• Мое избранное
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11268 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы ________
№ _____ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына 1-қосымша
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 45-бабының 4-1) тармағына сәйкес әзірленді және халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін қамтитын, тәулік бойы медициналық байқау болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек;
2) бейінді маман – жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
3) білікті медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;
4) дәрігерге дейінгі медициналық көмек – аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек;
5) динамикалық байқау – халық денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
6) клиникалық хаттама – белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;
7) мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;
8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.
3. Медициналық қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6774 болып тіркелген) бекітілген Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеге сәйкес МСАК ұйымы қажетті үй-жайлар жиынтығымен, сондай-ақ медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.
4. МСАК ұйымы медициналық көмек көрсетуді «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 16-бабына сәйкес уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес қамтамасыз етеді.
5. МСАК ұйымы «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) сәйкес медициналық құжаттарды, оның ішінде электрондық денсаулық сақтау жүйелерінде жүргізеді.
2-тарау. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету тәртібі
6. МСАК-ты учаскелік терапевттер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер мен медициналық мейіргерлер:
1) МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымында немесе оның бөлімшелерінде;
2) орны бойынша шығу бойынша, оның ішінде үйдегі стационар жағдайында;
3) медициналық ұйымнан едәуір алыста орналасқан және (немесе) климаттық-географиялық жағдайларды ескере отырып, көлік қолжетімділігі нашар елді мекендердегі жергілікті жерге шыға отырып, жылжымалы медициналық кешендерде, медициналық пойыздарда;
4) білім беру ұйымдарында;
5) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып дистанционды көрсетеді.
7. МСАК ұйымының қызметі халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында олардың тұрғылықты жері және (немесе) бекітілген жері бойынша МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын ескере отырып, медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аумақтық қағидат бойынша құрылады.
Аумақтық қағидаттың негізінде учаскеге мамандарды бекіте отырып, МСАК учаскесі құрылады.
8. Бекітілген тұрғындар саны бір жалпы практика дәрігеріне 1700 адам аралас тұрғындар, учаскелік терапевт 2200 адам, учаскелік педиатр 6 жасқа дейін 500 бала, 14 жасқа дейін 900 баладан аспайды.
9. МСАК:
1) шұғыл тәртіпте – шұғыл медициналық көмек көрсеткен жағдайда бекіту фактісіне қарамастан;
2) жоспарлы тәртіпте – алдын ала жазылуы немесе жүгінуі бойынша бекіту орны бойынша көрсетіледі.
10. МСАК көмектің мынадай түрлерін:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес МСАК-тың медицина қызметкерлері (фельдшер, акушер, орта және (немесе) жоғары медициналық білімі бар мейіргер) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі бойынша дәрігердің қатысуын талап етпейтін аурулар немесе жағдайлар кезінде арнайы диагностикалық әдістерді қолдану, емдеу және медициналық оңалту бойынша медицина қызметкерлері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) көрсететін дәрігерге дейінгі медициналық көмекті;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес МСАК дәрігерлері (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт дәрігер, учаскелік педиатр) көрсететін медициналық қызметтердің тізбесі бойынша жалпы практика дәрігері көрсететін білікті медициналық көмекті;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес МСАК ұйымдарының әлеуметтік қызметкері және шақырылған психолог қызметінің тізбесі бойынша денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкері және шақырылған психолог көрсететін медициналық-әлеуметтік көмекті қамтиды.
МСАК ұйымы мынадай қызметтерді көрсетеді: профилактика және сауықтыру, диагностика және емдеу, динамикалық байқау, медициналық оңалту және паллиативтік көмек қызметтері, еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама.
11. МСАК ұйымы:
халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексеру кезіндегі көрсетілетін консультативтік-диагностикалық қызметтерден;