«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісімнің (меморандумның) үлгілік нысанын бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісімнің (меморандумның) үлгілік нысанын бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісімнің (меморандумның) үлгілік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы «___» ___________ № ____ бұйрығымен бекітілген
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісімнің (меморандумның) үлгілік нысаны
_________________ «___» ________ 20__ жыл
(қол қойылған қала) (жасалған күні)
Бұдан әрі «Министрлік» деп аталатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі атынан ______________________________________ (ереже) негізінде әрекет ететін ________________________________________________, (уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) бұдан әрі «Әкімдік» деп аталатын _______________________________ облыстың жергілікті атқарушы органы ____________________________________________ (қаулы) негізінде әрекет ететін ________________________________________________, (уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) бұдан әрі «Холдинг» деп аталатын «Ұлттық басқарушы холдинг «ҚазАгро» акционерлік қоғамының атынан _________________________________________ (жарлық, қаулы, шешім, өкім) негізінде әрекет ететін ________________________________________________, (уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) және бұдан әрі «ҰАҒББО» КеАҚ деп аталатын «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғам атынан ____________________________________________________________________ (жарлық, қаулы, шешім, өкім) негізінде әрекет ететін ________________________________________________, (уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, төмендегі Келісімге қол қойды
1-бап. Келісімнің мақсаты
1. Осы Келісімнің мақсаты Тараптардың растауымен егіс алқаптары құрылымын әртараптандыруды қамтамасыз етуге жәрдемдесу ауыл шаруашылығы дақылдарындағы бидай, суды көп қажет ететін дақылдар алаңын оңтайландыру, сонымен қатар тыңайған жерлерді игеру, жарма, майлы, бұршақ, техникалық, азықтық дақылдардың алқаптарын кеңейтуге қол жеткізу, сақтауда инфрақұрылымды дамыту, экспорт және қайта өңдеу, сондай-ақ ішкі нарықтағы отандық өсімдік шаруашылығындағы өнімдерді өндіру, мал шаруашылығын жемшөппен қамтамасыз ету, кәсіпорындарды қайта өңдеу шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау.
2-бап. Тараптардың жауапкершілігі
2. Тараптар осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындағаны үшін, осы Келісімге сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты.
3-бап. Тараптардың ниеттері
3. Ынтымақтастық аясында Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде:
1) «ҰАҒББО» КеАҚ мен бірлесіп, 20__ - 20__ жылдарғы облыстағы ауыл шаруашылығы дақылдарының табиғи-климаттық жағдайлары мен аймақта өсірілетін дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ұсынылатын егістік алқаптарының құрылымын әзірлеу, аймақтық ғылыми негіздегі ауыспалы егістік схемаларын ұштастырып игеру,өңдеуші қуаттарды жүктеу және ішкі нарықтағы өсімдік шаруашылығы өнімдерін қанықтырып, облыс әкімдіктерінің басшыларымен келісу;
2) 20__ жылдың 1 тоқсанында әкімдіктің келісуімен 20__ - 20__ жылғы Келісімдегі қосымшаға сәйкес ұсынылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының құрылымын қамтамасыз ету;
3) жаңадан және (немесе) қолданыстағы сақтау қуатын қайта жаңартуға қажеттілігін анықтау және ауыл шаруашылығы дақылдарын қайта өңдеу, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруды ескере отырып, топырақты өңдейтін, егін егу, егін жинайтын машиналарды алу.
4. Ынтымақтастық аясында Холдинг:
1) өзінің еншілес ұйымдарының қызметін үйлестіруде агроөнеркәсіптік кешен субьектілеріне қаржы құралдарын жүзеге асыруда:
- көктемгі егіс және жинау жұмыстары;
- ауыл шаруашылығы техникаларын қаржы лизингі арқылы алу;
- ауыл шаруашылығы дақылдарын қайта өңдеу бойынша жаңадан және (немесе) қолданыстағы сақтау қуатын құрастыру, заманауи техникамен жабдықталған жеміс қоймалары, жабық грунттағы құрылыс, топырақты өңдейтін, егістік және егін жинайтын машиналарды алу;
2) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерден өсірілген өнімдерді өзінің еншілес ұйымдарына сатып алу бойынша қызметін үйлестіру;
3) егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша өз өкілеттіктеріне кеңестер, дөңгелек үстел үстін ұйымдастыру.
