• Мое избранное
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсынудың кейбiр мәселелері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсынудың кейбiр мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 919 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда № 19743 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 94 және 98-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алуға арналған құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес;
2) Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімнің үлгілік нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсынудың кейбiр мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 579 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16014 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсынудың кейбiр мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 579 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 406 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17138 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Атамкулов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің 
2019 жылғы 10 желтоқсандағы
​ № 919 бұйрығына 
1- қосымша
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алуға арналған құжаттардың тізбесі
1. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алуға арналған өтінім.
2. «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес әзірленген бизнес-жоспар немесе кешенді жоспар.
3. Лизингтік жобаны жедел бағалау сауалнамасы.
4. Кредиттік тарих субъектісінің (жеке және/немесе тұлғаның заңды) кредиттік бюроға ол туралы ақпаратты беруге және индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі, «ҚБД-Лизинг» АҚ тарапынан басқарма төрағасы немесе басқа уәкілетті адам қол қойған кредиттік тарих туралы ақпаратты алуға келісімі.
5. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдар мен өкілеттіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, барлық тіркеу әрекеттері туралы, өтініш берушінің құрылтай құжаттарына соңғы енгізілген өзгерістер туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмелері немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік электрондық рұқсаттар тізілімінен және дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталуы туралы өтініш беруші жіберген хабарлама туралы хабарламалардың үзінді көшірмесі.
6. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңды тұлға Жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі, және құрылтай шартының (бар болса) көшірмесі.
7. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің бірінші басшысын сайлау (тағайындау) туралы шешімнің нотариалды куәландырылған көшірмесі және бұйрықтың көшірмесі.
8. Бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі және бас бухгалтерге немесе басқа тұлғаларға төлем, қаржы және басқа да құжаттарға қол қою құқығына өкілеттік беру туралы бұйрықтың (бар болса) көшірмесі.
9. Егер заңды тұлға индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі болып табылған жағдайда (бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісімен серіктестіктің тізілімін жүргізуге шарт жасасқан акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қоспағанда) жарғылық капиталдың қалыптастырылуын растайтын құжаттардың (төлем тапсырмасы, кіріс-кассалық ордері, мүлік арқылы жарғылық капиталды қалыптастырған кезде мүлікті қабылдау-тапсыру актісі, ақшаны есептемегенде, мүлікті тәуелсіз бағалау және басқадай) көшірмесі.
10. Егер акционерлік қоғам индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылған жағдайда, акциялардың бес және одан да көп пайыздар ұстаушылар туралы құнды қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінен үзінді көшірме.
Бұл ретте:
соңғы есеп беру күніне акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің;
акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері;
үлестес тұлғалар туралы мәліметтер ұсынылады.
11. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестік өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылған жағдайда (серіктестіктің тізілімін жүргізуге арналған шарты болған жағдайда), серіктестіктің жарғылық капиталында қатысу үлесіне меншік құқығын растау туралы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылар тізілімнен үзінді көшірме.
12. «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен құжаттар, мен шарттарға қол қою құқығына тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе түпнұсқасы (егер бұл тұлға өтініш берушінің өкілі болып табылса).
13. Бірінші басшы, бас бухгалтер (бар болса) немесе уәкілетті тұлғаның (егер өтініш берушінің мүддесін сенімхат бойынша өкіл білдірген жағдайда) қолтаңбаларының үлгілері және өтініш берушінің баспа таңбасы (бар болса) бар нотариалды куәландырылған құжат.
14. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің бірінші басшысының жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі және бас бухгалтердің (бар болса) немесе уәкілетті тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі.
15. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің соңғы үш жылдағы және соңғы есептік күнге (тоқсан, жартыжыл, тоғыз ай) қаржы құжаттары (бухгалтерлік баланс, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, пайда мен шығындар туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп).
Акционерлік қоғамдар үшін аудитпен расталған жылдық қаржылық есептілік.
16. Тұлғаны куәландыратын не заңды тұлға – Өтініш берушінің құрылтайшыларының (қатысушыларының) мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткен фактісін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (акционерлік қоғамдар құрылтайшыларының (қатысушыларының), сонымен қатар бірыңғай тіркеуші арқылы жүзеге асырылатын қатысушылар тізілімін жүргізетін шаруашылық серіктестіктердің құжаттарын қоспағанда), сонымен қатар заңды тұлғаның бенефициар меншік иелерінің жеке басын (бенефициар меншік иесі заңды тұлға – Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылған және акционерлер (қатысушылар) тізілімінен үзінді көшірме негізінде анықталған жағдайларды қоспағанда) куәландыратын құжаттар.
17. Сомаларын, мерзімдері мен оның пайда болуына әсер ететін себептерін, кредиторлық берешекті өтеу және үш айдан астам мерзімге мерзімі өткен дебиторлық берешекті қайтару бойынша өткізілген іс-шараларды көрсете отырып, кредиторлық, дебиторлық және қаржылық берешекті ашып жазу, сондай-ақ теңгерім валютасынан 20 % асатын бухгалтерлік теңгерім баптарын ашып жазу.
18. «Негізгі қаражат» атты бухгалтерлік теңгерім баптарының таратып жазылуы.
19. Қызмет көрсетуші банктерден соңғы 12 (он екі) ай ішінде банк шоттары бойынша ай сайынғы айналымы көрсетілген банк шоттарының бар екені туралы, несие / мерзімі өткен несие берешек, несие / мерзімі өткен несие берешектің сомасынын бар болуы немесе болмауы туралы анықтама, картотека бойынша мәліметтер, сонымен бірге өтініш берушіде басқа банк шоттарының болмауы/бар болуы туралы хат.
20. Салыстыру актісі қоса берілген салықтар және бюджет, пен зейнетақы қорына басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар болуы немесе болмауы туралы мемлекеттік кірістер органдарынан анықтама (электрондық құжат).
21. Қолданыстағы қарыз, кредиттік желілер, қаржы лизингі шарттарының және ақшалай қаражатты тарту бойынша өзге де шарттардың көшірмелері (құжат парақтың екі бетінде және/немесе бір парақта 2 бетте басып шығарылады).
22. Қосымшалар, ерекшеліктер және барлық өзгерістер мен толықтырулармен (осындайлар бар болса) шарттардың көшірмелері және/немесе алдын ала шарттардың (дайын өнімді өткізу, қызмет көрсету бойынша) көшірмелері (құжат парақтың екі бетінде және/немесе бір парақта 2 бетте басып шығарылады).
23. Өтініш беруші қызметінің негізгі түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті рұқсаттар, лицензиялар және өзге де құжаттар (болған кезде).
24. Жоба іске асырылады деп болжанған жер учаскесіне меншік құқығын/ иелену және пайдалану (жалдау) құқықтарын (құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар, электрондық құжат түрінде ауыртпалықтың болуы/болмауы туралы тіркеуші органның мәліметтері.
25. Лизинг зат(тар)ына құжаттар:
1) өлшемшарттар мен параметрлер көрсетілген, олардың негізінде негізгі өнім берушінің таңдауы жүргізілген, бағалардың, техникалық сипаттамалардың, өндірістің технологиялық әдістерінің егжей-тегжейлі салыстырмалы талдауын қоса алғанда, негізгі және баламалы коммерциялық және техникалық ұсыныстардың салыстырмалы бәсекелік талдауы;
2) басқа өнім берушілерден ұқсас жабдыққа баламалы техникалық пен коммерциялық ұсыныстардың көшірмелері;
3) лизинг зат(тар)ына техникалық құжаттама (арнайы техника мен өзге лизинг заттарын қоспағанда жабдықтарға), өнімділікті, энергия тұтынуды, жабдықтың габариттерін, орындау және жабдықтандыру параметрлерін, жұмыстың жылдамдығы мен тәртібін, пайдалы қызмет мерзімін қоса алғанда, конструкцияны, негізгі техникалық сипаттама мен жинақтаушыны сипаттай отырып, сатып алынатын лизинг заттарына техникалық ұсыныс;
4) коммерциялық ұсыныстардың көшірмелері немесе лизинг заттарының құны, жеткізу шарттары, жеткізу мерзімдері, кепілдік мерзімі мен шарттары және кепілдіктен кейінгі қызмет етуі көрсетілген сатып алынатын лизинг заттарына жасалған сатып алу-сату шартының көшірмесі;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кодын беру бойынша брокерлік компанияның қорытындысының көшірмесі/ЕАЭО СЭҚ ТН кодының қорытындысы туралы өтініш беруші хатының көшірмесі;
