• Мое избранное
«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15358 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 тамызда электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларында:
3-тармақ 30-1) тармақшасымен мынадай редакцияда толықтырылсын:
«30-1) QNH ең төменгі мәндерінің болжамы – әуеайлақ ауданынан тыс өту эшелонын анықтау және орнату үшін пайдаланылатын нақты аймақтар/диспетчерлік аудандар бойынша ӘМО/МБО жасайтын мамандандырылған болжам.»;
мынадай мазмұндағы8-1) тармақпен толықтырылсын:
«8-1.Санатталған әуеайлақтарда АМӨЖ сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін АНҚБ әуеайлақ тәулік бойы жұмыс істеген жағдайда метеорологиялық жабдыққа қызмет көрсету бойынша ауысымдық персоналдың кезекшілігін ұйымдастырады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін бағалау жөнінде ДМҰ талаптарын жүзеге асыру үшін, АНҚБ өздері әзірлеген және бекіткен құзыреттілікті бағалау әдістемесі негізінде авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін бағалайды (біліктілікті тексеру).»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Метеорологиялық органның кезекші ауысымы (АМС) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша жеделдікке қатысты ӘҚҚ органының ұшу басшысына (ауысымның аға қызметкеріне) бағынады.
ӘМО кезекші ауысымының қарамағында тәулік бойы радиоландырылған кезекші автокөлік болады (қажет болған жағдайда).»;
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Бақылау мәлімет құрастыру әуеайлағында және оның шегінен тыс таратуға жататын мәліметтерді құрастыруға негіз болады.
METAR және SPECI мәліметтері ДМҰ белгілеген METAR және SPECI кодтық нысандарында шығарылады және таратылады.»;
132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«132. ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығын бағалау үшін құралдық жүйені пайдаланған кезде есептеуді әрбір бар ҰҚЖ үшін жеке жасау керек. ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығы 3% құрайтын немесе ҰҚЖ-дағы жарықтарының максималды қолда бар күштерінен аз от жарығының күші болған жағдайда есептелмеуге тиіс. Есептеулер үшін жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге қатысты от жарықтарының мынадай күштерін қолдану қажет:
1) оттары қосылған ҰҚЖ үшін: осы ҰҚЖ-да нақты қолданылатын оттардың жарық күші;
2) оттары өшірілген ҰҚЖ үшін (немесе ұшуды жаңартуды күткенде жарық күші аз реттелетін): басым жағдайларда пайдалану кезінде қолдануға сәйкес келетін от жарығының оңтайлы жарық күші.»:
164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«164. БТШ биіктігін және тік көрінуді метрмен өлшеу кезінде жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және ATIS хабарларында:
1) бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі туралы:
- осы биіктікті қоса алғанда, 30 метр биіктікке дейін 5 метр еселік және 30 м-ден 3000 метрге дейін және одан жоғары диапазонда 10 метр еселік;
2) тік көріну туралы шамада хабарланады:
- осы биіктікті қоса алғанда, 30 метр биіктікке дейін 5 метр еселік;
- 30 метрден 600 метрге дейінгі диапазонда 10 метр еселік.»;
мынадай мазмұндағы 164-1) тармақпен толықтырылсын:
«164-1. БТШ биіктігін және тік көрінуді футпен өлшеу кезінде жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде:
1) бұлттардың төменгі шегінің биіктігі туралы:
- осы биіктікті қоса алғанда, 300 фут биіктігіне дейін 50 фут еселік,
- және 300 фут-дан 10000 фут-қа дейін және одан жоғары диапазонда 100 фут-қа еселенген шамаларда;
2) тік көріну жағдайында:
- осы биіктікті қоса алғанда, 300 фут биіктігіне дейін 50 фут еселенген шамаларда,  
- және 300 фут-дан 2000 фут-қа дейінгі диапазонда 100 фут еселенетін шамаларда.»;
273 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«273. AIRMET ақпаратын шығару үшін дайындалатын кіші биіктіктерде ұшулар үшін аймақтық болжамдар 00с UTC басталып 6 сағат сайын жасалады, осыныңбарысында олардың әрекет ету кезеңі 6 сағатты құрайды және олардың әрекет ету кезеңінің басталуына дейін 1 сағат бұрын метеорологиялық органдарға тапсырылады. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуежайларда алғашқы аймақтық болжамдардың әрекет ету кезеңінің басталуы стандарттық мерзімнен басқаша болуы мүмкін.
Ескерту. Пайдаланушылардың келісімі бойынша 100 ұшу эшелонынан төмен (немесе таулы аудандарда 150-ден төмен, немесе ӘҚҚ органы белгілеген неғұрлым жоғары эшелоннан төмен) ұшудың жоғары қарқындылығы кезінде. шағын биіктіктерде ұшу үшін аймақтық болжамдар олардың қолданылу кезеңі басталғанға дейін 1 сағаттан кешіктірмей 6 сағат қолданылу кезеңімен әрбір 3 сағат сайын жасалады.»;
5 тарау мынадай мазмұндағы параграфпен толықтырылсын:
«11- параграф. Мамандырылған болжамдар
305-1. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҰАА мамандандырылған болжам – QNH ең төменгі мәндерінің болжамы шығарылады. ҰАА шекарасындағы нақты аймақтар/диспетчерлік аудандар немесе олардың қосалқы аудандары бойынша шығарылады.
305-2. QNH ең төменгі мәндерінің болжамдары 00 сағат UTC бастап әрбір 3 сағат сайын ӘМО/МБО жасалады, олардың әрекет ету кезеңі 3 сағатты құрайды және тиісті МБО АДО/ҰАО диспетчеріне олардың әрекет ету кезеңі басталғанға дейін 1 сағат бұрын беріледі.  
Ескертпе: элементтердің мазмұны, жүру тәртібі, терминология, мұндай болжамдардың форматы мен мерзімділігі АНҚК мен тиісті пайдаланушылар арасында анықталады. Жасау және беру тәртібі ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа енгізіледі.»;
323-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«323. AIRMET ақпараты 100 ұшудың төменгі эшелонынан төмен (немесе таулы аудандарда 150 эшелонынан төмен немесе ӘҚҰ органымен белгіленген ұшуды қамтамасыз ету үшін МБО шығарады.
AIRMET ақпаратының мақсаты ұшқыштарды әуе кемелерінің шағын биіктіктерде ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін ұшу бағыты бойынша ауа райының нақты және/немесе күтілетін белгілі бір құбылыстары туралы хабардар ету болып табылады.»:
409 тармақ алынып тасталсын.
465-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«465. Әуеайлақтық метеорологиялық орган/метеорологиялық қадағалау органы шеңбердің диспетчерлік пунктін және "Мұнара" ДП, ал олар біріктірілген әуеайлақтарда ӘДО/АӘДП мынадай:
1) «тренд» түріндегі болжамдарды қоса жергілікті тұрақты және арнайы
мәліметтермен;
2) METAR және SPECI мәліметтерімен, TAF және «тренд» түрдегі болжамдармен
және ұшу қону және қосалқы әуе айлақтар бойынша оларға түзетулермен (сауал бойынша);
3) МРЛ деректерімен (бар болған жағдайда);
4) шеңбердің және 100 метр биіктігінде жел туралы деректермен (жел туралы нақты деректер болмағанда шеңбердің биіктігіндегі желдің болжамы хабарланады);
5) әуеайлақ бойынша және желдің ауысуы туралы ескертулермен және хабарламамен;
6) SIGMET және AIRMET ақпараттарымен жабдықтайды»;
468-тармақ мынадай 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«468. Тиісті МБО/ӘМО АДО/ҰАО төмендегі метеорологиялық ақпаратпен жабдықтайды:
2-1) нақты аймақтар/диспетчерлік аудандар немесе олардың ҰАА шекараларындағы қосалқы аудандар бойынша QNH ең төменгі мәндерінің болжамдарымен;»;
мынадай мазмұндағы 468-1 тармағымен толықтырылсын:
«468-1. ӘМО/МБО ұшу-ақпараттық қызметін жүзеге асыру үшін ҰҚО-на келесі метеоақпаратты ұсынады:
1) SIGMET және AIRMET хабарламалары;
2) атқылаудың алдындағы жанартау қызметіне, жанартау атқылауына, сондай-ақ жанартау күлінің бұлттарына қатысты ақпарат;
3) атмосфераға радиоактивті заттардың немесе уытты химиялық заттардың шығарылуына қатысты ақпарат (бар болса);
4) ұшып шығу, бару әуеайлақтарында және қосалқы әуеайлақтарда бақыланатын және/немесе болжанатын ауа райы жағдайлары туралы ақпарат.
Оларға қатысты мәліметтер мен болжамдар енгізілетін әуеайлақтар, сондай-ақ ұшу-ақпараттық қызмет көрсету кезінде SIGMET және AIRMET хабарлары ҰАО-ға берілетін ҰАА мен АНҚК шешімі бойынша анықталады. Әдетте, ұшу бағытын қоса алғанда, әуе қозғалысы жүзеге асырылатын жергілікті ұшу шекарасынан 2 сағ ұшуда орналасқан әуеайлақтар мен ұшу-қону әуеайлақтары осындай болып табылады.»;
Қағиданың 3-қосымшасында:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Метеорологиялық ақпаратты метеорологиялық дисплейлер мен басқа индикаторлық құрылғыларда тұрақты бақылаулар кезінде 30 және 60 минутты
құрайды.
ИКАО санатты II және III (А, В) минимумдар бойынша ұшуларды қамтамасыз еткенде, АМӨЖ мәліметтерді 1минуттық жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Негізгі ЭЕМ/ЭЕМБ істен шыққан кезде резервтегі машинаға жедел ауысу қамтамасыз етіледі (30 секундтан аспауы тиіс).»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33.Көрсеткіштердің шығыс құрылғыларына (тіркегіштер) немесе ЭЕМ/ЭВМБ датчиктерден белгілерді таратуға арналған, сондай-ақ метеорологиялық ақпаратты бейнелеу құралдарына таратуға арналған байланыс желілерінде 10 метрден ұзын болғанда желі құжаттары болуға тиіс.
Сондай-ақ, датчиктерден ЭЕМ/ПЭЕМ кіру құрылғыларына белгілерді беру үшін санатталмаған әуеайлақтарда радиоарнаны пайдалануға рұқсат етіледі, бірақ бұл ретте АНҚБ радиоарнаның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді»;
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасына САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздемесі

1) түзетудің мағынасы;

2) әр енгізілетін түзетудің анық негіздемесі.

1

2

3

4

5

«Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 345 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

  1. 1.

3 тармақ

30-1) тармақша

жоқ

30-1) QNH ең төменгі мәндерінің болжамы – әуеайлақ ауданынан тыс өту эшелонын анықтау және орнату үшін пайдаланылатын нақты аймақтар/диспетчерлік аудандар бойынша ӘМО/МБО жасайтын мамандандырылған болжам.

Ұшу аудандары бойынша QNH ең төменгі мәндерін беру үшін әуеайлақ метеорологиялық органы жұмыс істемейтін кезеңде (мысалы түнгі уақытта) әрбір жағдайда жасалатын мамандандырылған болжам қажет..

  1.  

8-1 тармақ

жоқ

8-1. Санатталған әуеайлақтарда АМӨЖ сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін АНҚБ әуеайлақ тәулік бойы жұмыс істеген жағдайда метеорологиялық жабдыққа қызмет көрсету бойынша ауысымдық персоналдың кезекшілігін ұйымдастырады.

Персоналдың кезекшілігі ұшу тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жабдықты жедел жөндеу жағдайында қажет. Қажетті персоналды жинауды қамтамасыз ету үшін кейінге қалдырылған мерзіммен қолданысқа енгізіледі.

  1.  

13 тармақ

13. Авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін бағалау жөніндеДМҰ талаптарын жүзеге асыру үшін, АНҚК өздері әзірлеген және бекіткенқұзыреттілікті бағалау әдістемесі негізінде авиациялық метеорологиялықперсоналдың құзыреттілігін бағалайды.

13. Авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыреттілігін бағалау жөнінде ДМҰ талаптарын жүзеге асыру үшін, АНҚБ өздері әзірлеген және бекіткен құзыреттілікті бағалау әдістемесі негізінде авиациялық метеорологиялық персоналдың  құзыреттілігін бағалайды (біліктілікті тексеру)

Авиациялық метеорологиялық мамандардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында

  1.  

