Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армян Республикасының Үкіметі арасындағы мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын мақұлдау туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армян Республикасының Үкіметі арасындағы мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын мақұлдау туралы
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты және Армян Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартты басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армян Республикасының Үкіметі арасындағы мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армян Республикасының Үкіметі арасындағы мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты және 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартты басшылыққа ала отырып, мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу және еуразиялық экономикалық ықпалдастық жолында ілгерілету саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетудегі мүдделілікті негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісім Армения Республикасына электр энергиясын, табиғи газ бен көмірді қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының 27-тобында жіктелетін тауарларды (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарлар) жеткізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық шарттарын айқындайды.
Тараптар арасындағы ЕАЭО СЭҚ ТН 27 тобында жіктелетін тауарларды жеткізу саласындағы ынтымақтастық өзара мүдделерді қорғауға негізделеді және Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.
ЕАЭО СЭҚ ТН 27 тобында жіктелетін тауарлар есепке алу және бақылау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 43-тарауына сәйкес Қазақстан Республикасында кедендік декларациялауға жатады.
1. Қызметті үйлестіру және осы Келісімнің орындалуын бақылау үшін Тараптар мынадай құзыретті органдарды тағайындайды:
Қазақстан тарапынан – ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін көмірсутектер және тауарлар өндірісі саласындағы құзыретті орган (ҚР ЭМ);
Армения тарапынан – Армения Республикасының аумақтық басқару және инфрақұрылымдар министрлігі.
2. Осы Келісімнің шеңберінде ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарлардың тасымалдануын жоспарлауды және ұйымдастыруды қамтамасыз ететін уәкілетті ұйымдар мыналар болып табылады:
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ);
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ұлттық жүк тасымалдаушы);
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Ақтау порты);
«Құрық порты» ЖШС (бұдан әрі – Құрық порты).
3. Осы Келісімнің мақсаттары үшін Тараптардың кеден органдары деп:
Қазақстан Республикасы үшін – ҚР Қаржыминінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
Армения Республикасы үшін – АР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитеті түсініледі.
4. Құзыретті органдар, уәкілетті ұйымдар, кеден органдары немесе олардың атаулары өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.
1. Тараптардың құзыретті органдары жыл сайын ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасынан және Ресей Федерациясынан Армения Республикасына ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларды жеткізу көлемін қоса алғанда, Армения Республикасының аумағында ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларды ішкі тұтыну, жеткізу, импорттау және экспорттау өндірісінің балансын (бұдан әрі – индикативтік баланстар) жасайды.
2. Тараптардың құзыретті органдары қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін, Тараптардың заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін ратификациялауға жатпайтын және күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдерді орындауды талап етпейтін ведомствоаралық Хаттама жасасу жолымен ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарлардың тізбесін бекітеді.
Тараптар осы Келісімге сәйкес уәкілетті ұйымдарды тарта отырып, Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (резиденттерінің) Қазақстан Республикасының аумағынан Армения Республикасына ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларды Тізбеге сәйкес жеткізуді жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды.
1. Қазақстан Республикасынан Армения Республикасына индикативтік баланстарда көзделген көлемде ішкі тұтыну үшін жеткізілетін, Тізбеде бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларға қатысты Қазақстан тарапы ЕАЭО туралы шарттың 28-бабына сәйкес кедендік әкету баждарын алмайды.
2. Қазақстан Республикасынан Армения Республикасына ағымдағы күнтізбелік жылға арналған индикативтік баланстарда көзделген көлемнен тыс Тізбеде бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларды жеткізуге тыйым салынады.
Тізбеде көзделмеген, ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін, сондай-ақ индикативтік баланстарда көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасынан Армения Республикасына жеткізуге тыйым салынады.
3. Форс-мажор туындаған жағдайда (Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарындағы және/немесе Қазақстан Республикасының құбыр көлігіндегі тоқтау, іркіліс, авариялар), ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ішкі нарықты қорғау мақсатында, ЕАЭО туралы шарттың 29-бабына сәйкес, Қазақстан тарапының құзыретті органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Армения Республикасына әкетуге уақытша шектеулер белгілеуге құқылы.
Қазақстан тарапының құзыретті органы ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Армения Республикасына әкетуге уақытша шектеу енгізілгенге дейін 20 күн бұрын дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жібереді, сондай-ақ Армян тарапының құзыретті органын осы шара туралы хабардар етеді.
1. Қазақстан тарапының құзыретті органы ай сайын жоспарланған айдың алдындағы айдың 25-күніне дейін мұнай жеткізушілердің өтінімдері және мұнай өнімдерін өндіру мен тұтынудың ішкі балансы негізінде индикативтік баланстан аспайтын көлемде Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарынан Армения Республикасына мұнай өнімдерін жеткізу жоспарын бекітеді.
