• Мое избранное
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 қарашада № 19612 болып тіркелді

Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.03.2026 жылғы № 25 Қаулысына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 19.04.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-бабы екінші бөлігі екінші абзацының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 125 Қаулысына сәйкес (03.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.11.2025 жылғы № 71 Қаулысына сәйкес (19.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 125 Қаулысына сәйкес (03.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Қажымұратов Ж.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды.
3-тармақша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 125 Қаулысымен (03.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты алғаш ресми жарияланған күнінен кейін бес жұмыс күні ішінде жолдауды қамтамасыз етсін.
3-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 125 Қаулысына сәйкес (өзгерту 08.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 8 қарашадағы
№ 176 қаулысымен
бекітілген
Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.04.2020 жылғы № 43 Қаулысымен (08.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 125 Қаулысына сәйкес (03.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-бабы екінші бөлігі екінші абзацының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – заңды тұлға, заңды тұлғалар) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру тәртібі айқындалады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.11.2025 жылғы № 71 Қаулысына сәйкес (19.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.03.2026 жылғы № 25 Қаулысымен (10.11.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.04.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақтың екінші бөлігі 2026 жылдың 12 шілдеге дейін тоқтатылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.03.2026 жылғы № 25 Қаулысына сәйкес, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
Қағидаларда Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде, «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) және «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мәндерінде қолданылатын ұғымдар пайдаланылады.
2-тарау. Заңды тұлғалардың қызметін лицензиялау тәртібі
2. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау қызметін жүзеге асыру кезеңінде заңды тұлғаның мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі талап етіледі:
1) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады;
1-1) орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері санатына жатады;
2-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.03.2026 жылғы № 25 Қаулысына сәйкес (өзгерту 19.04.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары):
Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;
3) мына:
банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензиядан айыру туралы шешім қабылданған заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) болған;
егер қылмыстық жазаны қолдану мерзімі өтпеген жағдайда, қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот үкімі не өзге де шешімі бар;
террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген тұлға заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды:
4) заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы:
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы;
жоғары білімі бар;
қаржылық қызметтер көрсету саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар тұлға болып табылады;
5) заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы:
психоневрологиялық және наркологиялық денсаулық сақтау ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған;
өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
үш жыл бұрын теріс себептер бойынша қаржы ұйымдарынан, мемлекеттік органдардан, соттардан, әскери қызметтен босатылған;
әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436, 443, 453, 462, 463, 464, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 653, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670 және 673-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген тұлға бола алмайды;
6) заңды тұлғаның банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау функциялары бар қызметкері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;
7) заңды тұлғаның банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау функциялары бар қызметкері:
психоневрологиялық және наркологиялық денсаулық сақтау ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған;
өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
бұрынғы жұмыс орнынан теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған;
террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген тұлға бола алмайды;