6) лизинг зат(тар)ы үшін үй-жайлар мен инфрақұрылымға арналған техникалық құжаттаманың көшірмесі (арнайы техника, автокөлік пен өзге лизинг зат(тар)ын қоспағанда жабдықтарға): жылжымайтын объектілерге (лизинг зат(тар)ын орналастыру үшін), қосымша үй-жайларға (өндіріске жалғаспалы) және инженерлік инфрақұрылымға жаңа, жаңадан салынып жатқан жылжымайтын объектілерге (лизинг зат(тар)ын орналастыру үшін), техникалық паспорт, және қосымша ғимараттарға жобалау және құрылыс кезеңдерінің нақты дайындығына (мемлекеттік сараптама қорытындысы, құрылысқа рұқсат, қабылдау комиссиясының актісі және тағы басқалар) құжаттар беріледі. Техникалық паспорттар оларды алғанына қарай беріледі;
7) лизинг зат(тар)ын орналастыруға арналған (қажет болған жағдайда) жоспарланған жылжымайтын мүліктің құрылысы, реконструкциялауға, күрделі жөндеуге (егер жөндеу жүргізген кезде конструктивті және салмақ түсетін элементтер өзгереді, сондай-ақ көлемді сипаттамалар мен ғимаратқа қауіп туындаған жағдайда) арналған жобалық-сметалық құжаттаманың көшірмесі;
8) лизинг зат(тар)ының пайдалануын қамтамасыз ету үшін (қажет болған жағдайда) инженерлік инфрақұрылымның жобалық немесе техникалық құжаттамасының көшірмесі (құрылыс жобасы немесе техникалық паспорттар және инженерлік желілерге, жүйелерге немесе коммуникацияға шарттар);
9) сатып алынатын жабдыққа және басқаларға арналған сертификаттардың, сондай-ақ дилерлік сертификаттардың (авторизация) көшірмелері немесе электрондық құжаты, қолданыстағы нормативтер мен стандарттарға сәйкестігін, ерекшеліктерін, құрылымын көрсете отырып, сатып алынатын жабдықта шығаруға жоспарланатын бұйымдардың ассортиментін сипаттау;
10) жаңа өндірістерді құрған немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды түбегейлі жаңғыртқан кезде технологиялық жобаның электрондық құжаты ұсынылады.
26. Қоршаған ортаға әсерін бағалау мен қоршаған ортаны қорғау сатыларында кейіннен қорытындыларды ұсынбастан қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау сатысында (инвестициялардың негіздемесі, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық-экономикалық есептеулер, бизнес-жоспарлар және басқа да жобалау алдындағы құжаттардың негіздемесі) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының электрондық құжаты (қажет болған жағдайда).
27. «ҚДБ-Лизинг» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес лизинг зат(тар)ын сатушының және оның қол қоюшысының құқыққа қабілеттілігін растайтын құжаттар.
28. Қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың (кепілдіктер, кепілгерліктер, кепілдер және басқалар) түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері, электрондық түрде ауырпалықтардың болуы/болмауы туралы тіркеуші органның мәліметі. Кепілдіктер мен кепілгерліктер «ҚДБ-Лизинг» АҚ талаптарына сәйкес ресімделеді, кепілге берілетін мүлікке құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның ішкі құжаттарына сәйкес ресімделеді.
29. Өтініш берушінің уәкілетті органының (жалғыз қатысушының шешімі немесе қатысушыларының жалпы жиналысының, немесе акционерлердің жалпы жиналысының, немесе қоғамының директорлар кеңесінің хаттамасы, немесе егер жекеше орган болса, онда қоғамның атқарушы органының бұйрығы немесе, егер құзыреттілігіне байланысты алқалы орган болса, онда басқарманың хаттамасы) төмендегі туралы шешімі лизинг зат(тар)ын қаржы лизингі шарттарында сатып алу, сатушыны таңдау, лизинг мерзімі, лизингтік мәміле шеңберінде өтініш берушінің атынан шарттарға қол қою үшін тұлғаға өкілеттіктер беру (заңды тұлғаның кепілдігі болған жағдайда), мүлікті кепілге беру және мүлікті соттан тыс іске асыруға (мүлікті кепілге берген жағдайда) келісім.
Барлық ұсынылатын құжаттар көшірмелерінің әр бетіне бірінші басшының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның (бірінші басшының міндеттерін атқаратыны туралы растайтын құжаты болған жағдайда) немесе өкілеттік берілген тұлғаның (сенімхат болған жағдайда) қолтаңбасымен және өтініш берушінің мөр баспа-таңбасымен куәландырылады.
Құжаттардың топтамасы оқылатын түрінде «PDF» форматта, 300 dpi кем емес, бірақ 600 dpi аспайтын рұқсат етілген көлемінде сканерленеді. Электронды түрде келесі құжаттар ұсынылады:
Бизнес-Жоспар, Техникалық-экономикалық негіздеме;
Қаржы үлгісі Сараптамаға арналған «MS Word» мен «MS Excell» форматында ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық
даму министрінің 
2019 жылғы 10 желтоқсандағы
​№ 919 бұйрығына 2- қосымша
Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімнің үлгілік нысаны

