Toggle Dropdown
5
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 19784 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 01.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-бабына, «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесі (бұдан әрі – Тауарлар тізбесі)
Toggle Dropdown
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын (бұдан әрі – Тізбесі).
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М.Е. Сұлтанғазиев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
1
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енетін, Тізбенің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8 және 9-тармақтарын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі А. Смаилов
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1424 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесі
Toggle Dropdown
|
№
|
Тауардың атауы
|
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеудің басталған күні
|
|
1.
|
Өндірілуі мен айналымы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын
|
2023 жылғы 1 сәуір
|
|
2.
|
Өндірілуі мен айналымы «Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі
|
2023 жылғы 1 сәуір
|
|
3.
|
Өндірілуі мен айналымы «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері
|
2023 жылғы 1 сәуір
|
3-1.
3-2 |
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабының 5) тармақшасына сәйкес газохол, бензол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы, экологиялық отын.
Өндірілуі мен айналымы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін сұйытылған мұнай газы |
2024 жылғы 15 наурыз
2024 жылғы 1 желтоқсан |
| 3-3 |
Айналымы «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін есiрткi құралдары, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар |
2025 жылғы
1 қыркүйек
|
|
4.
|
Қадағалап отыру тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалап отыруға жататын тауарлар
|
2023 жылғы 1 сәуір
|
|
5.
|
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар
|
2023 жылғы 1 сәуір
|
|
6.
|
Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар
|
2023 жылғы 1 сәуір
|
|
7
|
ЕАЭО СЭҚ ТН 1001990000, 1001912000, 1001190000, 1001919000, 1001110000, 1001911000, 0708100000, 0710210000, 0713101000, 0713109001, 0713109009, 0713200000, 0713400000, 1002100000, 1002900000, 1003100000, 1003900000, 1004100000, 1004900000, 1005109000, 1005900000, 1007109000, 1008100001, 1008100009, 1008900000, 1103119000, 1103192000, 1103199009, 1103202500, 1103203000, 1104290400, 1104290500, 1201100000, 1201900000, 1204001009, 1204009000, 1205101000, 1206009100, 1206009900, 1207600000, 1207992000, 1209210000, 1209298000, 2005400000, 2302109000, 2302301000, 2302309000, 2302400800, 2302409000, 2304000001, 2306300000, 2309903100, 2309909601, 3501105000, 5301210000, 5301290000 кодтары бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар
|
2023 жылғы 10 ақпан
|
|
8
|
ЕАЭО СЭҚ ТН 1001990000, 1001912000, 1001190000, 1001919000, 1001110000, 1001911000, 0708100000, 0710210000, 0713101000, 0713109001, 0713109009, 0713200000, 0713400000, 1002100000, 1002900000, 1003100000, 1003900000, 1004100000, 1004900000, 1005109000, 1005900000, 1007109000, 1008100001, 1008100009, 1008900000, 1103119000, 1103192000, 1103199009, 1103202500, 1103203000, 1104290400, 1104290500, 1201100000, 1201900000, 1204001009, 1204009000, 1205101000, 1206009100, 1206009900, 1207600000, 1207992000, 1209210000, 1209298000, 2005400000, 2302109000, 2302301000, 2302309000, 2302400800, 2302409000, 2304000001, 2306300000, 2309903100, 2309909601, 3501105000, 5301210000, 5301290000 кодтары бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар
|
2023 жылғы 10 ақпан
|
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1424 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары және олардың құжат айналымы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 176-бабына «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) ресімдеу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Салық салу, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру мақсаттары үшін ТІЖ:
Toggle Dropdown
1) тауарға ілеспе, оның ішінде салық төлеушіге тауарларды тиеп жөнелтуді растайтын құжат;
Toggle Dropdown
2) бастапқы бухгалтерлік құжат болып табылады.
Toggle Dropdown
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
Toggle Dropdown
2) виртуалды қойма – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін автоматты режимде қамтамасыз етуге арналған электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) модулі;
Toggle Dropdown
3) қойманың сәйкестендіру нөмірі (ІD) – салық төлеушінің ЭШФ АЖ-ғы виртуалды қоймасының тіркеу нөмірі;
Toggle Dropdown
4) тауар – кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - ЕАЭО) мүше мемлекеттердің валюталары, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электр энергиясы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар;
Toggle Dropdown
5) тауардың ID – виртуалды қоймадағы тауарлар үшін автоматты түрде жинақталатын сәйкестендіргіш;
Toggle Dropdown
6) тауарларды өткізу - тауарларды бір тұлға шегінде Қазақстан Республикасының аумағында өткізу және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету.