40 тармақ

40. Метеорологиялық органның кезекші ауысымы (АМС) ұшу қауіпсіздігінқамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша жеделдікке қатысты ӘҚҚорганының ұшу басшысына (ауысымның аға қызметкеріне) бағынады.

40. Метеорологиялық органның кезекші ауысымы (АМС) ұшу қауіпсіздігінқамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша жеделдікке қатысты ӘҚҚорганының ұшу басшысына (ауысымның аға қызметкеріне) бағынады.

ӘМО кезекші ауысымының қарамағында тәулік бойы радиоландырылған кезекші автокөлік болады (қажет болған жағдайда).

Кезекші автокөлік ұшу тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жабдықты жедел жөндеу жағдайында қажет (ол айтарлықтай қашықтықта болуы мүмкін).

  1.  

51 тармақ

51. Бақылау мәлімет құрастыру әуеайлағында және оның шегінен тыс таратуғажататын мәліметтерді құрастыруға негіз болады.

51. Бақылау мәлімет құрастыру әуеайлағында және оның шегінен тыс таратуғажататын мәліметтерді құрастыруға негіз болады.

METAR және SPECI мәліметтері ДМҰ белгілеген METAR және SPECI кодтық нысандарында шығарылады және таратылады.

3 қосу 2.1.2. ИКАО 3-қосымша

  1.  

132 тармақ

132. ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығын бағалау үшін құралдық жүйені пайдаланған кезде есептеуді әрбір бар ҰҚЖ үшін жеке жасау керек. ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығы 3% құрайтын немесе ҰҚЖ-дағы жарықтарының максималды қолда бар күштерінен аз от жарығының күші болған жағдайда есептелмеуге тиіс. Есептеулер үшін жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге қатысты от жарықтарының мынадай күштерін қолдану қажет:

1) оттары қосылған ҰҚЖ үшін: осы ҰҚЖ-да нақты қолданылатын оттардың жарық күші;

2) оттары өшірілген ҰҚЖ үшін (немесе ұшуды жаңартуды күткенде жарық күші аз реттелетін): басым жағдайларда пайдалану кезінде қолдануға сәйкес келетін от жарығының оңтайлы жарық күші.

METAR және SPECI мәліметтерінде ҰҚЖ-дағы оттар жарығының барынша көзделген күшіне негізделген ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығын көрсету қажет.

132. ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығын бағалау үшін құралдық жүйені пайдаланған кезде есептеуді әрбір бар ҰҚЖ үшін жеке жасау керек. ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығы 3% құрайтын немесе ҰҚЖ-дағы жарықтарының максималды қолда бар күштерінен аз от жарығының күші болған жағдайда есептелмеуге тиіс. Есептеулер үшін жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерге қатысты от жарықтарының мынадай күштерін қолдану қажет:

1) оттары қосылған ҰҚЖ үшін: осы ҰҚЖ-да нақты қолданылатын оттардың жарық күші;

2) оттары өшірілген ҰҚЖ үшін (немесе ұшуды жаңартуды күткенде жарық күші аз реттелетін): басым жағдайларда пайдалану кезінде қолдануға сәйкес келетін от жарығының оңтайлы жарық күші.

 

АМӨЖ жүйесі

осы талапты қамтамасыз етпейді

  1.  

164 тармақ

164. Жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және ATIS берілімдерінде:

1) бұлттардың төменгі шектерінің биіктігі туралы мәліметтер:

30 метр биіктікке (100 фут) дейін 5 метрге (17 фут) еселі, осы биіктікті және 30 метрден (17 фут) бастап 3000 метрге дейін (10 000 фут) және одан көп ауқымдағы 10 метрге (33 фут) еселі;

немесе 3000 метр дейін (10 000 фут) және одан жоғары биіктікке дейін 10 метрге (33 фут) еселі шамаларда хабарланады;

2) тігінен көріну туралы мәліметтер:

30 метр биіктікке (100 фут) дейін 5 метрге (17 фут) еселі, осы биіктікті қоса алғанда, және 30 метрден (17 фут) бастап 600 метрге дейінгі ауқымда (2 000 фут) 10 метрге (33 фут) еселі;

немесе 600 метр (2 000 фут) биіктікке дейін 10 метрге (33 фут) еселі шамаларда

хабарланады.