____________ (қала)

20___жылғы «___»___________

 Бұдан әрі «құрал операторы» деп аталатын _____________________________________ 
(лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) 
тұлғасында, ______________ негізінде әрекет ететін, «БРК-Лизинг» акционерлік қоғамы бір тараптан, бұдан әрі «Ұлттық институт» деп аталатын ___________________________________________________________ (лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
тұлғасында ________________________________________________________ негізінде әрекет ететін, «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы екінші тараптан, және _____________, (кәсіпкердің толық атауы) бұдан әрі «кәсіпкер» деп аталатын _________________________ тұлғасында,
(басшының лауазымы,тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
 ___________________________________________ негізінде әрекет ететін, үшінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, ал әрқайсысы жеке «Тарап» деп аталатындар мына төмендегілер туралы
Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы осы келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты:
1. Келісім мәні
 1. Кәсіпкер «____________________________________________» (индустриялық-инновациялық жобаның атауы) индустриялық-инновациялық жобасын (бұдан әрі – жоба) жобаның кешенді жоспарымен айқындалған көрсеткіштерге қол жеткізуге, құрал операторы – кәсіпкерге «ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» құралы түрінде мемлекеттік қолдау шарасын ұсынуға, ал «ұлттық институт» – жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізуге міндеттенеді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері
2. Ұлттық институт:
1) құрал операторын Келісімді орындауға айтарлықтай әсер етуге жарамды, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12640 болып тіркелген) Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдауды ұсыну қағидаларын іске асырумен байланысты барлық өзгерістер туралы хабардар етеді;
2) жобаны аяқтағаннан кейін 2 жыл ішінде мониторинг жүргізеді.
3. Құрал операторы:
1) кәсіпкерді Келісімді орындауға айтарлықтай әсер етуге қабілетті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырумен байланысты барлық өзгерістер туралы хабардар етеді;
2) жобаны жүзеге асырудың барлық мерзімі ішінде оның іске асырылуына және жобаны аяқтағаннан кейін 2 жыл ішінде мониторинг жүргізеді;
3) ұлттық институтқа тоқсан сайынғы негізде одан әрі индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органға жолдау үшін есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес Бағдарлама шеңберінде «ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды» құрал операторының есебін жібереді;
4) жобаны іске асыруды аяқтау күні туралы ұлттық институтқа хабардар етеді.
4. Кәсіпкер:
1) тоқсан сайынғы негізде есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, құрал операторына осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның іске асырылу барысы туралы кәсіпкердің есебін ұсынады;
2) ұлттық институтқа және/немесе құрал операторына одан тиісті сұрау салуды алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жобаның іске асырылу барысы туралы қосымша ақпаратты ұсынады;
3) жобаны іске асыру нәтижесінде осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес жобаның кешенді жоспарының көрсеткіштері қол жеткізеді.
3. Тараптардың жауапкершілігі
5. Кәсіпкер мыналарға жауапты:
1) ұсынылған ақпараттың толықтығына, уақытылы тапсырылуына және анықтылығына;
2) осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізілмеуіне.
6. Құрал операторы мыналарға:
1) ұсынылған ақпараттың толықтығына, уақытылы тапсырылуына және анықтылығына;
2) мемлекеттік қолдау шараларын уақытылы ұсынуға жауапты болады.
7. Ұлттық институт Қағидаларға сәйкес мониторинг нәтижесі бойынша ұсынылған ақпараттың толықтығына, уақтылығына және анықтылығына жауапты болады.
4. Құпиялылық
8. Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, банк құпиясы, сондай-ақ келісімді жасасу және орындау барысында Тараптар алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда үшінші тұлғаларға жариялауға жатпайды.
9. Тараптар Келісімнің құпиялығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне Келісімді іске асыру барысында алынған мәліметтерді жариялауға не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
10. Тараптардың кез келгені Келісім талаптарын бұзуда, құпия ақпаратты жариялау не тарату жағдайында, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жариялау салдарынан басқа Тарап шеккен шығындарды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.
5. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
Тараптар Келісім бойынша міндеттемелерді ішінара немесе толық орындамағаны үшін, егер бұл орындау еңсерілмейтін күштің, яғни осы жағдайларда төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан мүмкін болмаса, жауапкершіліктен босатылады.
6. Қорытынды ережелер
12. Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және құрал операторы мен кәсіпкер арасында жасалған қаржылық лизинг шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады.
13. Келісімге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар, оларды жазбаша түрде ресімдеген және одан әрі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын барлық Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған кезде жарамды болады.
14. Тараптар деректемелері (заңды мекенжайлары, есеп шот нөмірлері) өзгерген жағдайда, бір-бірін дереу хабардар етеді.
15. Келісім Тараптардың әрқайсысына бір данадан берілетін бірдей заңды күші бар үш данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған.
 7. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
  Тараптардың қолдары:

