Toggle Dropdown
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы № 272-VІ Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 10-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы үш жұмыс күні ішінде бекітетін» деген сөздер алып тасталсын;
2) 14-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 14) тармақшасы және 3-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
3) 47-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітеді» деген сөздер алып тасталсын.
2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат):
3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат):
мынадай мазмұндағы 97-1, 107-1 және 192-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«97-1-бап. Шетелдіктердің бала асырап алуы»;
«107-1-бап. Баланы қайта асырап алу»;
«192-1-бап. Әке болуды анықтау кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу»;
26-тараудың, 204 – 219-баптардың, 29-тараудың, 248 – 256, 267-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
«Сот шешімінде ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейінгі тектері көрсетіледі.»;
«2. Соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген шешімі тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
Ерлі-зайыптылар соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жаңадан некеге отыруға (тіркелуге) (ерлі-зайыпты болуға) құқылы.»;
«Босанған әйелдің жұбайының немесе бұрынғы жұбайының басқа адамның әке болуын анықтауға келісімі ішкі істер органы берген, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгені туралы немесе соттың оны хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танығаны туралы заңды күшіне енген шешімі туралы растайтын құжат болған кезде міндетті емес.»;
«6. Некені (ерлі-зайыптылықты) қию, бұзу туралы куәлікке немесе акт жазбасына, сондай-ақ бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы өтінішке сәйкес баланың әкесі ретінде адам көрсетілген тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастауды тіркеуші орган соттың тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасындағы баланың әкесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы шешімі негізінде жүргізеді.
Өзге жағдайларда әкесі туралы мәліметтерді алып тастау бала туған кезде некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының өтініші бойынша осы Кодекстің 183-бабына сәйкес жүргізіледі.»;
«Әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болу фактісін және әке болуды тану фактісін анықтау туралы шешім шығарған сот осы шешім заңды күшіне енген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оны тіркеуші органға электрондық түрде жіберуге міндетті.»;
6) 51-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «анықтауды мемлекеттік тіркеуден» деген сөздер «анықтау туралы өзгерістер енгізуден» деген сөздермен ауыстырылсын;
«4. Тіркеуші органдардың қызметкерлері бала асырап алушының келісімінсіз бала асырап алу туралы қандай да бір мәліметтерді хабарлауға және бала асырап алушылар асырап алынған баланың ата-анасы болып табылмайтындығы туралы ақпарат қамтылатын құжаттарды беруге құқылы емес.
Асырап алынған бала туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде ұсынылады.»;
екінші бөлік «Бөлек» деген сөзден кейін «не дефис арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
«Әкесінің қосарланған аты болған жағдайда, әкесінің қосарланған аты бойынша, олардың біреуі бойынша не әкесінің екі аты бірге жазылып балаға әкесінің атын беруге жол беріледі.»;
9) 64-баптың 3-тармағы «бөлек тұрса» деген сөздерден кейін «не балаға қатысты әке болу анықталса» деген сөздермен толықтырылсын;
«1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары баланың тұратын жеріндегі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға бала асырап алуға тілек білдіргені туралы өтініш беруге, сондай-ақ жиынтық кірісінің мөлшері, отбасылық жағдайы, денсаулық жағдайы, сотталмағандығы туралы анықтамалар ұсынуға және баланы жеке өзі таңдауға, онымен кемiнде екі апта тiкелей қарым-қатынас жасауға міндетті.»;
«баланы» деген сөзден кейін «некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған)» деген сөздермен толықтырылсын;
«адамның аты бойынша» деген сөздерден кейін «осы Кодекстің 192-бабына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
«бала асырап алуды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу кезінде бала асырап алушының көрсетуi бойынша тууды жазу кiтабына асырап алынған баланың әкесiнiң (анасының) аты, әкесiнiң аты және тегi жазылады» деген сөздер «асырап алынған баланың әкесiнiң (анасының) аты, әкесiнiң аты және тегi бала асырап алушының көрсетуі бойынша тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына жазылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бала асырап алушының өтініші бойынша әкесінің (анасының) көрсетілген тегі бала асырап алушының тегі бойынша беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу соттың бала асырап алу туралы заңды күшіне енген шешімі және баланың заңды өкілдерінің өтініші негізінде кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.