Жеткізушілер мәлімдеген көлем Тараптардың индикативтік баланстарында бекітілген көлемге арақатынасынан асып кеткен кезде жеткізу жоспары Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарында мұнай жеткізушілердің өңдеу көлемі шегінде өтінімдерге тікелей пропорционалды түрде бөлінеді.
1. Тізбеде бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларды тиеу жеткізу жоспарында жөнелту станциясының (Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарының) атауын және мақсатын, жүк жөнелтушінің, жүктің атауын және тиеу көлемін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарынан теміржол станциялары/порттар арқылы жүзеге асырылады.
2. Тізбеде бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларды тасымалдау:
- Теміржол көлігінің орталық кеңесі жыл сайын ағымдағы күнтізбелік жылға бекітетін Поездарды қалыптастыру жоспарына сәйкес Мемлекеттік шекараның қазақстан-ресей учаскесінде орналасқан теміржол өткізу пункттері арқылы;
- Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ақтау/Құрық порттары арқылы жүзеге асырылады.
3. Тізбеде бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларды Армения Республикасына тасымалдау аралас көлік түрімен жүзеге асырылады.
4. Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің тасымалдауға арналған өтінімдерін қабылдауды Қазақстан тарапының ұлттық жүк тасымалдаушысы, сондай-ақ Тізбеде бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларды жеткізу жоспары негізінде Ақтау және/немесе Құрық порттары атынан уәкілетті ұйымдар жүзеге асырады.
Тізбеде бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларды жеткізу жоспарында шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтінімдері болмаған жағдайда, уәкілетті ұйымдар Тізбеде бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН 27- тобында жіктелетін тауарларды Армения Республикасына тасымалдауға арналған өтінімдерді қабылдамайды.
5. Қазақстан тарапының құзыретті органы Тізбеде бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларды жеткізу жоспары бекітілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде Қазақстан тарапының уәкілетті ұйымдарына осы Келісімнің 6-бабында көрсетілген ай сайынғы жеткізу жоспарын жібереді.
6. Қазақстандық тараптың уәкілетті ұйымдары ай сайынғы жеткізу жоспары негізінде Қазақстан Республикасының теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органы бекіткен Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Тізбеде бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларды тасымалдау жоспарын қалыптастырады.
7. «Южно-Кавказская железная дорога» мемлекеттік кәсіпорны ақпараттық жүйеге «ҚТЖ» ҰК» АҚ-дан оларға келіп түскен өтінімдерді келісуге сұрау салу түскен кезде 5 тәуліктен кешіктірмей, Тізбеде бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларды жөнелту жоспарын келісуді жүргізеді. Жүк жөнелтілгеннен кейін ҚТЖ ҰК БП Тізбеде бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарларды мемлекетаралық түйісу пункттері бойынша қабылдауды және оларды межелі станцияларға жеткізуді жүзеге асырады.
8. Тараптардың жүк жөнелтушілері мен жүк алушыларына жүру жолында жүкті басқа мекенжайға жіберуге өтінім беруге және мәлімделген пунктті/межелі станцияны өзгертуді (басқа мекенжайға жіберуді) жүзеге асыруға тыйым салынады.
Жүк алушының межелі станцияға жүк келгеннен кейін және межелі елдің аумағында ғана межелі пунктті/станцияны өзгертуге (басқа мекенжайға жіберуге) өтінім беруге құқығы бар.
9. Тараптардың жүк жөнелтушілері мен жүк алушылары Тараптардың салық заңнамасына сәйкес шот-фактуралар арқылы жүкті тасымалдауды/алып өтуді, сондай-ақ ЕАЭО туралы шарттың 18-қосымшасына сәйкес тауарға ілеспе құжаттар мен өзге де құжаттарды растайды.
10. Есептіден кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан тарапының уәкілетті ұйымдары ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, Қазақстан тарапының құзыретті органына Бірыңғай тарифтік-статистикалық жүк номенклатурасының жүк номенклатуралары бойынша жеткізу жоспарына сәйкес тиеу көлемі туралы есепті ұсынады.
1. Осы Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасынан Армения Республикасына жеткізілетін, ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тізбеде көзделген тауарлар кедендік әкету баждарын алмай, үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне Армения Республикасының аумағынан әкетуге жатпайды.
2. Қазақстан тарапы Армения тарапының осы баптың 1-тармағында көзделген міндеттемелерді бұзу фактісін анықтаған жағдайда Тараптар және олардың құзыретті органдары осы Келісімнің 10-бабына сәйкес шаралар қабылдайды.
Осы баптың 1-тармағында көзделген бұзушылықтардың анықталған фактілері бойынша Армян тарапы Қазақстан тарапына Қазақстан Республикасының заңнамасына және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттарға және кедендік реттеу саласындағы актілерге сәйкес әкетілген және кері экспортталған тауарларға қатысты бұзушылық фактісі анықталған күні Қазақстан Республикасында қолданылатын кедендік әкету баждарының көлеміне баламалы өтемақы сомасын АҚШ долларымен төлейді.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтемақы сомасы әкету және кері экспорт фактісін және Қазақстан тарапына әкетілген және кері экспортталатын тауарлар үшін кедендік әкету баждарын төлеу талаптарын анықтау туралы армян тарапының құзыретті органына дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан тарапының құзыретті органы жазбаша хабарлама жіберген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кеш емес мерзімде Армян Тарапының пайдасына ақшалай нысанда төлеуге жатады.