Ұлттық институт: «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы

Құрал операторы:

«БРК-Лизинг» акционерлік қоғамы

Кәсіпкер:

Индустриялық-инновациялық
жобаның мониторингі туралы
келісімге 1-қосымша
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
 «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» құралын іске асыру туралы  
 есеп 20___ жылғы________ тоқсан бойынша есеп
Индекс:1- ҚДБ-Лизинг
Мерзімділігі: тоқсан сайын
Ұсынатын тұлғалар: «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамы
Қайда ұсынылады: индустрияны дамыту саласында ұлттық институт
Ұсыну мерзімі: есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын
Мың теңге

р/с

Кәсіпорын атауы

Құралдың атауы

Өтінімнің түскен күні

Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімнің қабылданған күні

Сомасы

Есептік күнге қаржыландырылған сома

Еңбек өнімділігі, мың тг./ адам

Өтініш берушінің өзінің қатысуы

Мемлекеттік қолдау

1

2

3

4

5

6

7

8

9


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Кестенің жалғасы

Еңбек өнімділігінің өсімі, % өткен жылғы ұқсас мерзімге

Өнделген экспорт көлемі, мың АҚШ доллары

Өнделген экспорт өсімі, % өткен жылғы ұқсас мерзімге

Ағымдағы жағдай

10

11

12

13


 


 


 


 

