Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту, «Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 900 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту, «Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сауда өкілдігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi органына (бұдан әрі – уәкілетті орган) есеп бередi.
Уәкілетті орган Сауда өкілдігінің қызметiн бақылауды, сондай-ақ оны қаржылық және кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша жыл сайынғы негізде Сауда өкілдігінің жұмыс жоспарын және Сауда өкілдігі қызметі тиімділігінің түйінді көрсеткіштерін бекітеді.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сауда өкілдігінің жұмысын үйлестiредi және бақылайды»;
8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Ресей Федерациясының нарығына қазақстандық тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, зияткерлік меншік объектілерін ілгерілетуге, сондай-ақ сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларына болу мемлекетінде кредит ресурстарын берудің қолайлы жағдайларын жасауға жәрдем көрсету;».
7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сыртқы сауда қызметінің қазақстандық және шетелдік қатысушылары арасындағы сауда және басқа да коммерциялық дауларды сотқа дейін реттеуге жәрдемдеседі;
8) қазақстандық тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, зияткерлік меншік объектілерінің экспортын жүзеге асыру үшін кедергілерді анықтау және оларды жою бойынша шаралар туралы ұсыныстар дайындау жұмыстарын жүргізеді;
9) қазақстандық тауарларды, көрсетілетін қызметтерді және зияткерлік меншік объектілерін ілгерілету мақсатында Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен сауда-экономикалық мәселелер бойынша келіссөздерге қатысады;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларына болу мемлекетінің аумағында бірлескен жобаларды іске асыру үшін әріптестерді іріктеуде, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындармен және ұйымдармен ынтымақтастыққа тартылған болу мемлекетінің жеке және заңды тұлғаларының сенімділігі тұрғысынан қарастыруда жәрдем көрсетеді;»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Мемлекеттік мекемелердің (мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік органдардан басқа), акцияларының бақылау пакеті немесе жарғылық капиталына қатысудың бақылау үлесі мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері Сауда өкілдігінде өз қызметін уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша көрсетілген өкілдер Сауда өкілдігінің штат санына кірмей жүзеге асыра алады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1) Сауда өкілдігінің жұмысына тікелей басшылық етеді;
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, болу мемлекетінің жергілікті жағдайлары мен дәстүрлеріне сәйкес Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің жұмыс уақыты мен демалу уақытының режимін анықтайды;
3) Сауда өкілі орынбасарларының, Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
4) Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
5) Сауда өкілдігінің атынан заңдық әрекеттер жасайды;
6) арнайы байланыс арналары бойынша мемлекеттік органдарға жолданатын құжаттарға өзі қол қоюға құқығы бар;
7) кадрмен қамтамасыз ету, қаржылық, бухгалтерлік қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-шаруашылық қызмет мәселелеріне қатысты барлық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;
8) өзі болмаған кезеңге өз өкілеттіліктерін орынбасарларының біреуіне жүктеу туралы бұйрықтар шығарады;
9) Сауда өкілдігіне және Сауда өкілдігінің Қазан қаласындағы бөлімшесіне жұмысқа қабылдау үшін кандидатураларды уәкілетті органның бірінші басшысының қарауына ұсынады;
10) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген штат санының лимиті шегінде Сауда өкілдігінің құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды және Қазақстан Республикасының және болу мемлекетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады;
12) өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен келіседі және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігіне атқарылған жұмыс туралы есеп береді.
Сауда өкілі Сауда өкілдігінің өзіне жүктелген міндеттерді орындауына және тиімділіктің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты болады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин