• Мое избранное
«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 921 қаулысы

Осы Қаулы 2022 жылғы 4 cәуірден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.03.2022 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 62-63, 577-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 1-5, 1-6-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Объектілерді пайдалану кезінде осы Қағидалардың және белгіленген тәртіппен бекітілген, объектілерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары қамтылған басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі.
1-2. Объектіде өрт қауіпсіздігін меншік нысандарына қарамастан, объектілердің иелері, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ дара кәсіпкерлер (бұдан әрі – ұйым басшысы) қамтамасыз етеді. Ұйымдардың басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленген тәртіппен жұмыстардың жекелеген учаскелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауаптыларды тағайындайды.
1-3. Ұйым басшысы осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес әрбір объектіге қатысты (жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) олардың өрт қауіптілігіне сәйкес келетін өртке қарсы режимді белгілейтін өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекітеді.
1-4. Түтін жою жүйелерімен, өртті анықтау мен сөндірудің, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру мен оларды эвакуациялауды басқарудың автоматты қондырғыларымен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану (оның ішінде тұрғын үй-пайдалану) үшін жауапты ұйымдардың басшылары көрсетілген жүйелерді жарамды күйде ұстайды.
1-5. Ұйым басшысы өрт сөндіру және өрт сигнализациясы қондырғыларының, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялауды басқару, түтіннен қорғау және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерінің, өртке қарсы есіктердің, клапандар мен люктердің, өртке қарсы қалқалардағы, үй-жайлардағы, ғимараттар мен құрылыстардағы ойықтарды өзге де толтырғыштардың, адамдарды қорғау және құтқару құралдарының жобалау құжаттамасына сәйкес келуін және олардың үнемі жарамды жұмыс күйінде болуын қамтамасыз етеді.
Қондырғыны (жекелеген желілерді, хабарлағыштарды), өртке қарсы қорғау жүйесін немесе құралдарын өшіруге байланысты техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды орындау кезеңінде ғимараттар мен құрылыстарды өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шараларды іске асырмай пайдалануға жол берілмейді.
1-6. Объектілерде мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3, 2-4, 2-5, 2-6, 2-7, 2-8, 2-9, 2-10, 2-11, 2-12, 2-13, 2-14, 2-15, 2-16, 2-17, 2-18, 2-19, 2-20, 2-21, 2-22, 2-23, 2-24, 2-25, 2-26, 2-27, 2-28, 2-29, 2-30, 2-31, 2-32, 2-33, 2-34, 2-35, 2-36, 2-37, 2-38, 2-39, 2-40, 2-41, 2-42, 2-43, 2-44, 2-45, 2-46, 2-47, 2-48, 2-49, 2-50, 2-51, 2-52, 2-53, 2-54, 2-55, 2-56, 2-57, 2-58, 2-59, 2-60, 2-61, 2-62, 2-63, 2-64, 2-65, 2-66, 2-67, 2-68, 2-69, 2-70, 2-71, 2-72, 2-73-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігі мен сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында объектілердің өзгешеліктері мен өндірістік процестердің ерекшеліктерін ескере отырып, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын техникалық күтіп-ұстау жөніндегі ведомстволық (салалық, объектілік) қағидалар мен нұсқаулықтар әзірленеді.
2-2. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға берген сәттен бастап әрбір объектіде техникалық қызмет көрсетуді және жоспарлы-алдын ала жөндеуді жүргізу ұйымдастырылады.
2-3. Өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу жұмыстарын пайдаланушы ұйым осы жұмыстарды орындау бойынша білікті мамандар болған кезде дербес жүргізеді.
Арнайы оқытылған қызмет көрсетуші персонал болмаған жағдайда, өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша регламенттік жұмыстар дайындаушы зауыттардың техникалық құжаттамасын ескере отырып жасалатын жылдық жоспар-графикке және регламенттік жұмыстарды жүргізу мерзімдеріне сәйкес ұйымдармен шарт бойынша жүзеге асырылады.
2-4. Ғимараттардың өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарының (автоматты өрт сигнализациясы және өрт сөндіру қондырғыларының, түтіннен қорғау, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру және оларды эвакуациялау жүйелерінің және қол өрт сөндіргіштерінің) тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ұйым басшысының бұйрығымен өртке қарсы қорғау жүйелерін пайдалану, бастапқы өрт сөндіру құралдарын сатып алу, жөндеу, олардың сақталуы мен іс-әрекетке әзірлігі, техникалық қызмет көрсетуді (қол өрт сөндіргіштерін қайта зарядтау) және жоспарлы-алдын ала жөндеуді уақтылы және сапалы жүргізу үшін жауапты лауазымды адам тағайындалады.
