатасының органы орындайды.
|
Бағалаушылар палатасының мамандандырылған органдары мен өтініштерді қарау бойынша бақылау арасындағы функционалдың аражігін ажырату шеңберінде түзетулер енгізілді.
|
|
10.
|
7-тармақ
|
6. Бағалаушылар палатасы жүгінім жіберген адамға және оған қатысты жүгінім жіберілген бағалаушылар палатасының мүшесіне еркін нысанда тексеру жүргізу туралы хабарлама жібереді.
|
7. Бағалаушылар палатасының жарғысында және бағалаушылар палатасының ережесінде белгіленген тәртіппен өтініштерді қарау жөніндегі органы өтінішті жіберген адамға және оған қатысты өтініш келіп түскен бағалаушылар палатасының мүшесіне еркін нысанда тексеру жүргізу туралы хабарлама жібереді.
|
Өтініштерді қарау бойынша бағалаушылар палатасының мамандандырылған органдары арасындағы функционалдың аражігін ажырату шеңберінде түзетулер енгізілді.
|
|
11.
|
8-тармақ
|
7. Тексеру жүргізу барысында жүгінімде көрсетілген фактілер ғана зерттеуге жатады.
|
8. Тексеру жүргізу барысында жүгінімде көрсетілген фактілер ғана зерттеуге жатады.
|
Түзетулер енгізілген жоқ
|
|
12.
|
9-тармақ
|
8. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша түскен жүгінім негізінде тексеру актісі жасалады, ол мынадай мәліметтерді қамтиды:
тексеру актісін жасау күні;
оған қатысты тексеру жүргізілген бағалаушылар палатасының мүшесі туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), бағалаушылар палатасына мүшелік туралы куәліктің нөмірі;
тексеру түрі;
тексеру жүргізу негіздемесі, тексеру нысанасы;
тексеру жүргізу туралы шешім (күні мен нөмірі);
тексеру кезеңі (тексеру басталған және аяқталған күн);
оларды алу көздерін көрсете отырып, тексеру материалдары (құжаттар мен ақпарат);
жүгінімде көрсетілген фактілерді зерттеу нәтижелері, анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы не бұзушылықтардың жоқ екені туралы ақпарат;
тексеру жүргізген бағалаушылар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы);
тексеру жүргізген адамдардың қолдары;
бағалаушылар палатасының ішкі құжаттарында белгіленген ақпарат.
|
9. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша түскен жүгінім негізінде тексеру актісі жасалады, ол мынадай мәліметтерді қамтиды:
тексеру актісін жасау күні;
оған қатысты тексеру жүргізілген бағалаушылар палатасының мүшесі туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), бағалаушылар палатасына мүшелік туралы куәліктің нөмірі;
тексеру түрі;
тексеру жүргізу негіздемесі, тексеру нысанасы;
тексеру жүргізу туралы шешім (күні мен нөмірі);
тексеру кезеңі (тексеру басталған және аяқталған күн);
оларды алу көздерін көрсете отырып, тексеру материалдары (құжаттар мен ақпарат);
жүгінімде көрсетілген фактілерді зерттеу нәтижелері, анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы не бұзушылықтардың жоқ екені туралы ақпарат;
тексеру жүргізген бағалаушылар туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы);
тексеру жүргізген адамдардың қолдары;
бағалаушылар палатасының ішкі құжаттарында белгіленген ақпарат.
|
Түзетулер енгізілген жоқ
|
|
13.
|
10-тармақ
|
9. Тексеру аяқталғаннан кейін бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы бағалаушылар палатасы мүшесінің Заң, бағалаушылар палатасы стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзу фактілерін растау немесе олардың жоқтығы туралы шешім қабылдайды.
|
10. Тексеру аяқталғаннан кейін өтініштерді қарау жөніндегі орган бағалаушылар палатасы мүшесінің Заңның, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзу фактілері расталған жағдайда, тексеру актісі жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бағалаушылар палатасының тәртіптік органына тексеру актісін және тексеру материалдарын жібереді.