164. БТШ биіктігін және тік көрінуді метрмен өлшеу кезінде жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде және ATIS хабарларында:

1) бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі туралы:

- осы биіктікті қоса алғанда, 30 метр биіктікке дейін 5 метр еселік және 30 м-ден 3000 метрге дейін және одан жоғары диапазонда 10 метр еселік;

2) тік көріну туралы шамада хабарланады:

- осы биіктікті қоса алғанда, 30 метр биіктікке дейін 5 метр еселік;

- 30 метрден 600 метрге дейінгі диапазонда 10 метр еселік.

Азаматтық авиацияда фут жүйесіне көшуге байланысты фут еселігі жаңа тармақта көрсетілген

  1.  

164-1 тармақ

 Жоқ

164-1. БТШ биіктігін және  тік көрінуді  футпен өлшеу кезінде жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтерде:

1) бұлттардың төменгі шегінің биіктігі туралы:

- осы биіктікті қоса алғанда, 300 фут биіктігіне дейін 50 фут еселік,

- және 300 фут-дан 10000 фут-қа дейін және одан жоғары диапазонда 100 фут-қа еселенген шамаларда;

2) тік көріну жағдайында:

 - осы биіктікті қоса алғанда, 300 фут биіктігіне дейін 50 фут еселенген шамаларда,

- және 300 фут-дан 2000 фут-қа дейінгі диапазонда 100 фут еселенетін шамаларда.

ИКАО 3-қосымшасына сәйкес

4.5.4.1 және 4.5.4.2..

  1.  

273 тармақ

273. AIRMET ақпаратын шығару үшін дайындалатын кіші биіктіктерде ұшуларүшін аймақтық болжамдар 00с UTC басталып 6 сағат сайын жасалады, осының

барысында олардың әрекет ету кезеңі 6 сағатты құрайды және олардың әрекет етукезеңінің басталуына дейін 1 сағат бұрын метеорологиялық органдарға тапсырылады. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуежайларда алғашқы аймақтықболжамдардың әрекет ету кезеңінің басталуы стандарттық мерзімнен басқаша болуымүмкін.

273. AIRMET ақпаратын шығару үшін дайындалатын кіші биіктіктерде ұшулар үшін аймақтық болжамдар 00с UTC басталып 6 сағат сайын жасалады, осының

барысында олардың әрекет ету кезеңі 6 сағатты құрайды және олардың әрекет ету кезеңінің басталуына дейін 1 сағат бұрын метеорологиялық органдарға тапсырылады. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуежайларда алғашқы аймақтық болжамдардың әрекет ету кезеңінің басталуы стандарттық мерзімнен басқаша болуы мүмкін.

Ескерту. Пайдаланушылардың келісімі бойынша 100 ұшу эшелонынан төмен (немесе таулы аудандарда 150-ден төмен, немесе ӘҚҚ органы белгілеген неғұрлым жоғары эшелоннан төмен) ұшудың жоғары қарқындылығы кезінде. шағын биіктіктерде ұшу үшін аймақтық болжамдар олардың қолданылу кезеңі басталғанға дейін 1 сағаттан кешіктірмей 6 сағат қолданылу кезеңімен әрбір 3 сағат сайын жасалады.

 

6.5.2 ИКАО 3-қосымшасы

  1.  

5 тарау

11 параграф

 Жоқ

11- параграф «Мамандырылған болжамдар»

Ұшу аудандары бойынша QNH ең төменгі мәндерін беру үшін әуеайлақ метеорологиялық органы жұмыс істемейтін кезеңде (мысалы түнгі уақытта) әрбір жағдайда жасалатын мамандандырылған болжам қажет.

  1.  

305-1

жоқ

305-1. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҰАА мамандандырылған болжам – QNH ең төменгі мәндерінің болжамы шығарылады. ҰАА шекарасындағы нақты аймақтар/диспетчерлік аудандар немесе олардың қосалқы аудандары бойынша шығарылады.

Ұшу аудандары бойынша QNH ең төменгі мәндерін беру үшін әуеайлақ метеорологиялық органы жұмыс істемейтін кезеңде (мысалы түнгі уақытта) әрбір жағдайда жасалатын мамандандырылған болжам қажет.

