• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2025 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № 1296 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 желтоқсанда № 19693 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 01.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі А. Смаилов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 28 қарашадағы № 1296
 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 жылғы № 687 Бұйрығына сәйкес (15.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18768 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі жаңа редакцияда жазылсын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 15.08.2024 жылғы № 546 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 жылғы № 687 Бұйрығына сәйкес (15.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 521 бұйрығымен
бекітілген
Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атауы

1.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

2.

ЖиҺаз өнімі

3.

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

4.

Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімі тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына жататын тауарлар (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес)

5.

Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер

6.

Жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)

7.

Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер

8.

Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер

Ескерту:
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 15.08.2024 жылғы № 546 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)