|
Бағалаушылар палатасының мамандандырылған органдары мен бағалаушылар палатасының тәртіптік органы арасындағы функционалдың аражігін ажырату шеңберінде
|
|
14.
|
11-тармақ
|
10. Жүгінімде көрсетілген фактілерді зерттеу нәтижелері туралы бағалаушылар палатасы тексеру актісі жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бағалаушылар палатасының мүшесін және жүгінушіні хабардар етеді.
|
11. Өтініштерді қарау жөніндегі бағалаушылар палатасының органы тексеру нәтижелері бойынша өтініш берушіге және бағалаушылар палатасының мүшесіне тексеру актісін қоса бере отырып, өтінішті қарау нәтижелері туралы жауапты алқалы орган басшысының қолы қойылған тексеру актісі жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жібереді.
Өтініште көрсетілген фактілер расталған жағдайда, өтініштерді қарау жөніндегі бағалаушылар палатасының органы өтініш берушіге және бағалаушылар палатасының мүшесіне тексеру актісін және материалдарды бағалаушылар палатасының тәртіптік органына беру туралы хабарламаны жібереді.
|
Бағалаушылар палатасының мамандандырылған органдары мен өтінішті қарау сапасын қамтамасыз ету арасындағы функционалдың аражігін ажырату шеңберінде
|
|
15.
|
12-тармақ
|
11. Тексеру актісінде көрсетілген жүгінімді қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бағалаушылар палатасының мүшесі немесе жүгінуші тексеру актісін алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде бағалаушылар палатасының алқалы басқару органына тиісті жазбаша ұсына отырып, жүгінімді қарау нәтижесін шағымдана алады.
|
12. Өтінішті қарау нәтижелерімен және (немесе) тексеру актісімен келіспеген жағдайда өтініш беруші немесе бағалаушылар палатасының мүшесі тексеру актісін алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бағалаушылар палатасының тәртіптік органына тиісті жазбаша өтінішті ұсына отырып, өтінішті қарау нәтижесіне, тексеру актісіне шағымдана алады.
|
Бағалаушылар палатасының мамандандырылған органдары мен өтінішті қарау сапасын қамтамасыз ету арасындағы функционалдың аражігін ажырату шеңберінде.
|
|
16.
|
13-тармақ
|
12. Бағалаушылар палатасының алқалы басқару органы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) шағымды қанағаттандыру туралы;
2) жүгінімді жан-жақты қарау үшін қосымша материалдар алу және зерттеу қажеттілігіне байланысты шағымды қарастыруды кейінге қалдыру туралы;
3) шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім.
|
13. Бағалаушылар палатасының тәртіптік органы өтініштерді қарау жөніндегі органнан келіп түскен материалдарды және (немесе) өтінішті немесе тексеру актісін қарау нәтижелеріне шағым жасауға өтінішті қарау нәтижелері бойынша, олар түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) өтінішті қанағаттандыру және тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы;
2) өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы.
|
Өтініштер туралы Заңға сәйкес, сондай-ақ ұсынылып отырған редакцияның 5-тармағына сәйкес өтініштерді қарау 15-30 күнтізбелік күнді құрайды. Бағалаушылар палатасының тәртіптік органы екі шешімнің бірін қабылдайды: өінішті қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы. Қолданыстағы редакциядағы Талаптардың 12-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталды.
|
|
17.
|
14-тармақ
|
13. Бағалаушылар палатасы мамандандырылған органының тексеру нәтижелерін шағымдану туралы өтініш бойынша Бағалаушылар палатасы алқалы басқару органының шешімі бағалаушылар палатасы алқалы басқару органының отырысы болған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүгінушіге, бағалаушылар палатасының мүшесіне жіберіледі.
|
.14. Өтініш бойынша бағалаушылар палатасының тәртіптік органының шешімін алқалы органның басшысы бекітеді және ол қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге және бағалаушылар палатасының мүшесіне дәлелді жауап жіберіледі.
|
Өтініштерді объективті және сапалы қарауды қамтамасыз ету бойынша бағалаушылар палатасының және алқалы орган басшысының жауапкершілігін арттыру мақсатында.
|