  1.  

305-2

Жоқ

305-2. QNH ең төменгі мәндерінің болжамдары 00 сағат UTC бастап әрбір 3 сағат сайын ӘМО/МБО жасалады, олардың әрекет ету кезеңі 3 сағатты құрайды және тиісті МБО АДО/ҰАО диспетчеріне олардың әрекет ету кезеңі басталғанға дейін 1 сағат бұрын беріледі.

 Ескертпе: элементтердің мазмұны, жүру тәртібі, терминология, мұндай болжамдардың форматы мен мерзімділігі АНҚК мен тиісті пайдаланушылар арасында анықталады. Жасау және беру тәртібі ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа енгізіледі.

Ұшу аудандары бойынша QNH ең төменгі мәндерін беру үшін әуеайлақ метеорологиялық органы жұмыс істемейтін кезеңде (мысалы түнгі уақытта) әрбір жағдайда жасалатын мамандандырылған болжам қажет.

  1.  

323 тармақ

323. AIRMET ақпараты 100 ұшудың төменгі эшелонынан төмен (немесе таулыаудандарда 150 эшелонынан төмен немесе ӘҚҰ органымен белгіленген ұшудықамтамасыз ету үшін ОМС шығарады.

323. AIRMET ақпараты 100 ұшудың төменгі эшелонынан төмен (немесе таулыаудандарда 150 эшелонынан төмен немесе ӘҚҰ органымен белгіленген ұшудықамтамасыз ету үшін МБО шығарады.

AIRMET ақпаратының мақсаты ұшқыштарды әуе кемелерінің шағын биіктіктерде ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін ұшу бағыты бойынша ауа райының нақты және/немесе күтілетін белгілі бір құбылыстары туралы хабардар ету болып табылады.

Редакциялық нақтылау

4.4.1 Дос 8896 авиациялық метеорология бойынша жетекші

  1.  

409 тармақ

409. ӘҚҰ (ЖДП) ӘМО ұшу әуеайлағы басқа ауданда ұшуды қамтамасыз етуүшін осы берілген аудандарды қамтамасыз ететін ӘМО-дан жұмыс аймағы бойынша

ауа райының болжамын сұратады.

Алынып тасталсын

274 тармаққа ауыстырылуына байланысты

  1.  

465 тармақ

465. Әуеайлақтық метеорологиялық орган/метеорологиялық қадағалау органы

шеңбердің диспетчерлік пунктін және "Мұнара" ДП, ал олар біріктірілген

әуеайлақтарда ӘДО/АӘДП мынадай:

1) «тренд» түріндегі болжамдарды қоса жергілікті тұрақты және арнайы мәліметтермен;

2) METAR және SPECI мәліметтерімен, TAF және «тренд» түрдегі болжамдармен және ұшу қону және қосалқы әуе айлақтар бойынша оларға түзетулермен (сауал бойынша);

3) МРЛ деректерімен (бар болған жағдайда);

4) шеңбердің және 100 метр биіктігінде жел туралы деректермен (жел туралы нақты деректер болмағанда шеңбердің биіктігіндегі желдің болжамы хабарланады);

5) әуеайлақ бойынша және желдің ауысуы туралы ескертулермен және хабарламамен;

6) осы әуеайлақтық диспетчерлік пунктінің жауапкершілік ауданы бойынша SIGMET және AIRMET ақпараттарымен жабдықтайды.

465. Әуеайлақтық метеорологиялық орган/метеорологиялық қадағалау органы

шеңбердің диспетчерлік пунктін және "Мұнара" ДП, ал олар біріктірілген

әуеайлақтарда ӘДО/АӘДП мынадай:

1) «тренд» түріндегі болжамдарды қоса жергілікті тұрақты және арнайы

мәліметтермен;

2) METAR және SPECI мәліметтерімен, TAF және «тренд» түрдегі болжамдармен

және ұшу қону және қосалқы әуе айлақтар бойынша оларға түзетулермен (сауалбойынша);

3) МРЛ деректерімен (бар болған жағдайда);

4) шеңбердің және 100 метр биіктігінде жел туралы деректермен (жел туралынақты деректер болмағанда шеңбердің биіктігіндегі желдің болжамы хабарланады);

5) әуеайлақ бойынша және желдің ауысуы туралы ескертулермен жәнехабарламамен;

6) SIGMET және AIRMET ақпараттарымен жабдықтайды

ИКАО 3-қосымшасының 9-қосымшасының 1.1-т.сәйкес келтірілген (6-т.).

