• Мое избранное

Отправить по почте

1

«Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
1. «Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-ө бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4775 болып тіркелген, «Заң газеті» 2007 жылғы 15 тамызда № 12 (1327) жарияланған) мынандай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 287-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген қалдықтар сыныптауышы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2019 жылғы ____________
№ ___ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің 2007 жылғы
№ 169-ө бұйрығымен бекітілген
Осы Қалдықтар сыныптамасы (бұдан әрі - Сыныптауыш) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 287-бабына сәйкес әзірленді және қалдықтардың, олардың кодтарының тізбесін, сипаттамаларын, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі операцияларды айқындайды.  
1. Сыныптама қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі есепке алуды, бақылауды, нормалауды, тиісті қызмет түрлерін лицензиялауды, қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен орналастыруға арнап рұқсаттар беруді, табиғат қорғау құрылыстарын жобалау мен орта қорғау іс-шараларын жүргізуді, әлеуметтік, экономикалық, ресурсты-материалдық тәуекелді және авариялар мен апаттар туындаған кездегі залалды бағалауды қоса алғанда, қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінде пайдалануға арналған.  
2. Осы сыныптама жұмысы өндіріс және тұтыну қалдықтарымен байланысты мамандарға, сондай-ақ өндіріс қалдықтарын жинау, тасымалдау, орналастыру (қоймалау, көму), зарарсыздандыру және пайдалану жөніндегі практикалық операцияларға қатысты адамдарға арналған.  
3. Сыныптама қалдықтардың қауіптілік деңгейін және оларды кодтауды айқындау үшін арналған. Сыныптамада қалдықтардың осы түрі болмаған жағдайда қауіптілік деңгейі мен кодтау әрбір нақты жағдайда негізделеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.  
4. Қалдықтарды кодтау пайда болу саласын, қоймалау (көму) тәсілін, кәдеге жарату немесе регенерациялау тәсілін, ықтимал қауіпті құрамдас элементтерді, қауіптілік деңгейін, объектілерінде қалдықтар пайда болатын экономика саласын ескереді.  
5. Қалдықтардың қауіптілік деңгейін және оларды кодтауды айқындау технологиялар өзгерген кезде немесе өзге де шикізат ресурстарына көшкен кезде, сондай-ақ қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгеруі мүмкін жағдайларда жүргізіледі.  
6. Қалдықты белгілі бір кодтауға жатқызуды табиғатты пайдаланушы өздігінен немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып жүргізеді.  
7. Қауіпті қалдықтардың трансшекаралық тасымалдануын және оларды тасымалдау, кәдеге жарату, сақтау және көму мақсаттары үшін аластауды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес осы Сыныптамаға 8-қосымшаға сәйкес қалдықтар қауіптілігінің 3 деңгейі белгіленеді:  
8. Қалдықтарды сыныптау қалдықтарды дәйекті түрде қарау мен олардың негізгі белгілерін айқындауға негізделеді. Сыныптауға қалдықтардың орналасқан жері, құрамы, мөлшері, агрегаттық жай-күйі, сондай-ақ олардың токсикологиялық, экологиялық және басқа да қауіпті сипаттамалары жатады.  
9. Осы стандардта белгіленген сыныптау белгілері қалдықтардың салалық, өңірлік немесе өзге де ерекшелігін көрсететін қосымша белгілерді жоққа шығармайды.  
10. Қалдықтардың толық сыныптау коды екі қисық сызықпен бөлінген 8 көп мәнді кодтар блогынан тұрады.  
11. Әр топ латын алфавитінің әрпімен таңбаланған және ақтаңдақпен бөлінген. Қалдықтардың толық коды мынадай код топтарын (блоктарын) қамтиды:  
- қалдықтардың қауіпті құрауыштарының бірдейлендірушісі (С);  
- қалдықтармен жұмыс істеудің іске асырылған тәсілі (D, R);  
- нәтижесінде қалдықтар пайда болған қызметтің негізгі түрі (А);  
1) осы Қалдықтар сыныптамасына 1-қосымшаға сәйкес қалдықтар номенклатурасынан;  
2) осы Қалдықтар сыныптамасына 2-қосымшаға сәйкес аталған бұйымның»қалдықтар»санатына ауысу себептерінен;  
3) осы Қалдықтар сыныптамасына 3-қосымшаға сәйкес қалдықтардың физикалық (фазалық) жай-күйі түрлерінің тізбесінен;
4) осы Қалдықтар сыныптамасына 4-қосымшаға сәйкес қалдықтардың қауіпті құрауыштары түрлерінің жалпыланған тізбесінен;
5) осы Қалдықтар сыныптамасына 5-қосымшаға сәйкес қауіпті қалдықтардың кодтары мен сипаттамаларынан;