Toggle Dropdown
4. Виртуалды қоймалардың түрлері:
Toggle Dropdown
1) «Қойма» – салық төлеушінің негізгі қоймасы (бірнеше қойманы құруға жол беріледі);
Toggle Dropdown
2) «Бөлінбеген қойма» – ЭШФ АЖ пайдаланушылары үшін және бөлшек саудада, оның ішінде ЭШФ АЖ тіркелмеген тауарды өткізуді жүзеге асыратын алушылар үшін автоматты түрде құрылатын қойма;
Toggle Dropdown
3) «Сату нүктесі» – дүкеннің сауда залында орналасқан тауарды сату орны, сату нүктесі;
Toggle Dropdown
4) «Архив» – ТІЖ ресімдеу кезінде «Шағын сауда нүктесі» белгісі берілген салық төлеушінің автоматты түрде есептен шығарылған тауарларын сақтау қоймасы.
Toggle Dropdown
5. Виртуалды қоймалардың белгілері:
Toggle Dropdown
1) «Басымдылық берілген қойма» – ЭШФ АЖ қатысушысы автоматты түрде кіріске алу және тауарларды виртуалды қоймадан есептен шығару үшін айқындаған қойма;
Toggle Dropdown
2) «Тауарларға арналған декларациялар бойынша тауарларды кіріске алу қоймасы» – тауарларға арналған декларациялар бойынша тауарларды автоматты түрде кіріске алуға арналған қойма;
Toggle Dropdown
3) «Жария қойма» – тауарларды өткізу және сату кезінде қойманы таңдау үшін жеткізушіге сатып алушы ұсынатын қойма;
Toggle Dropdown
4) «Бірлескен қызмет қатысушыларының қоймасы» – бірлескен қызмет қатысушылары пайдаланатын қойма (бұдан әрі – БҚҚ қоймасы);
Toggle Dropdown
5) «Лизингке арналған қойма» – белгілі бір уақыт ішінде әртүрлі контрагенттермен (жеткізуші немесе алушы) бірлесіп пайдалануға арналған қойма;
Toggle Dropdown
6) «Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қойма» – шикізаттың алушы-берушілері және қайта өңдеушілері пайдаланатын қойма;
Toggle Dropdown
7) «Қайта ұйымдастырылатын тұлғаның қоймасы» – кәсіпорынды қайта ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын қойма.
Toggle Dropdown
5-1. Тауар қалдықтары бойынша қоймадағы тауар қалдықтарының нақты саны бойынша мәліметтерге сәйкес келуге тиіс «Қалдықтар» нысаны арқылы виртуалды қойма нысандары журналына енгізілетін мәліметтер.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар бойынша қоймадағы тауар қалдықтарының нақты саны бойынша мәліметтерге сәйкес келуге тиіс «Өндіріс» нысаны арқылы виртуалды қойма нысандары журналына енгізілетін мәліметтер.
Toggle Dropdown
2-тарау. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы тәртібі
Toggle Dropdown
6. Осы Қағидалардың 64-тармағында көрсетілген, ТІЖ қағаз жеткізгіште рәсімдеуге жататын жағдайларды қоспағанда, ЭШФ АЖ электрондық нысанда рәсімделеді.
Toggle Dropdown
Өнім беруші (әкелу кезінде – алушы) ТІЖ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Виртуалды қойма» модулі арқылы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде рәсімдейді.
Toggle Dropdown
Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 5, 6, 7 және 8-жолдарында көрсетілген тауарлар бойынша ТІЖ «Виртуалды қойма» модулін қолданбай рәсімделеді.
Toggle Dropdown
ТІЖ қағаз жеткізгіштерде рәсімдеу кезінде өнім беруші (әкелу кезінде – алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларға қағаз ілеспе жүкқұжаттарды тіркеу және есепке алу журналын (бұдан әрі – Журнал) жүргізеді.