  1.  

468 тармақ

468. Тиісті МБО/ӘМО АДО/ҰАО төмендегі метеорологиялық ақпаратпенжабдықтайды:

1) METAR және SPECI мәліметтерімен, «тренд» түріндегі болжамдарды қоса, оның ішінде, әуе айлақтар және басқа да нүктелер бойынша қысым туралыағымдағы деректермен, TAF болжамдарымен және оларға түзетулерімен ҰАА

немесе СТА қамтитын және көршілес ҰАА әуеайлақтарын қамтитын АДО сұрауыбойынша;

2) биіктіктердегі жел және ауа температурасының болжамдарымен, ұшубағыттары бойынша түзетулермен ауа райының ерекше құбылыстарының болжамдарымен, атап айтқанда КШҰҚ бойынша ұшуларды орындауға кедергікелтіретін құбылыстардың болжамы, SIGMET және AIRMET ақпаратымен, ҰААнемесе СТА бойынша әуе кемелерінің бортын арнайы хабарлармен және АДОсұранысы бойынша көршілес ҰАА бойынша;

3) МРЛ деректерімен (бар болған жағдайда);

4) ұшудағы әуе кемелерінің талаптарын қанағаттандыру үшін АДО-менсұратылған өзге метеорологиялық ақпаратпен, егер тиісті МБО/ӘМО сұралғанақпарат жайлы хабарсыз болса, ол басқа метеорологиялық органнан көмек сұрайды;

5) SIGMET мәліметі шықпаған жанар тау күлінің бұлты туралы алынғанақпаратпен;

6) оның жауапкершілік ауданында VAAC шығаратын жанартау күлі туралыконсультативтік ақпаратпен;

7) атмосфераға радиоактивті материалдарды авариялық шығару туралы алынғанақпаратпен (тиісті МБО және АДО арасындағы келісім бойынша).

468. Тиісті МБО/ӘМО АДО/ҰАО төмендегі метеорологиялық ақпаратпен жабдықтайды:

1) METAR және SPECI мәліметтерімен, «тренд» түріндегі болжамдарды қоса,

оның ішінде, әуе айлақтар және басқа да нүктелер бойынша қысым туралы ағымдағы деректермен, TAF болжамдарымен және оларға түзетулерімен ҰААнемесе СТА қамтитын және көршілес ҰАА әуеайлақтарын қамтитын АДО сұрауы бойынша;

2) биіктіктердегі жел және ауа температурасының болжамдарымен, ұшу бағыттары бойынша түзетулермен ауа райының ерекше құбылыстарының

болжамдарымен, атап айтқанда КШҰҚ бойынша ұшуларды орындауға кедергі келтіретін құбылыстардың болжамы, SIGMET және AIRMET ақпаратымен, ҰАА немесе СТА бойынша әуе кемелерінің бортын арнайы хабарлармен және АДО сұранысы бойынша көршілес ҰАА бойынша;

2-1) нақты аймақтар/диспетчерлік аудандар немесе олардың ҰАА шекараларындағы қосалқы аудандар бойынша QNH ең төменгі мәндерінің болжамдарымен;

3) МРЛ деректерімен (бар болған жағдайда);

4) ұшудағы әуе кемелерінің талаптарын қанағаттандыру үшін АДО-мен сұратылған өзге метеорологиялық ақпаратпен, егер тиісті МБО/ӘМО сұралған ақпарат жайлы хабарсыз болса, ол басқа метеорологиялық органнан көмек сұрайды;

5) SIGMET мәліметі шықпаған жанар тау күлінің бұлты туралы алынған ақпаратпен;

6) оның жауапкершілік ауданында VAAC шығаратын жанартау күлі туралы консультативтік ақпаратпен;

7) атмосфераға радиоактивті материалдарды авариялық шығару туралы алынғанақпаратпен (тиісті МБО және АДО арасындағы келісім бойынша).