5. Ынтымақтастық аясында Әкімдік:
1) заңнамаға сәйкес Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларын орындалуын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруды баса назар аудара отырып, көлемін ұлғайту және неғұрлым нарықта сұранысқа ие өнім түрлерін өндіру;
2) 20__ - 20__ жылғы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша Министрліктің жыл сайынғы индикативтік көрсеткіштері бойынша шаралар қолдану;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер оның ішінде, тұқымды қажетті көлемде қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану, сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұқымдарын жергілікті бюджет есебінен қаржы құралдарын бөлу арқылы алу;
4) 20__ - 20__ жылдарғы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарын заңнамада белгіленген тәртіппен стратегиялық және бағдарламалық құжаттар бойынша облыстағы индикативтік көрсеткіштер бойынша өзгерістер енгізілсін;
5) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қайта өңдеу бойынша жаңадан және (немесе) қолданыстағы сақтау қуатын құрастыруға жәрдемдесу, астық сақтау қоймалары, жеміс-жидек сақтау қоймаларын, жабық грунттағы құрылыс, тамшылатып суару жүйелері, жер өңдеу, топырақ, егін егу және жинау машиналарын алуға өз құзыреті шегінде жәрдем көрсету.
6. Ынтымақтастық аясында «ҰАҒББО» КеАҚ:
1) Министрлікпен бірлесіп, 20__ - 20__ жылдарға арналған облыстағы ауыл шаруашылығы дақылдарының табиғи-климаттық жағдайлары мен аймақта өсірілетін дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ұсынылататын егістік алқаптарының құрылымын әзірлеу, аймақтық ғылыми негіздегі ауыспалы егістік схемаларын ұштастырып игеру, өңдеуші қуаттарды жүктеу және ішкі нарықтағы өсімдік шаруашылығы өнімдерін қанықтыру.
4-бап. Қорытынды ережелер
7. Осы Келісім Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.
8. Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісім жасалып, қол қою арқылы енгізіледі.
9. Келісімді іске асыру барысында даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар өзара келіссөздер мен консультациялар жүргізу арқылы шешеді.
10. Әкімдік жыл сайын тиісті жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Келісімнің орындалуы жайлы Министрлікке индикативтік көрсеткіштер бойынша ақпарат береді.
11. Егер де, осы Келіммен ескерілмеген қандай болса да жаңа міндеттер мен ниеттер пайда болған жағдайда, Тараптар еркін нысанда осы Келісімге қосымша келісім жасай алады.
12. Осы Келісім қол қойылған сәттен бастап өз күшіне еніп, 20__ жылдың 31 желтоқсанына дейін келісім-шарт мерзімін құрайды.
Келісім төрт дана етіп жасалған, әр Тарап үшін бір данадан.
5-бап. Тараптардың қол қоюы
|
Министрлік үшін ____________ қолы |
Әкімдік үшін ___________ қолы |
Холдинг үшін ___________ қолы |
«ҰАҒББО» ___________ қолы |
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісімнің (меморандумның) үлгілік нысанына қосымша
__________ облысы бойынша 20__ - 20__ жылдарға а уыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының болжамы
мың гектар
|
Дақылдар |
20__ (нақты) |
20__ (нақты) |
Болжамы (жылдар) |
20__жыл (+,-) 20__жылға |
||||
|
20__ |
20__ |
20__ |
20__ |
20__ |
||||
|
Барлық егіс алқабы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дәнді дақылдары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде бидай |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
күріш |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жүгері |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
арпа |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
сұлы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
күздік қара бидай |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
қарақұмық |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
тары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ас бұршақ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ноқат |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жасымық |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
бұршақ, маш |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
дәндер қоспасы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
басқа дәнді дақылдар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Майлы дақылдар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде күнбағыс |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
соя |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
сафлор |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
рапс |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
зығыр |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
қыша |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
басқа майлы дақылдар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қант қызылшасы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мақта |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Темекі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Картоп |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Көкөніс және бақша |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде көкөніс |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
бақша |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жемшөптік дақылдары |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
оның ішінде сүрлемдік |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
біржылдық шөптер |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
көпжылдық шөптер |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
мал азықтық жеміс тамырлар |
|
|
|
|
|
|
|
|
Байырғы жақсару жерлерде жемшөптік дақылдарының қосымша себу
|
біржылдық шөптер |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
көпжылдық шөптер |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жемшөптік дақылдарының барлығы |
|
|
|
|
|
|
|
|