Өрт сөндіргіштерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету «Өрт техникасы. Өрт сөндіргіштер. Пайдалануға қойылатын талаптар» ҚР СТ 1487 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2-5. Объектіде өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын білікті пайдалану және техникалық жарамды күйде күтіп-ұстау үшін басшының бұйрығымен мынадай персонал тағайындалады:
1) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты адам;
2) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына қызмет көрсетуге шарт болмаған кезде, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және оларды жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды орындау үшін мамандар. Мамандарды оқытуды өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты адам объектінің басшысы бекіткен бағдарлама бойынша жүргізеді.
2-6. Кезекші персоналдың үй-жайларында, эвакуациялау жоспарларын және өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтарды орналастыру орындарында өртке қарсы қызметтің «101» және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметтің «112» телефон нөмірлері көрсетілген тақташалар ілінеді.
Кезекші персонал өзіне жүктелген функцияларға сәйкес ғимараттың барлық есіктерінің құлыптары кілттерінің жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Кілттердің қосалқы жиынтығы ғимараттың бірінші қабатындағы кезекші персоналдың (күзет) үй-жайында сақталады.
Әрбір кілт оның қай құлыпқа тиесілі екендігі жазылған биркамен қамтамасыз етіледі.
Кезекші персонал телефон орнатылған үй-жайларда орналасады және түнде ғимаратта қалған ересектер мен балаларды есепке алу журналын ерікті нысанда жүргізеді.
2-7. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға жауапты адам:
1) осы Қағидалардың талаптарының орындалуын;
2) шарт бойынша графикке және күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды бақылауды және қабылдауды;
3) уақтылы техникалық қызмет көрсетуді және жоспарлы-алдын ала жөндеуді жүргізуді ұйымдастыру жолымен өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жұмысқа қабілетті күйде ұстауды;
4) қызмет көрсетуші және кезекші персоналды оқытуды, сондай-ақ қорғалатын үй-жайларда жұмыс істейтін адамдарға өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғылары іске қосылған кездегі іс-қимылдар бойынша нұсқама беруді;
5) қажетті пайдалану құжаттамасын әзірлеуді және оны жүргізуді;
6) мынадай:
дайындаушыларға – өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жинақталмаған немесе техникалық құжаттамаға сәйкес келмейтін техникалық құрылғылары мен жабдығын жеткізген кезде;
монтаждау ұйымдарына – сапасыз монтаждау анықталған кезде;
қызмет көрсететін ұйымдарға – өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-алдын ала жөндеуді уақтылы және сапалы жүргізбегені үшін наразылықтарды уақтылы беруді қамтамасыз етеді.
2-8. Өртке қарсы қорғау жүйелерінің техникалық құралдарына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды, бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуын және олардың жай-күйін тексерулерді есепке алу арнайы журналда немесе техникалық қызмет көрсетуді және жоспарлы-мәжбүрлі жөндеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесінде көрсетіледі.
2-9. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жоспарлы-алдын ала жөндеуді объектінің білікті мамандары немесе осы қызмет түрін шарт негізінде жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – орындаушы) орындайды. Ұйыммен өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және оларды жоспарлы-алдын ала жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге шарттың болуы объект басшысын осы Қағидалардың талаптарын орындау үшін жауапкершіліктен босатпайды.
2-10. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен оларды жоспарлы-алдын ала жөндеу:
1) жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізуді;
2) ақауларды жоюды және ағымдағы жөндеу жүргізуді;
3) дұрыс пайдалану мәселелерінде орындаушының тапсырыс берушіге көмек көрсетуін қамтиды.
2-11. Техникалық қызмет көрсету, жоспарлы-алдын ала жөндеу мерзімділігі мен жұмыстардың көлемдері қызмет көрсетілетін өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес белгіленеді және шартта көрсетіледі.
2-12. Ұйым басшысы объектілерде қызмет көрсетуші персонал үшін «Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар» және «Кезекші (жедел) персоналға арналған нұсқаулықтар» әзірлеп, оны бекітеді.
2-13. Объектіге қызмет көрсететін персонал немесе орындаушы белгіленген мерзімдерде регламенттік жұмыстарды жүргізеді және тиісті пайдалану құжаттамасын толтырады.
2-14. Ұйым басшысы өрт автоматикасы жүйелерімен және қондырғыларымен жабдықталған объектіде мынадай құжаттаманың:
1) өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларына жобалау-сметалық құжаттамасының;
2) орындау құжаттамасының (жұмыс сызбалары жиынтығының), жасырын жұмыстардың (олар болған жағдайда), сынақтар мен өлшеулер актілерінің;
3) осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актісінің;