Toggle Dropdown
Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 867 қаулысы
Toggle Dropdown
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 22 қарашадағы
№ 867 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидаларын айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) арнайы экономикалық аймақ – Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі;
Toggle Dropdown
2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Toggle Dropdown
2-тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу қағидалары
Toggle Dropdown
3. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өнеркәсіптік кәсіпорындардың объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыруды жүргізу, кеңейту, күрделі жөндеу және пайдалану кезінде осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарын ескере отырып, халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдануға жол беріледі.
Toggle Dropdown
1
4. Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын қолдану үшін қажетті шарттардың бірі:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүше болуы;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарының болуы;
Toggle Dropdown
3) стандарттау жөніндегі ұлттық орган мен халықаралық, өңірлік, шетелдік ұйым арасында cтандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы шарттың болуы;
Toggle Dropdown
4) түпнұсқаларды ұстаушылардың халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын қолдану жөніндегі талаптарды сақтауы болып табылады.
Toggle Dropdown
5. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары іске асыратын, халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары қолданылуы мүмкін жобаларды іріктеу үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мынадай материалдарды:
Toggle Dropdown
1) арнайы экономикалық аймаққа қатысушы жобасының сипаттамасын;
Toggle Dropdown
2) қолданылуы жоспарланған халықаралық, өңірлік стандартты немесе шет мемлекеттің стандартын;
Toggle Dropdown
3) таңдап алынған халықаралық, өңірлік стандартты немесе шет мемлекеттің стандартын қолдану қажеттілігінің негіздемесін қоса бере отырып, уәкілетті органға еркін нысанда өтініш жолдайды.
Toggle Dropdown
6. Уәкілетті орган өтінішті оны қабылдаған күні тіркейді.
Toggle Dropdown
7. Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақ қатысушысының өтінішін өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарайды және қабылданған шешім туралы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын жазбаша хабардар етеді.
Toggle Dropdown
8. Халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдану туралы оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды хабардар етеді.
Toggle Dropdown
9. Уәкілетті органның теріс шешімі кейін халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттарын қолдану туралы ұсыныспен жүгіну үшін кедергі болып табылмайды.