Toggle Dropdown
1
«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасы
Toggle Dropdown
«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6774 тіркелген, 2011 жылғы № 3 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) өзгеріс енгізу:
Toggle Dropdown
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
«__» ___________
№ _____ бұйрығына қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 5 қаңтардағы
№ 7 бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже (бұдан әрі – ереже) бастапқы медициналық-санитариялық көмекті (бұдан әрі – БМСК) және консультациялық – диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) қамтитын амбулаториялық – емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттейді.
Toggle Dropdown
2. Амбулаториялық-емханалық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарына сәйкес ақылы негізде көрсетіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11341 болып тіркелген).
Toggle Dropdown
2.1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсету медициналық қызметке мемлекеттік лицензиясы бар мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдарда (бұдан әрі-медициналық ұйымдар) жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
3. Денсаулық сақтау ұйымдарының есептік медициналық құжаттамасының бастапқы нысанын ресімдеу «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 907 бұйрығына (бұдан әрі – № 907 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың (бұдан әрі-АЕҰ) негізгі мақсаты халықтың денсаулығын сақтау және нығайту, оның амбулаториялық – емханалық деңгейде медициналық көмекке қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
Toggle Dropdown
5. АЕҰ негізгі міндеттері:
Toggle Dropdown
1) медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
2) халыққа дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
Toggle Dropdown
3) халықтың сырқаттанушылығын, мүгедектігін және өлім-жітімін төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
Toggle Dropdown
4) созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдарға динамикалық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
5) профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен оңалтудың қызметін жетілдіру және жаңа технологияларын енгізу;
Toggle Dropdown
6) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен сабақтастықты және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Toggle Dropdown
6. БМСК мыналарды қамтиды:
Toggle Dropdown
1) кең таралған созылмалы ауруларды диагностикалау, емдеу, динамикалық бақылау және басқару, медициналық оңалту (3-кезең);
Toggle Dropdown
2) жарақаттар, уланулар және басқа да шұғыл жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету;
Toggle Dropdown
3) халықтың нысаналы топтарына (балаларға, жасөспірімдерге, ересектерге) профилактикалық медициналық (скринингтік) тексеру жүргізу;
Toggle Dropdown
4) пациенттер арасында мүгедектігі мен өлім-жітімнің жоғары деңгейі бар кең таралған аурулар туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру;
Toggle Dropdown
5) балалар мен ересектерге медициналық-әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету;
Toggle Dropdown
6) балалар мен ересектер арасында (5 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде жаңа туған нәрестелер, жүкті әйелдер мен босанған әйелдер, қозғалуы шектелген кезде асқынудан тыс созылмалы аурулары бар пациенттер, паллиативтік көмекті қажет ететін пациенттер) қауіп факторларының алдын алу және анықтау мақсатында патронаждық бақылау жүргізу;
Toggle Dropdown
7) отбасын жоспарлау, жүктілікті қауіпсіз тоқтату, ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша консультациялар;
Toggle Dropdown
8) дәрілік заттарға рецепт жазып беру;
Toggle Dropdown
9) иммундау;
Toggle Dropdown
10) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
Toggle Dropdown
11) үйде шақыруларға қызмет көрсету;
Toggle Dropdown
12) үйлерге белсенді бару.
Toggle Dropdown
7. КДК тәулік бойы медициналық бақылаусыз мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету қызметтерін қамтиды.
Toggle Dropdown
8. МСАК көрсететін ұйымдардың қызметі азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту Қағидаларына сәйкес медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, бекітілген орны бойынша азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады, «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету Қағидаларын және азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 281 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген).
Toggle Dropdown
9. Бір әкімшілік аумақтық бірлік шегінде БМСК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына аумақтық қызмет көрсету аймағын БМСК қызметтерінің қолжетімділігін барынша қамтамасыз етуді ескере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары айқындайды.
Toggle Dropdown
10. Азаматтардың медициналық ұйымды таңдау құқығын қамтамасыз ету мақсатында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу үшін және (немесе) сақтанушы мен сақтандыру ұйымы арасында жасалған ерікті медициналық сақтандыру шарты (бұдан әрі – ЕМС шарты) бойынша осы Ұйымның аумақтық қызмет көрсету аймағынан тыс тұратын БМСК көрсететін денсаулық сақтау ұйымына азаматтарды тіркеуге жол беріледі, оның шеңберінде БМСК ұйымы № 281 бұйрыққа сәйкес сақтандырылған адамға медициналық қызметтер көрсетеді.
Toggle Dropdown
11. БМСК көрсететін медициналық ұйымда цифрлық өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы (цифрлық сауаттылық бұрышы) ұйымдастырылады және азаматтарды тіркеуге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жауапты тұлға дербес немесе МҰ жауапты тұлғасымен бекітіледі.
Toggle Dropdown
12. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (жалпы практика дәрігері/Отбасылық дәрігер, учаскелік терапевт/педиатр, фельдшер, акушер, кеңейтілген практика/жалпы практика мейірбикесі/ учаскелік, психолог және денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер):
Toggle Dropdown
1) медициналық пунктте;
Toggle Dropdown
2) фельдшерлік-акушерлік пунктте;