Мамандандырылған болжам ұғымының енгізілуіне байланысты

  1.  

468-1 тармақ

жоқ

468-1. ӘМО/МБО ұшу-ақпараттық қызметін жүзеге асыру үшін ҰҚО-на келесі метеоақпаратты ұсынады:

1) SIGMET және AIRMET хабарламалары;

2) атқылаудың алдындағы жанартау қызметіне, жанартау атқылауына, сондай-ақ жанартау күлінің бұлттарына қатысты ақпарат;

3) атмосфераға радиоактивті заттардың немесе уытты химиялық заттардың шығарылуына қатысты ақпарат (бар болса);

4) ұшып шығу, бару әуеайлақтарында және қосалқы әуеайлақтарда бақыланатын және/немесе болжанатын ауа райы жағдайлары туралы ақпарат.

 Оларға қатысты мәліметтер мен болжамдар енгізілетін әуеайлақтар, сондай-ақ ұшу-ақпараттық қызмет көрсету кезінде SIGMET және AIRMET хабарлары ҰАО-ға берілетін ҰАА мен АНҚК шешімі бойынша анықталады. Әдетте, ұшу бағытын қоса алғанда, әуе қозғалысы жүзеге асырылатын жергілікті ұшу шекарасынан 2 сағ ұшуда орналасқан әуеайлақтар мен ұшу-қону әуеайлақтары осындай болып табылады.

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді енгізуге байланысты толықтыру

  1.  

3 қосымша 23 тармақ

23. Метеорологиялық ақпаратты метеорологиялық дисплейлер мен басқаиндикаторлық құрылғыларда тұрақты бақылаулар кезінде 30 және 60 минутты

құрайды.

ИКАО санатты I, II және III (А, В) минимумдар бойынша ұшуларды қамтамасызеткенде, АМӨЖ мәліметтерді 1минуттық жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

23. Метеорологиялық ақпаратты метеорологиялық дисплейлер мен басқа индикаторлық құрылғыларда тұрақты бақылаулар кезінде 30 және 60 минутты

құрайды.

ИКАО санатты  II және III (А, В) минимумдар бойынша ұшуларды қамтамасыз еткенде, АМӨЖ мәліметтерді 1минуттық жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Редакциялық түзету

І санат минуттық режимге жатпайды

  1.  

3 қосымша 27 тармақ

27. Негізгі ЭЕМ/ЭЕМБ істен шыққан кезде резервтегі машинаға жедел ауысуқамтамасыз етіледі (15 секундтан аспауы тиіс).

27. Негізгі ЭЕМ/ЭЕМБ істен шыққан кезде резервтегі машинаға жедел ауысу қамтамасыз етіледі (30 секундтан аспауы тиіс).

АМӨЖ 15 сек ішінде резервтік машинаға ауысуды қамтамасыз етпейді

  1.  қ

3 қосымша 33 тармақ

33. Көрсеткіштердің шығыс құрылғыларына (тіркегіштер) немесе ЭЕМ/ ЭВМБдатчиктерден белгілерді таратуға арналған, сондай-ақ метеорологиялық ақпараттыбейнелеу құралдарын таратуға арналған байланыс желілері, төмендегі

параметрлерге сәйкес келеді:

1) тұрақты тоққа тоқ тамырының кедергісі - 100 Ом/км артық емес;

2) әр тоқ тамырының кабель экранымен және жермен қосылатын басқаларға

қатысты оқшаулануы - 2000 МОм/км кем емес.

33. Көрсеткіштердің шығыс құрылғыларына (тіркегіштер) немесе ЭЕМ/ЭВМБ датчиктерден белгілерді таратуға арналған, сондай-ақ метеорологиялық ақпаратты бейнелеу құралдарына таратуға арналған байланыс желілерінде  10 метрден ұзынболғанда желі құжаттары болуға тиіс.

Сондай-ақ, датчиктерден ЭЕМ/ПЭЕМ кіру құрылғыларына белгілерді беру үшін санатталмаған әуеайлақтарда радиоарнаны пайдалануға рұқсат етіледі, бірақ бұл ретте АНҚБ радиоарнаның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді

Балама байланыс желілерін қолдануға байланысты