• Мое избранное
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 02.02.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.02.2022 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес 
Редакция 02.11.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісу бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 968 қаулысымен
бекітілген
  • 3
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
1-тарау. Бағдарламаның паспорты
1-тарау өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.04.2020 жылғы № 225 Қаулысымен (24.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.07.2020 жылғы № 491 Қаулысымен (20.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)

Атауы

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

"Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығы

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
 

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері

Бағдарламаның мақсаты

Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру

Міндеттері

1. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру.

2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

3. Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнім көлемін ұлғайту.

4. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру.

5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

6. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.

7. Кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыру.

8. Іскерлік байланыстарды кеңейту.

Іске асыру мерзімдері

2020 – 2024 жылдар

Нысаналы индикаторлары

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2025 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады:

1. ЖІӨ-дегі ШОК үлесін кемінде 33,8 %-ке жеткізу.

2. Бағдарламаға қатысушылардан түсетін салықтық түсімдерді 2017 жылғы деңгейден 2 есеге ұлғайту.

3. Бағдарламаға қатысушылардың жаңа 30 мың жұмыс орнын құруы.

4. ЖІӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 13,4 %-ке жеткізу.

5. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін кемінде 13,7 %-ке жеткізу.

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Бағдарламаны іске асыруға 2020 – 2024 жылдары 457 435 631 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты жұмсалатын болады:

1) республикалық бюджеттен берілетін қаражат:

2020 – 87 590 689 мың теңге;

2021 – 50 319 755 мың теңге;

2022 – 47 394 521 мың теңге;

2023 – 41 016 973 мың теңге;

2024 – 33 613 693 мың теңге;

2) жергілікті бюджеттен берілетін қаражат:

2020 – 39 500 000 мың теңге;

2021 – 39 500 000 мың теңге;

2022 – 39 500 000 мың теңге;

2023 – 39 500 000 мың теңге;

2024 – 39 500 000 мың теңге.

2-тарау. Кіріспе
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" және 2014 жылғы
17 қаңтардағы "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
Бағдарлама "Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
Жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерліктің жай-күйі мен даму деңгейіне тәуелді. Мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетін бәсекелестің дамымауы, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімсіз пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік және басқалары сияқты көптеген проблемаларды шешу үшін экономиканың нақ осы секторының әлеуетті мүмкіндіктері орасан зор.
Шағын және орта кәсіпкерліктің экономиканы әртараптандырудағы рөлі де маңызды. Индустриялық-инновациялық даму жағдайында жұмыс процестеріне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатарынан көптеген қосалқы мердігерлер тартылуы мүмкін ірі өндірістер көбірек қалыптасатын болады. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлік субъектілері халықтың тұтынушылық сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған секторларда жұмыс істей отырып, дамуға жаңа импульс беруі тиіс.
Осыған байланысты жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажет, ол қаржыландыруға қолжетімділікті жақсартуды, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді, құзыретті арттыруға жәрдемдесуді, консультациялық қолдау алуды және кәсіпкерлік бастамаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер тартуды қамтитын болады, бірақ олармен ғана шектелмейді.
2020 – 2024 жылдар кезеңінде іске асырылатын Бағдарлама өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтауды және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді.
Бағдарламаны іске асырудың төрт негізгі бағыты:
1) шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.07.2020 жылғы № 491 Қаулысына сәйкес (20.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
2) кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.07.2020 жылғы № 491 Қаулысына сәйкес (20.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 20.04.2020 жылғы № 225 Қаулысымен (24.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
4) кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсету.
Сондай-ақ, осы Бағдарламада «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінің (бұдан әрі – Тетік) шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету шарттары анықталған.
2-тарау сегізінші бөлікпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.04.2020 жылғы № 225 Қаулысына сәйкес
Бағдарламаның негізгі төрт бағыты шеңберіндегі құралдар қағаз/электрондық түрде ұсынылады.
2-тарау тоғызыншы бөлікпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 30.07.2020 жылғы № 491 Қаулысына сәйкес
Негізгі терминдер мен анықтамалар
Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
1-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Нұр-Сұлтан қаласының шегіндегі аумақ;
Бөлім 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.10.2021 жылғы № 736 Қаулысына сәйкес (өзгерту 02.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасы (бұдан әрі – АХҚО қор биржасы) – АХҚО-да қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;
Бөлім 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.10.2021 жылғы № 736 Қаулысына сәйкес (өзгерту 02.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейде Бағдарламаның іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
3) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
4) банктік кредит/микрокредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шартымен банк кәсіпкерге банктік қарыз шартының/микрокредит беру туралы шарттың негізінде беретін ақшалай қаражат сомасы. Банктік кредитке/микрокредитке кредиттік желі де жатады;
5) банктік қарыз шарты – шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит беретін банк пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, сондай-ақ банкте кредиттік желі ашу туралы келісім;
6) "бір терезе" қағидаты – мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін орталықтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету нысаны;
7) даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және/немесе оның үлестес лизингтік компаниясы;
7-1) жекелеген кәсіпкерлік субъектілері – қызметін осы Бағдарламаға
Бөлім 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.04.2020 жылғы № 225 Қаулысына сәйкес
7-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.07.2020 жылғы № 491 Қаулысына сәйкес (20.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және тамақ өнімдерінің өндірісі (ЭҚЖЖ 10), сабын және жуғыш, тазалағыш және жылтыратқыш құралдар шығару (ЭҚЖЖ 20.41), шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарын шығару (ЭҚЖЖ 17.22.0), автомобиль көлігімен жүк тасымалдау (ЭҚЖЖ 49.41), қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі (ЭҚЖЖ 52), туризм (ЭҚЖЖ 55.1, ЭҚЖЖ 55.2, ЭҚЖЖ 55.3.) және жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару (ЭҚЖЖ 68.20) салаларында жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері;
8) жоба – кіріс алуға бағытталған бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кәсіпкерлік қызметтің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралардың  жиынтығы (бір жобаның шеңберінде бірнеше банктік кредит алуға жол беріледі);
8-1) «жасыл» жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;
Бөлім 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.10.2021 жылғы № 736 Қаулысына сәйкес (өзгерту 02.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-2) «жасыл» таксономия – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын «жасыл» жобалардың сыныптамасы;
Бөлім 8-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.10.2021 жылғы № 736 Қаулысына сәйкес (өзгерту 02.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (оның ішінде жай серіктестіктер нысанындағы);
10) кәсіпкер – өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, жекелеген кәсіпкерлік субъектілері, өз қызметін Тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, АХҚО-ның аумағында тіркелген заңды тұлғалар, сондай-ақ жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында тікелей инвестициялар қорларының қаражаты есебінен іске асыратын заңды тұлғалар;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.04.2020 жылғы № 225 Қаулысына сәйкес (24.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.10.2021 жылғы № 736 Қаулысына сәйкес (30.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) –мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа онлайн режимде ұсыну үшін облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы кәсіпкерлер палаталарының филиалдары жанынан құрылған инфрақұрылымдық кешен;
12) КҚКО бөлімшесі – облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында кәсіпкерлер барынша көп шоғырланған жерлерде құрылған, кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік қызмет ұсынуға арналған жұмыс орны;
13) кепілдік беру – Бағдарлама шарттарында және кепілдік шартына сәйкес кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;
13-1) купондық сыйақы мөлшерлемесі – облигация шығарылымының проспектісінде белгіленген және облигация орналастыру салдарынан эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін мерзімдік негізде төлеуге жататын купондық сыйақының пайызда көрсетілген мөлшері;
Бөлім 13-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.10.2021 жылғы № 736 Қаулысына сәйкес (өзгерту 02.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)