• Мое избранное
Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидентбанктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 желтоқсанда № 19680 болып тіркелді

Редакция 08.01.2023 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.02.2022 жылғы № 19 Қаулысына сәйкес (29.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент- банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және  құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.  
2. Осы қаулыға қосымшаға  сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.  
3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Қажымұратов Ж.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді ;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
7. 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін мыналардың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:
1) осы қаулының тақырыбы, тоқтатыла тұру кезеңінде осы қаулы тақырыбының мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»; 
2) осы қаулының 1-тармағының, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтың мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және  құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
3) Қағидалар тақырыбының, тоқтатыла тұру кезеңінде Қағидалар тақырыбының мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидалары»;
4) Қағидалардың 1-тармағының, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтың мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«1. Осы Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында (бұдан әрі – банк) және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда (бұдан әрі – инкассаторлық ұйымдар) кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
5) Қағидалардың 5-тармағының, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтың мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«5. Банк кассалық операцияларды жүзеге асыру үшін, жайластырылуы Банктер туралы заңның 15-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес Ұлттық Банк бекітетін Екінші деңгейдегі банктердің, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі – Үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары) айқындалатын кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған арнайы жабдықталған үй-жайлар жүйесін – кассалық торап жабдықтайды.»;
6) Қағидаларға 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіннің, тоқтатыла тұру кезеңінде осы мәтіннің мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«Екінші деңгейдегі банктерде,
Ұлттық пошта операторында
және банкноттарды, монеталарды және
құндылықтарды инкассациялау айрықша
қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда
кассалық операцияларды және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды инкассациялау
жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына
1-қосымша»;
7) Қағидаларға 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіннің, тоқтатыла тұру кезеңінде осы мәтіннің мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«Екінші деңгейдегі банктерде,
Ұлттық пошта операторында
және банкноттарды, монеталарды және
құндылықтарды инкассациялау айрықша
қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда
кассалық операцияларды және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды инкассациялау
жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша»;
8) Қағидаларға 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіннің, тоқтатыла тұру кезеңінде осы мәтіннің мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«Екінші деңгейдегі банктерде,
Ұлттық пошта операторында
және банкноттарды, монеталарды және
құндылықтарды инкассациялау айрықша
қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда
кассалық операцияларды және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды инкассациялау
жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша»;
9) Қағидаларға 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіннің, тоқтатыла тұру кезеңінде осы мәтіннің мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«Екінші деңгейдегі банктерде,
Ұлттық пошта операторында
және банкноттарды, монеталарды және
құндылықтарды инкассациялау айрықша
қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда
кассалық операцияларды және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды инкассациялау
жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша»;
10) Қағидаларға 5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіннің, тоқтатыла тұру кезеңінде осы мәтіннің мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«Екінші деңгейдегі банктерде,
Ұлттық пошта операторында
және банкноттарды, монеталарды және
құндылықтарды инкассациялау айрықша
қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда
кассалық операцияларды және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды инкассациялау
жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша»;
11) Қағидаларға 6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіннің, тоқтатыла тұру кезеңінде осы мәтіннің мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:
«Екінші деңгейдегі банктерде,
Ұлттық пошта операторында
және банкноттарды, монеталарды және
құндылықтарды инкассациялау айрықша
қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда
кассалық операцияларды және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды инкассациялау
жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына
6-қосымша»
Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы «29» қарашадағы
№ 231 қаулысымен
бекiтiлген
Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент- банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында (бұдан әрі – банк) және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда (бұдан әрі – инкассаторлық ұйымдар) кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.02.2022 жылғы № 19 Қаулысына сәйкес (29.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы бояу – банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру кезінде банкноттарды сақтауға және қауіпсіз тасымалдауға арналған құрылғыларда (кейстер және контейнерлер) пайдаланылатын, еріткіштердің, химиялық реактивтердің әсеріне төзімді, олардың банкноттарда болуын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін сипаттамалары бар бояу құралы;
2) бақылаушы қызметкер – банктің касса қызметкерінің қолма-қол ақшаны қайта санау, сұрыптау және орау бойынша кассалық операцияларды жүзеге асыру үшін бақылауды жүзеге асыратын қызметкері;
3) банк-эмитент-– шет мемлекеттің ақша белгілерін шығаруға және оларды айналыстан алуға байланысты операцияларды жүзеге асыруды реттейтін орталық банкі;
4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау – банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қабылдау, жинау, жеткізу, тапсыру, тасымалдау және сақтау, сондай-ақ банкноттары, монеталары және құндылықтары бар клиентті алып жүру;
5) банктің инкассация бөлімшесі – банктің банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыратын бөлімшесі;
6) касса – қолма-қол ақшаны қабылдау, беру, қайта санау, сұрыптау және орау бойынша кассалық операцияларды жүзеге асыру үшін арнайы жабдықталған үй-жай;
7) касса қызметкері –кассалық операцияларды жүзеге асыратын банк қызметкері;
8) клиент – банктің және (немесе) инкассаторлық ұйымның қызметін алатын жеке немесе заңды тұлғалар, оның ішінде олардың мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғалар;