Bestprofi Logo

Бұйрық № 841 от 2019-11-12г./Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2021 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 841 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 қарашада № 19603 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 22 ақпаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 наурыздағы № 120 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13447 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 121 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13459 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 қарашадағы ​№ 841 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 наурызда № 120 бұйрығымен бекітілді

«Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 13211 болып тіркелген) «Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

4. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішпен қоса берілген құжаттарды беруі мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімінің (әрекетінің) басталуына негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті түскен күні 9:00-ден 17:00 сағат ішінде тіркеуді жүзеге асырып көрсетілетін қызмет берушінің басшысына береді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, өтініш тіркелгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді.

Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған кезде осы тармақшада көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту ресімделеді;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруы 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

5) құжаттарды тексерудің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы электрондық нысанда куәліктер не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық нысанда куәліктерге не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – жауапты орындаушыдан түскен күні 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

көрсетілетін қызметті берушінің басшысының жауапты орындаушыны айқындауы;

куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы куәлік не дәлелді жауап дайындау;

көрсетілетін қызметті беруші басшысының куәлікке не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері:

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті түскен күні 9:00-ден 17:00 сағат ішінде тіркеуді жүзеге асырады;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, өтініш тіркелгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігі не сәйкес еместігі тұрғысынан құжаттарды тексеруді жүзеге асырады;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы куәлік не электрондық нысанда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;

5) құжаттарды тексерудің нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы электрондық нысанда куәліктер не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық нысанда куәліктерге не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – жауапты орындаушыдан түскен күні 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

«Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін ​қызмет регламентіне қосымша

«Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

көрсетілетін қызметті берушінің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімінің (іс-қимылының) атауы;

келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 12 қарашадағы ​ № 841 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 3 наурызда № 121 бұйрығымен бекітілді

«Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1. «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 72 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 13210 болып тіркелген) «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» (бұдан әрі – стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес қоса берілген құжаттары бар өтініш мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімінің (әрекетінің) басталуына негіздеме болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті автоматты түрде тіркеуі;

2) куәлік электрондық нысанда ақпараттық жүйесімен (компьютермен) көрсетілетін қызметті берушінің қатысуысыз 20-40 (жиырма-қырық) минут ішінде беріледі.

7. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

куәлікті электрондық нысанда автоматты түрде беру.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтықтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті автоматты түрде тіркеуі;

2) куәлік электрондық нысанда ақпараттық жүйесімен (компьютермен) көрсетілетін қызметті берушінің қатысуысыз 20-40 (жиырма-қырық) минут ішінде беріледі.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание