Toggle Dropdown
1
Банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерiн және оларды ұсыну қағидаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 258 қаулысы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қаңтарда № 19834 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 22.10.2023 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі;
Toggle Dropdown
1
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес банк конгломератының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептің нысаны;
Toggle Dropdown
1
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес банк конгломераты қатысушыларының салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша сараланған активтерінің, шартты және ықтимал талаптары мен міндеттемелерінің таратылып жазылуы туралы есептің нысаны;
Toggle Dropdown
1
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына, заңды тұлғалардың реттелген борышына салымдар болып табылатын инвестициялар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушы заңды тұлғаларының меншікті капиталына есепті кезеңде жүзеге асырылған, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыстағы өзге салымдар бойынша мәліметтер жинау жөніндегі есептің нысаны;
Toggle Dropdown
1
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес есепті күнгі жағдай бойынша банк конгломераты қатысушыларының бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есептің нысаны;
Toggle Dropdown
1
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес банк конгломератының есепті кезең ішінде жасасқан, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыстағы топішілік мәмілелері бойынша мәліметтер жинау жөніндегі есептің нысаны;
Toggle Dropdown
1
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес банк конгломераты қатысушыларының үшінші тұлғалар алдындағы, банк конгломераты меншікті капиталының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын, есепті күнгі жағдай бойынша қолданыстағы міндеттемелері туралы мәліметтер жинау жөніндегі есептің нысаны;
Toggle Dropdown
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес Банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікті ұсыну қағидалары белгіленсін.
Toggle Dropdown
2. Банк холдингтері және еншілес ұйымы бар, бірақ банк холдингі жоқ банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
Toggle Dropdown
1) осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей тоқсан сайын (төртінші тоқсанды қоспағанда);
Toggle Dropdown
2) осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген есептілікті есепті жылдан кейінгі жылғы 31 (отыз бірінші) мамырдан (қоса алғанда) кешіктірмей жыл сайын ұсынады;
Toggle Dropdown
3. Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
1
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
1
4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
Toggle Dropdown
6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
2019 жылғы «___» _____________
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 258 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі
Toggle Dropdown
Банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікте:
Toggle Dropdown
1) банк конгломератының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есеп;
Toggle Dropdown
2) банк конгломераты қатысушыларының салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша сараланған активтерінің, шартты және ықтимал талаптары мен міндеттемелерінің таратылып жазылуы туралы есеп;
Toggle Dropdown
3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына, заңды тұлғалардың реттелген борышына салымдар болып табылатын инвестициялар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушы заңды тұлғаларының меншікті капиталына есепті кезеңде жүзеге асырылған, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыстағы өзге салымдар бойынша мәліметтер жинау жөніндегі есеп;
Toggle Dropdown
4) есепті күнгі жағдай бойынша банк конгломераты қатысушыларының бағалы қағаздар портфелінің құрылымы туралы есеп;
Toggle Dropdown
5) банк конгломератының есепті кезең ішінде жасасқан, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыстағы топішілік мәмілелері бойынша мәліметтер жинау жөніндегі есеп;
Toggle Dropdown
6) банк конгломераты қатысушыларының үшінші тұлғалар алдындағы, банк конгломераты меншікті капиталының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын, есепті күнгі жағдай бойынша қолданыстағы міндеттемелері туралы мәліметтер жинау жөніндегі есеп қамтылады.
Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 258 қаулысына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Toggle Dropdown
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Toggle Dropdown
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Toggle Dropdown
Банк конгломератының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есеп
Toggle Dropdown
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-BK_Prud_norm
Toggle Dropdown
Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын
Toggle Dropdown
Есепті кезең: 20__ «______» ________________ жағдай бойынша
Toggle Dropdown
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: банк холдингі немесе еншілес ұйымы бар, бірақ банк холдингі жоқ банк
Toggle Dropdown
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:
Toggle Dropdown
тоқсан сайын (төртінші тоқсанды қоспағанда) есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей;
Toggle Dropdown
жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 (отыз бірінші) мамырдан (қоса алғанда) кешіктірмей
Toggle Dropdown
1-кесте. Банк конгломератының жарғылық капиталын есептеу
Toggle Dropdown
№
|
Атауы
|
Сомасы (мың теңгемен)
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Банк конгломератының жарғылық капиталы, оның ішінде:
|
|
2
|
жарғылық (төленген) капитал
|
|
3
|
сатып алынған акциялары (алынған капиталы)
|
|
Toggle Dropdown
2-кесте. Банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициентін есептеу
Toggle Dropdown
№
|
Банк конгломераты қатысушысының атауы
|
Сомасы (мың теңгемен)
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Банк конгломератының 1-қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері
|
X
|
банк конгломератының 1-қатысушысының атауы
|
|
1.1
|
Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары:
|
|
1.1.1
|
1-заңды тұлғаның атауы
|
|
1.1.n
|
n-заңды тұлғаның атауы
|
|
1.2
|
Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері (инвестицияларды шегергенде)
|
|
n
|
Банк конгломератының n-қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері
|
Х
|
банк конгломератының n-қатысушысының атауы
|
|
n.1
|
Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары:
|
|
n.1.1
|
n-заңды тұлғаның атауы
|
|
n.1.n
|
n-заңды тұлғаның атауы
|
|
n.2
|
Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері (инвестицияларды шегергенде)
|
|
Банк конгломератының меншікті капиталының нақты мөлшері
|
|
Банк конгломераты қатысушыларының тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтерінің, шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасы
|
|
Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффиценті
|
|