4. Тараптардың келісімі бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтемақы сомасын төлеу индикативтік баланста көзделген санымен салыстырғанда кедендік әкету баждарын алмай, Қазақстан Республикасынан Армения Республикасына жеткізілетін тауар санының толық немесе ішінара баламалы төмендеуімен ауыстырылуы мүмкін.
5. Армения тарапы осы баптың 2-тармағында көзделген соманы төлемеген жағдайда (көрсетілген сома Армения Республикасына осы баптың 5-тармағына сәйкес жеткізілетін тауар санының баламалы төмендеуімен ауыстырылмаған бөлігінде) көрсетілген сома Армения Республикасының Қазақстан Республикасының алдындағы мемлекеттік борышы деп танылады.
Мемлекеттік борыштың көрсетілген сомасына проценттерді есептеудің тиісті кезеңі басталғанға дейін 2 жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша күн сайынғы негізде проценттер есептеледі және Армян Тарабы тоқсан сайын төлейді. Проценттерді соңғы төлеу мемлекеттік борыштың негізгі сомасын өтеу үшін соңғы төлеммен бір мезгілде жүргізіледі. Проценттер 360 күндік жылы (365/360-база) өткен күндердің нақты санына сүйене отырып есептеледі.
6. Егер Тараптардың келіссөздері мен консультацияларының қорытындылары бойынша Қазақстан тарапы Армян Тарапына бұзушылық фактісін анықтау туралы бірінші жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы жіберген күннен бастап күнтізбелік екі ай ішінде өзара қолайлы уағдаластықтарға қол жеткізілмейтін болса, Қазақстан тарапы Армения Республикасына осы Келісімде көзделген Тізбеде бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарлардың бажсыз жеткізілуіне тыйым салу және/немесе тоқтата тұру және/немесе қысқарту құқығын өзіне қалдырады.
1. Армян тарапы ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қарашасына дейін Қазақстан тарапына белгіленген тәртіппен 9 айдағы индикативтік баланстардың орындалуы туралы және олардың ағымдағы күнтізбелік жыл ішіндегі күтілетін орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ келесі күнтізбелік жылға индикативтік баланстарды қалыптастыру бойынша ұсыныстарды береді.
2. Тараптардың құзыретті органдары алдыңғы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін Тізбеде бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН 27-тобында жіктелетін тауарлардың экспорты және импорты туралы статистикаға қатысты Армения Республикасының Қазақстан Республикасымен және үшінші мемлекеттермен өзара саудасының статистикасын салыстыруды жүргізеді.
Осы Келісімнің ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге, Тараптардың бірінің осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындауы үшін кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауына байланысты даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар жолымен шешіледі.
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар оның ажырамас бөлігі болып табылады және осы Келісімнің күшіне енуі үшін көзделген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделеді.
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы Тараптардың жазбаша хабарламаларының соңғысын дипломатиялық арналар арқылы алғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.
2. Осы Келісім 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады, егер Тараптардың ешқайсысы екінші Тарапқа осы Келісім қолданылуының бастапқы мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 6 ай бұрын оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламаса, осы мерзім аяқталғаннан кейін ол автоматты түрде 5 жылға ұзартылады.
Келісім 201__ жылғы «___» ________ _________ қаласында әрқайсысы армян, қазақ және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтін негізге алынады.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Армения Республикасының
Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армян Республикасының Үкіметі арасындағы мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба
Осы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армян Республикасының Үкіметі арасындағы мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің жобасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасында (бұдан әрі - Жоба) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армян Республикасының Үкіметі арасындағы ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 27-тобында сыныпталатын тауарларды жеткізу саласындағы ынтымақтастық көзделеді.
Осы жобаны қабылдау мұнай өнімдерін жеткізу және еуразиялық экономикалық интеграция жолында ілгерілеу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетудегі мүдделілікті негізге ала отырып, Тараптардың өзара мүдделерін есепке алуға негізделеді.
Осы жобаны әзірлеуші – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.
Осы жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын қажет етпейді.
Жобаны қабылдау 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты және Армян Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартты толыққанды іске асыруға ықпал етеді.
Жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері қабылданған жоқ.
Жоба қабылданған жағдайда заңнаманы енгізілетін жобаға сәйкес келтіру талап етілмейді.
Жобаны және оның материалдарын «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің www.energo.gov.kz интернет-ресурсында 2019 жылғы ___ желтоқсанда және https://open.egov.kz/ ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында 2019 жылғы «9» желтоқсандағы орналастырылды. Жоба – rar. 41 Кбайт.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
2019 жылғы «___» __________