• Мое избранное
«Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 155-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген, 2010 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының №3 нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидалары мен кезеңділігі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі К.Т. Надыровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы «____» ________
№ _____ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 10 қарашадағы
№ 685 бұйрығына 1-қосымша
Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтары

р/с №

Нысаналы топ

Профилактикалық медициналық қарап тексеру түрі

1

18 жасқа дейінгі балалар

Ауруды ерте айқындауға

2

30-70 жастағы артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, онкологиялық патология бойынша п рофилактикалық медициналық қарап-тексеруле ді өтетін әйелдер мен ерлер

Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға

3

Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 30-70 жастағы әйелдер

Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған

4

Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық қарап-тексеру

5

Глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер

Глаукоманы ерте анықтауға

6

Сүт безінің қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы әйелдер

Сүт безінің обырын ерте анықтауға

7

Жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер

Колоректалдық обырды ерте анықтауға

8

Қауіп топтары:

1) медицина қызметкерлері:

- қанды өңдеуге қатысатын инвазивті ем-шараларды жүргізетін, гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары;

-хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін;

-клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар;

2) жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар;

3) гемодиализ, гематология, онкология, транспланттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;

4) г емотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды транспланттау және ауыстырып қондыруды алатын пациенттер;

5) Жүкті әйелдер;

6) Инъекциялық есірткіні қолданатын адамдар, ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер, секс қызметкерлері

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға

9

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ай сайынғы аударымдары бар барлық сақтандырылған тұлғалар, оның ішінде мемлекет сақтандырған тұлғалар санаттарын қоспағанда, жұмыс берушіден

Жұмыс істейтін сақтандырылған халық үшін профилактикалық медициналық тексеру

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы «____» ________
№ _____ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 10 қарашадағы
№ 685 бұйрығына 2-қосымша
Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидалары мен кезеңділігі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу қағидалары мен кезеңділігі (бұдан әрі – Қағидалар) халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу тәртібін және кезеңділігін айқындайды.
2. Осы бұйрықта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) Бетесда терминологиялық жүйесі – цитологиялық зерттеу нәтижесін стандарттау;  
2) динамикалық байқау - пациенттің денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
3) Медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) — медициналық ұйымдардың бизнес-процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе ;
4) жүрек-қантамырының жалпы қаупін бағалау шкаласы – жақын 10 жылда жүрек-қантамыр ауруларының өлім қаупін бағалау шкаласы (бұдан әрі – SCORE шкаласы);
5) Кетле индексі – ағзаның дене дамуының үйлесімділігін бағалау көрсеткіші, дененің салмағының бойдың ұзындығына қатынасы;
6) сүт безін сәулелік зерттеудің нәтижелер талдау және хаттамалау жүйесінің жіктеуі – маммографиялық зерттеулерді стандарттау (бұдан әрі - ВI-RADS жіктеуі);
7) Халықтың нысаналы тобы – профилактикалық медициналық қарап-тексерудің тиісті түрінен өтуге жататын, тексеру жүргізілетін ауру бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын халық тобы.
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі-МӘМС) пакеттері бойынша бөле отырып, профилактикалық медициналық қарап-қарап-тексеруге жататын 18 жасқа дейінгі балалардың және ересек халықтың нысаналы топтары үшін зерттеулер тізбесі жүргізіледі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес осы қызметтің түріне лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілер осы Қағидаларға 1,2-қосымшаларға сәйкес жүргізеді.  
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары:
1) осы Қағидаларға сәйкес халықтың нысаналы топтарына жыл сайын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізуді;
2) МАЖ профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткені туралы деректерді енгізу;
3) профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізудің мониторингі және талдау.
5. Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді динамикалық бақылаумен (бұдан әрі – ДБ) және сауықтырумен МСАК ұйымдары жүзеге асырады:
1) қала халқы үшін –меншік нысанына қарамастан МСАК ұйымдары;
2) ауыл халқы үшін – медициналық пункттер, фельдшерлік-акушериялық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, арнайы автокөлік пен темір жол көлігі базасындағы жылжымалы медициналық кешендерді (пойыз) пайдаланумен аудандық емханалар.
6. МСАК ұйымдары:
1) медициналық ұйымға тіркелген халық санынан профилактикалық медициналық қарап-қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы тобын қалыптастырады;
2) осы қарап-тексерулер жүргізу үшін бейінді медициналық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз етеді;
3) халықты профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өту қажеттілігі туралы ақпараттандырады;
4) МАЖ профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткені туралы деректерді енгізеді;
5) өткізілетін профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге ай сайын талдау жүргізеді;
7. Осы профилактикалық қарап-тексерулер өткізілетін ауруларының бейіні бойынша ДБ тұрған адамдар профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жатпайды.
8. Қосымша диагностикалық зерттеулер мен бейінді мамандардың қарап-тексерулері көрсетілімдер бойынша жүргізіледі.
9. МСАК ұйымының орта медициналық персоналы немесе МСАК ұйымының жауапты адамы жүргізілген профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша профилактикалық қарап-тексеруден өткен және толық қарап-тексеруге жіберілген нысаналы топтағы пациенттердің зерттеп-қарауға шақырылғандардың тізімін салыстырады. Жолдама МАЖ енгізіледі және ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы беріледі.
10. Сақтандырылған халыққа «Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі - № 907 бұйрық) бекітілген № 086/е, № 083/е, 108/е нысаны бойынша медициналық анықтамаларды алуға алдын ала медициналық қарап-тексеру өткізу мыналарды көздейді. Бейінді мамандардан тексерісінен өткеннен кейін тексерілуші ЖПД-дан немесе учаскелік терапевтен «жарамды» немесе «жарамсыз» деген қорытынды алады. Қарап-тексерулердің деректері АЖ-ға енгізіледі.
Қарап-тексеру кезінде патологиялар анықталған жағдайда учаскелік терапевт немесе ЖПД тексерілушіні одан әрі тексеру және емдеу үшін бекітілген орны бойынша жібереді.
2-тарау. Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу тәртібі