Bestprofi Logo

Қаулы № 951 от 2019-12-20г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының кейбiр мәселелерi туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 951 қаулысы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – институт) болып қайта аталсын.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті институтқа қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясында) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) институттың жарғысына енгізілетін өзгерістерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізуді;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында институттың мемлекеттік қайта тіркелуін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы ​№ 951 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен (03.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)

2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:

3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)

3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 03.06.2022 жылғы № 361 Қаулысымен (20.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.06.2022 жылдан бастап)

4. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 290-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

«Алматы облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:

35

Іле ботаникалық бағы

65

Балқаш ауданы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

«Алматы қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:

38

Бас ботаникалық бақ (Ботаника және фитоинтродукция институты)

104

Алматы қаласы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөліммен толықтырылсын;

«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлім мынадай редакциядағы реттік нөмірі 38-1-жолмен толықтырылсын:

38-1

Астана ботаникалық бағы

46,3

Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

«Қарағанды облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 72-жол мынадай редакцияда жазылсын:

72

Жезқазған ботаникалық бағы

62

Жезқазған қаласы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 26-27, 236-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі»;

мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:

«Республикалық мемлекеттік мекемелер»;

«Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген кіші бөлім:

мынадай редакциядағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:

«11. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны.».

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание