• Мое избранное

Отправить по почте

1

«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8662 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 желтоқсандағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 277 (28216) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін бекіту туралы»;
«1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргiзу туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшiн жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлi түрде вакцина егу, iндет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлiкте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзу туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатерi төнген жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiне сот шешiмiнсiз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) жануарға арналған ветеринариялық паспорт беру ережелерін бұзушылық туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) жануарларды санитариялық тазалау, санитариялық сою туралы нұсқаманың нысаны осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нұсқамаларын жасау және беру қағидалары осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес.»;
1, 2,3,4,6,7,8,9, және 10-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2,3,4,56,7,8 және 9-қосымшаларына сәйкес жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасың
Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
20__ жылғы «__» _______
№ _____ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2013 жылғы 22 шілдедегі
№ 16-07/333 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы / Об устранении нарушений требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии
 (жасалған күні, уақыты және орны) / (дата, время и место составления)
 (бақылау және қадағалау органының атауы)/(наименование органа контроля и надзора)
 _____________________________________________________________________________
Мен / Мною________________________________________________________
(аты, әкесінің аты тегі (бар болса) (лауазымы) / (фамилия, имя, отчество (при его наличии) (должность)
(бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, бақылауды және қадағалауды жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы) / (наименование или фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) субъекта контроля и надзора, должность представителя физического или юридического лица, присутствовавшего при проведении контроля и надзора)
 20_____ жылғы «___»_________№ _______ тексеру нәтижелері туралы актімен Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары анықталды / Актом о результатах проверки  
 от «___»_________20___года № _____________ установлены нарушения требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии  
 (бақылаудың және қадағалаудың жүргізілген күні, орны және кезеңі)/(дата, место и период проведения контроля и надзора)
2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 1 тармағының 1) тармақшасын екінші абзацын басшылыққа ала отырып / Руководствуясь с абзацем вторым подпункта 1) пункта 1 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии»  

Бұзушылықтар / Нарушения

Жою мерзімі / Срок устранения

1.




 




 

2.




 




 

3




 




 

Осы нұсқама нұсқамада көрсетілген мерзімде орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қолданылатын болады. / В случае неисполнения настоящего предписания в срок, указанный в предписании, к Вам будут приняты меры, согласно действующего законодательства Республики Казахстан.
  Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор/государственный ветеринарно-санитарный инспектор ___________________________________  
(қолы) (нұсқаманы берген адамның аты, әкесінің аты, тегі (бар болса) және лауазымы) / (подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии) и должность лица выдавшего предписание)