Toggle Dropdown
Банктік қарыз шартын жасасу тәртібін, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу кестесінің және қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынаманың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 қаулысы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 19774 болып тіркелді
Редакция 30.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктік қарыз шартын жасасу тәртібі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптар;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қарызды өтеу кестесінің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қарыз алушы – жеке тұлғаға арналған жадынама нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін Тәртіпке 1 және 2-қосымшаларды қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Тәртіпке 3-қосымша 2020 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады.
7. 2020 жылғы 1 сәуірге дейін:
1) тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылатындығы белгілене отырып, Тәртіптің 9-тармағы екінші абзацының қолданылуы:
«Қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын шартқа Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушыға – жеке тұлғаға арналған жадынама қоса беріледі.»;
2) тоқтата тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылатындығы белгілене отырып, Тәртіптің 10-тармағының:
«10. Шартқа оның тараптары қол қойған қарызды өтеу графигі қоса беріледі, онда:
шарттың нөмірі мен жасалған күні;
қарыз сомасы мен валютасы;
өтеу күндері және негізгі борышты, сыйақыны өтеу сомасы және олардың жиынтық мәні көрсетілген кезекті төлемдердің мөлшерлері;
келесі өтеу күніндегі негізгі борыштың қалдықтары;
төленуге тиіс негізгі борыш пен сыйақының жалпы жиынтық сомасы және олардың жиынтық мәні;
қарызды өтеу графигі жасалған күн көрсетіледі.
Сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі шарт бойынша қарызды өтеу графигі оның берілу күніне жасалады және одан кейін кезекті төлемдердің мөлшерлері түзетіледі және шартта белгіленген тәртіппен қарыз алушыға (қоса қарыз алушыға) жіберіледі.
Егер қарыз алушы (қоса қарыз алушы) жеке тұлға болып табылса, қарызды беру күніне жасалған қарызды өтеу графигінде сондай-ақ қарыз алушының (қоса қарыз алушының) таңдаған әдісі туралы белгісі бар банк ұсынған өтеу әдістерінің тізбесі болады.
Қарыз алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және (немесе) оларды төлеу мерзімін өзгертуге әкеп соғатын қарыз талаптары өзгертілген кезде банк жаңа талаптарды ескере отырып банктік қарыз шарты бойынша жаңа қарызды өтеу графигін және қарыз алушыға – жеке тұлғаға арналған жадынаманы жасайды және береді.
Қарыз алушының өтініші негізінде кредиттік желі шеңберінде қарыздың кезекті бөлігін беру кезінде қарыз алушыға банктік қарыз шарты бойынша қарызды өтеу графигі және қарыз алушыға – жеке тұлғаға арналған жадынама беріледі.
Талаптары бойынша қарыздың мерзімі бір айдан аспайтын шартқа, талаптары бойынша овердрафт кредиті берілген шартқа, сондай-ақ кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімге Тәртіптің 9-тармағының және осы тармағының талаптары қолданылмайды.»;
3) тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылатындығы белгілене отырып, Тәртіптің 12-тармағы үшінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрсын:
«Шарт Кодекстің 389-бабына сәйкес қосылу талаптарымен жасалған жағдайда, банктің және қарыз алушының қолы бар шарттың бөлігі (қосылу туралы өтініш) Тәртіптің 11-тармағы бірінші және үшінші бөліктерінің талаптарына сәйкес келеді және көрсетілген жүйелілікпен шарт бөлігінің (қосылу туралы өтініштің) бірінші бетінен бастап, Тәртіптің 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 10), 11), 12), 13) және 15) тармақшаларында көзделген талаптар қамтылады.».
Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 248 қаулысына
1-қосымша
Банктік қарыз шартын жасау тәртібі
1. Осы Банктік қарыз шартын жасау тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 34-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, оның ішінде ислам банкінің Банктер туралы заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген банк операциясын жүргізу кезінде, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкі филиалдарының, банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банк) банктік қарыз шартын (бұдан әрі – шарт) жасау тәртібін айқындайды.
2. Тәртіптің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кредиттік желі – бұл банктің қарыз алушыға банктік қарыз алу уақытын өзі белгілеуге мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ кредиттеудің мұндай нысаны үшін банктің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларда және кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімде айқындалған сома және уақыт шегінде қарыз алушыны кредиттеу міндеттемесі.
2) кредиттік желі беру (ашу) туралы келісім – кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімнің ажырамас бөлігі (бөліктері) болып табылатын шартта (шарттарда) немесе өтініште (өтініштерде) немесе төлем карточкасын пайдалану арқылы қарыз алушының қарыз сомасын және алу уақытын өзі айқындауға мүмкіндік беретін талаптармен жасалған банктік қарыз шарты.
3. Банк шарт жасағанға дейін «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15541 болып тіркелген) көзделген іс-шараларды жүзеге асырады.
Шарт жасау үшін қажетті құжаттардың тізбесі банктің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
4. Жеке тұлғаға банктік қарыз беру туралы шешім қабылдағанға дейін банк кредиттік есептегі не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі – АЖ) ақпаратты мынадай:
1) жеке тұлғаның микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеуі туралы;
2) жеке тұлғаны мерзімді әскери қызметке шақыру туралы;
3) жеке тұлға бұрын алған банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер туралы;
4) жеке тұлғаның тіркелген некесі (ерлі-зайыптылығы) болуы туралы мәліметтердің бар-жоғы тұрғысынан тексереді.
5. Жеке тұлғаның кредиттік есебінде Тәртіптің 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат болған жағдайда, банк тұтынушылық банктік қарыз сомасын:
қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсатына тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына;