Toggle Dropdown
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 223 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 желтоқсанда № 19701 болып тіркелді
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есебінің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының күтілмеген тәуекелдердің резервін есептеу туралы есебінің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақтандыру резервін есептеу туралы есебінің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін орындау туралы есебінің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есебінің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының күтілмеген тәуекелдердің резервін есептеу туралы есебінің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақтандыру резервін есептеу туралы есебінің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілігін ұсыну қағидалары.
2. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін орындау туралы есебіне осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес нысан, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелеріне, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшеріне 5-қосымшаға сәйкес Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесiне және 6-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне сәйкес сақтандыру тобының қатысушылары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталдың) ең төмен мөлшерінің есебі кіреді.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:
1) ай сайын осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей, есептілікті;
2) тоқсан сайын осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей, есептілікті;
3) жыл сайын осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес есепті жылдан кейінгі жылдың 10 (оныншы) ақпанынан кешіктірмей, есептілікті электрондық форматта ұсынады.
Сақтандыру тобының бас ұйымы осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті:
тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 1 (бірінші) күнінен кешіктірмей;
өткен жылдың төртінші тоқсаны үшін есепті тоқсаннан кейінгі жылдың 1 (бірінші) сәуірінен кешіктірмей электрондық форматта ұсынады.
Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:
1) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей, есептілікті;
2) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 6 (алтыншы) жұмыс күнінен кешіктірмей, есептілікті;
3) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес есепті жылдан кейінгі жылдың 10 (оныншы) ақпанынан кешіктірмей, жыл сайын есептілікті электрондық форматта ұсынады.
4. Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
7. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
2019 жылғы «___» _____________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 223 қаулысына
1-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілігінің тізбесіне мыналар кіреді:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есебі;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының күтілмеген тәуекелдердің резервін есептеу туралы есебі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақтандыру резервін есептеу туралы есебі;
4) сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін орындау туралы есебі;
5) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есебі;
6) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының күтілмеген тәуекелдердің резервін есептеу туралы есебі;
7) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақтандыру резервін есептеу туралы есебі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 223 қаулысына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 2-PN_M