• Мое избранное
«Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 394 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11817 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 тамызында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5, 6, 7 және 8 – тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:
куәлік беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қызмет берушінің құжат айналымы бойынша басқарманың қызметкері қабылдап алады және кейіннен орындаушыға үлестіру үшін қызмет берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысына жібереді – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – құжаттарды қабылдау және үлестіру;
2) орындаушы ұсынған құжаттарды толықтығын тексереді – бір жұмыс күннің ішінде.
Қызмет алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, қызмет беруші өтінішті оның тіркелген сәтінен бастап екі жұмыс күннің ішінде одан әрі караудан бас тартады.
Рәсімнің нәтижесі – өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап;
3) орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына сәйкестігі мәніне қарайды – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – куәлік беру туралы шешім қабылдау немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
4) көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысымен, заң қызметінің басшысымен көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына сәйкестігі туралы қорытындыны жобасын (бұдан әрі – қорытынды), куәлік беру туралы бұйрық жобасын дайындау және келісу, сондай-ақ оларды қызмет берушінің басшылығы бекітеді және бұйрықты тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындалады және оны бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысымен келіседі – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – куәлік беру туралы қорытынды және бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
5) куәлікті беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – куәлік беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
куәлікті қайта ресімдеу кезінде:
1) қызмет берушінің құжат айналымы бойынша басқарманың қызметкері қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдап алады және кейіннен орындаушыға үлестіру үшін қызмет берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысына жібереді – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – құжаттарды қабылдау және үлестіру;
2) орындаушы ұсынған құжаттарды толықтығын тексереді – бір жұмыс күннің ішінде.
Қызмет алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, қызмет беруші өтінішті оның тіркелген сәтінен бастап екі жұмыс күннің ішінде одан әрі караудан бас тартады.
Қызметті алушы ұсынған құжаттар толық болған жағдайда, орындаушы көрсетілген құжаттарды Стандарттың 9-тармағына сәйкестігі мәніне қарайды, куәлікті қайта ресімдеу туралы қорытынды жобасын және бұйрық жобасын дайындайды және қызмет берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысымен, заң қызметі басқармасының басшысымен келіседі, сондай-ақ оларды қызмет берушінің басшысы бекітеді және бұйрықты тіркейді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және оны бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысымен келіседі.
Рәсімнің нәтижесі – өтінішті одан әрі караудан бас тарту туралы дәлелді жауап немесе куәлікті қайта ресімдеу туралы қорытынды және бұйрық;
3) қайта ресімделген куәлікті беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – куәлікті беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
куәліктің телнұсқасын беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қызмет берушінің құжат айналымы бойынша басқарманың қызметкері қабылдап алады және кейіннен орындаушыға үлестіру үшін қызмет берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысына жібереді – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – құжаттарды қабылдау және үлестіру;
2) орындаушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды, куәлікті қағазға басып шығарады, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мөрі және басшының қолымен растайды, куәліктің телнұсқасын береді – бір жұмыс күннің ішінде.
Рәсімнің нәтижесі – куәліктің телнұсқасын беру.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
2) көрсетілетін қызмет берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысы;
3) көрсетілетін қызмет берушінің заң қызметі басқармасының басшысы;
4) көрсетілетін қызмет берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының қызметкері (-лері) (орындаушы);
5) көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналым бойынша басқармасының қызметкері (-лері).
7. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасында рәсімдер (іс-әрекеттер) бірізділігін сипаттау:
куәлік беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қызмет берушінің құжат айналымы бойынша басқарманың қызметкері қабылдап алады және кейіннен орындаушыға үлестіру үшін қызмет берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысына жібереді – бір жұмыс күннің ішінде;
2) орындаушы ұсынған құжаттарды толықтығын тексереді – бір жұмыс күннің ішінде.
Қызмет алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, қызмет беруші өтінішті оның тіркелген сәтінен бастап екі жұмыс күннің ішінде одан әрі караудан бас тартады;
3) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар Стандарттың 9-тармағына сәйкестігі мәніне қаралады және куәлікті беру туралы қорытынды жобасы және бұйрық жобасын дайындалады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындалады – бір жұмыс күннің ішінде;
4) қорытынды жобасы мен бұйрық жобасы көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысымен, заң қызметі басқармасының басшысымен келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оны бекітеді. Бұйрықты көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналым бойынша басқармасының қызметкері тіркейді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысымен келісіледі. Орындаушы Порталда электронды түрдегі куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты шығарады және оған қызмет беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолы қойылады – екі жұмыс күннің ішінде;
куәлікті қайта ресімдеу кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналым бойынша басқармасының қызметкері қабылдап алады және кейіннен орындаушыға үлестіру үшін көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысына жібереді – бір жұмыс күннің ішінде;