«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109540 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 9 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Оқу қызметін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады.
Оқу қызметінің құрылымы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген, «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығының негізінде қалыптасады.».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы «___» ________ № ___ бұйрығы жобасына анықтама
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Осы бұйрық жобасы Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 60) тармақшасына сәйкес әзірленген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің құқықтық мониторингісінің қорытындысының негізінде.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 5-1-тармағына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлейді және бекітеді.
Одан бөлек, Заңның 43-1 бабы 2-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту құзыретіне ие.
Алайда қазіргі таңда, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 536 бұйрығымен күшін жойған.
Осыған байланысты, «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес, «Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығының 16-тармағы жаңа редакцияда жазылуда.
Бұйрықтың осы жобасы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен келісуді талап етеді.
Бұйрық жобасы 2019 жылғы _____ қарашадан бастап 2019 жылғы ______ желтоқсанға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.
Қоғамдық талқылау кезеңінде бұйрықтың жобасына _______ ескерту түсті, ол бұйрық жобасында ескерілген.
«Қазақстан Букмекерлер қауымдастығы» ЗТБ-мен ескертулер мен ұсыныстар жоқ екендігі туралы 2019 жылғы ______ қарашадағы № _____ қорытындысы берілді.
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ескертулер мен ұсыныстар жоқ екендігі туралы 2019 жылғы ______ қарашадағы № _______ сараптамалық қорытынды берілді.
Министрліктің Қоғамдық кеңесі бұйрық жобасын 2019 жылғы _____ қарашадағы № _______ хаттамамен мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы «___» ________ № ___ бұйрығына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
|
р/с№ |
Құрылым |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылып отырған редакция |
Негіздеме |
|
|
«Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109540 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 9 ақпанда жарияланған) |
|||||
|
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларында |
|||||
|
1. |
16-тармақ |
16. Оқу қызметін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады. Оқу қызметінің құрылымы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8636 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы |
16. Оқу қызметін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады. Оқу қызметінің құрылымы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген, «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығының негізінде қалыптасады. |
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 5-1-тармағына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлейді және бекітеді. Одан бөлек, Заңның 43-1 бабы 2-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту құзыретіне ие. Алайда қазіргі таңда, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 536 бұйрығымен күшін жойған. Осыған байланысты, «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес, «Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығының 16-тармағы жаңа редакцияда жазылуда. |
|

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |