-
|
16-тармақ
|
16. Жоқ.
|
16. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының талап етілмеген сомаларына жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ, сондай-ақ тегінде, атында, әкесінің атында және туған күнінде дұрыс деректемелер көрсетілмеген БЖЗҚ-дағы сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы сомалар жатқызылады.
БЖЗҚ осы Қағидалардың 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген салымшыларды (алушыларды) сәйкестендіруді мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) сәйкестендірілмеген салымшылардың (алушылардың) деректемелерін салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ ақпараттық жүйесіндегі деректемелерімен фонетикалық іздеу (айтылуы бойынша ұқсас), сондай-ақ тектерін, аттарын және әкелерінің аттарын қазақ және орыс тілдерінде жазған кезде транслитерация белгісін ескере отырып, салыстырып тексеру жүргізіледі;
2) салымшылардың (алушылардың) деректемелерін (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні) деректемелерін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорымен, оның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғына салыстырып тексеру жүргізіледі.
Қате деректемелері бар салымшылар (алушылар) сәйкестендірілген жағдайда, БЖЗҚ оларды «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына сәйкес келтіреді.
|
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары талап етілмеген зейнетақы жинақтарына жататындығын анықтау үшін.
БЖЗҚ ЖСН жоқ және толық аты-жөні, туған жылы дұрыс көрсетілмеген салымшыларды (алушыларды) сәйкестендіру тәртібін анықтау.
|