Басшысы: ______________ /
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)/ (қолы)
Ескертпе: Толтыру бойынша түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» құралын іске асыру туралы есептің» осы нысанда қосымшада келтірілген.
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша
«Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» құралын іске асыру туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толықтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы нысан Бағдарламамен көзделген мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру мониторингі әкімшілік деректерді жинауға арналған (бұдан әрі - Нысан).
2. Толтырылған Нысанды «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамы «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамына есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады.
3. Көрсеткіштер нақты деректер бойынша ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніне қалыптастырылады.
4. Нысанға бірінші басшы, ол жоқ болған жағдайда оның міндеттерін атқарушы адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
6. Нысанның 2-бағанында Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алған кәсіпорынның атауы көрсетіледі.
7. Нысанның 3-бағанында Бағдарлама шеңберінде ұсынылған мемлекеттік қолдау шараларының атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 4-бағанында өтінімнің түскен күні көрсетіледі.
9. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімнің қабылданған күні көрсетіледі.
10. Нысанның 6-бағанында өтініш берушінің өзінің қатысуының сомасы көрсетіледі.
11. Нысанның 7-бағанында мемлекеттік қолдау сомасы көрсетіледі.
12. Нысанның 8-бағанында есептік күнге қаржыландырылған сомасы көрсетіледі.
13. Нысанның 9, 10, 11 және 12-бағандарында егер кәсіпкер экспорты жүзеге асырған жағдайда өнімділік өсімнің және өнделген экспорт көлемінің көрсеткіші көрсетіледі.
14. Нысанның 13-бағанында «ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» құралы бойынша ағымдағы жағдай көрсетіледі.
Индустриялық-инновациялық
жобаның мониторингі туралы
келісімге 2-қосымша
Нысан
 _______________________________________________
 (кәсіпорынның атауы)
 ____________ жай-күй бойынша
 «____________________________________________»
 жобасын іске асыру барысы туралы кәсіпкердің есебі
1. Нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі ақпарат

р/с

Нысаналы индикатордың/мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Өлшем бірлігі

Жоспар (кешенді жоспарда көрсетілген деректер)

Нақты

%

Ескертпе

1

Қуаттардың жүктемесі

%


 


 


 


 

2

Еңбек өнімділігі

мың АҚШ доллары/бір адамға


 


 


 

Қандай іс-шаралардың есебінен еңбек өнімділігінің ұлғайғанын көрсету

мың теңге/бір адамға


 


 


 


 

3

Өндірілген өнім көлемі

Заттай мәнінде


 


 


 


 

Ақшалай мәнінде


 


 


 


 

4

Жұмыс орындарының саны, оның ішінде:

адам


 


 


 


 

жаңадан құрылған жұмыс орындары


 


 


 


 

5

Объектіні пайдалануға беру күні

күні/айы /жылы


 


 


 

Жобаны іске асыру кестесінен ауытқыған жағдайда, себебін көрсету

6

Өнделген экспорт көлемі

(кәсіпкер экспортты жүзеге асырған жағдайда)

Заттай мәнінде


 


 


 


 

Ақшалай мәнінде

2. Жобаның күнтізбелік кестесінің іс-шараларын іске асыру:
жобаның кешенді жоспарында келтірілген күнтізбелік кестеге сәйкес мерзімдері бойынша (кестеден ауытқыған жағдайда, себебін көрсету) іске асырылған іс-шараларды сипаттау.
3. Құралды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар: жобаны іске асыру шеңберінде баламалы қаржыландыру көздерін көрсету;
«ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды» алған кездегі проблемаларды сипаттау;
жобаны іске асыру кезінде туындаған проблемаларды сипаттау;
кәсіпорынды тиімді жаңғырту үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары қажет;
құралды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.
Кәсіпорын басшысы:
_____________________ /
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)/ (қолы)
Индустриялық-инновациялық
жобаның мониторингі туралы
келісімге 3-қосымша
Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының жоспарлы көрсеткіштері

р/с №

Индикаторлар

Өлшем бірлігі

Ағымдағы көрсеткіштер

Жоспарлы көрсеткіштер

1

Еңбек өнімділігін арттыру

мың теңге/бір адамға


 

(жылдары бойынша көрсету)

мың АҚШ доллары/бір адамға


 


 

2

Қуаттылықтардың орташа жүктелімі

%


 


 

3

Өнім шығару көлемі

Ақшалай мәнінде


 


 

Заттай мәнінде


 


 

4

Өнделген экспорт көлемі (кәсіпкер экспортті жүзеге асыру кезінде)

Ақшалай мәнінде


 


 

және басқалары болған жағдайда (әрбір жоба бойынша жеке айқындалады)