Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 214 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 желтоқсанда № 19688 болып тіркелді
Редакция 01.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
2019 жылғы «___» _____________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 214 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидалары мен әдістемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6207 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтердің мәндерін есептеу қағидалары мен әдістемелерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтердің мәндерін есептеу қағидалары мен әдістемелері бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтердің мәндерін есеп айырысу қағидалары мен әдістемелерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтердің мәндерін есептеу қағидалары мен әдістемелері»;
6-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Кт – осы Қағидаларға 1-қосымшаға (бұдан әрі – 1-қосымша) сәйкес Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген сауда-саттықты ұйымдастырушы активтерiнiң кестесіне, осы Қағидаларға 2-қосымшаға (бұдан әрі – 2-қосымша) сәйкес Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген сауда-саттықты ұйымдастырушының шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне, осы Қағидаларға 3-қосымшаға (бұдан әрі – 3-қосымша) сәйкес Кредиттік тәуекелді ескеріп мөлшерленген туынды қаржы құралдарының кестесіне сәйкес кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің, туынды қаржы құралдарының сомасы ретінде есептелетін кредиттік тәуекел.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. К2 сауда-саттықты ұйымдастырушының ағымдағы өтімділігінің коэффициенті – 0,015 кем емес.
Сауда-саттықты ұйымдастырушы К2 коэффициентінің мәнін осы Қағидаларға 4-қосымшаға (бұдан әрі – 4-қосымша) сәйкес К2 ағымдағы өтімділік коэффициентінің кестесіне сәйкес ай сайын есепті айдың соңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша есептейді.»;
1-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген сауда-саттықты ұйымдастырушы активтерiнiң кестесі осы Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымшаға сәйкес Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген сауда-саттықты ұйымдастырушының шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесі Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымшаға сәйкес Кредиттік тәуекелді ескеріп мөлшерленген, туынды қаржы құралдарын ашып жазу Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымшаға сәйкес К2 ағымдағы өтімділік коэффициентін ашып жазу Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемесін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігін табыс ету қағидаларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері (бұдан әрі – Нормативтер);»;
1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінде және оларды есептеу әдістемесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері (бұдан әрі – Нормативтер) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін белгiлейді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Төлем қабілеттілігі маржасының ең төменгі мөлшерін ұлғайту кестесі бойынша есептелген төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің ұлғаю сомасына сәйкес қайта сақтандырушының рейтингтік бағасына немесе өткен есепті күнгі Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәніне байланысты, қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға берілетін (берілген) міндеттемелер сомасына ұлғаяды.»;
34-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нормативтердің 38-тармағы 5) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша – Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесіне сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін есептеуде көрсетілген көлемде;»;
34-тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: