• Мое избранное

Отправить по почте

1

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 222 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 желтоқсанда № 19710 болып тіркелді

Редакция 13.06.2023 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.05.2023 жылғы № 35 Қаулысына сәйкес (20.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 жылғы № 112 Қаулысына сәйкес (22.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.05.2023 жылғы № 35 Қаулысына сәйкес (20.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға берілген микрокредиттер бойынша активтерді сыныптау туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді сыныптау туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес электрондық тәсілмен берілген микрокредиттер (онлайн микрокредиттер) және олар бойынша анықталған алаяқтық фактілері туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес кредиттік серіктестік жеке және заңды тұлғаларға берген, оның ішінде мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаларға жеке пайдалануға арналған мүлікті кепілге қоя отырып берілген, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес есепті кезеңде берілген қарыздар бойынша өзгерістер туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес пайдалану бағыттары бойынша микрокредиттер туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес микроқаржы ұйымы жеке және заңды тұлғаларға берген, оның ішінде мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес микроқаржы ұйымы берген, оның ішінде мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Микроқаржы ұйымдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша) осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда) ұсынады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 жылғы № 112 Қаулысына сәйкес (22.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.05.2023 жылғы № 35 Қаулысына сәйкес (20.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Микроқаржы ұйымдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша) осы қаулының 1-тармағының 5), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген есептілікті ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда) ұсынады.
Кредиттік серіктестіктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (кредиттік серіктестіктің орналасқан жері бойынша) осы қаулының 1-тармағының 6), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда) ұсынады.
Ломбардтар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (ломбардтың орналасқан жері бойынша) осы қаулының 1-тармағының 6), 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда) ұсынады.
1) «Микроқаржы ұйымдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 272 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14741 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 159 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 19 қыркүйекте № 17391 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
1
4. Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
1
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
7. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
 2019 жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 222 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 жылғы № 112 Қаулысына сәйкес (22.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.05.2023 жылғы № 35 Қаулысына сәйкес (20.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тізбесі
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілігінде:
1) жеке және заңды тұлғаларға берілген микрокредиттер бойынша активтерді сыныптау туралы есеп;
2) берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді сыныптау туралы есеп;
3) қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп;
4) электрондық тәсілмен берілген микрокредиттер (онлайн микрокредиттер) және олар бойынша анықталған алаяқтық фактілері туралы есеп;
5) заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есеп;
7) кредиттік серіктестік жеке және заңды тұлғаларға берген, оның ішінде мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы есеп;
8) жеке тұлғаларға жеке пайдалануға арналған мүлікті кепілге қоя отырып берілген, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы есеп;
9) есепті кезеңде берілген қарыздар бойынша өзгерістер туралы есеп;
10) пайдалану бағыттары бойынша микрокредиттер туралы есеп;
11) микроқаржы ұйымы жеке және заңды тұлғаларға берген, оның ішінде мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы есеп;
12) микроқаржы ұйымы берген, оның ішінде мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы есеп қамтылады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ 222 қаулысына
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.05.2023 жылғы № 35 Қаулысына сәйкес (20.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)