«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығы
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.10.2025 жылғы № 565 Бұйрығына сәйкес (24.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті туралы ереже бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.10.2025 жылғы № 565 Бұйрығына сәйкес (24.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті туралы ереже
Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 01.06.2021 жылғы № 513 Бұйрығымен Осы Ереже өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.06.2022 жылғы № 549 Бұйрығымен (01.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.07.2022 № 694 Бұйрығына сәйкес (03.06.2022 ж. редакцияны қараңыз) Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.10.2025 жылғы № 565 Бұйрығына сәйкес (24.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету саласында және орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асырады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.10.2025 жылғы № 565 Бұйрығына сәйкес (24.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет республикалық мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
5. Комитет заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін заңнамада белгіленген тәртіппен шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.05.2024 жылғы № 323 Бұйрығына сәйкес (12.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік қазынашылық комитеті» республикалық мемлекеттiк мекемесi».
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.10.2025 жылғы № 565 Бұйрығына сәйкес (24.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитет функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
12-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 24.06.2026 жылғы № 431 Бұйрығымен (03.10.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Егер Комитетке заңдармен кірістер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осы қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жіберіледі.
2-тарау. Комитеттің мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаттары:
1) республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету;
2) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру және бекiту;
3) түсімдерді республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлар және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше (бұдан әрі – ЕАЭО) мемлекеттердің бюджеттері арасында түсімдердің бөлінуін қамтамасыз ету;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.05.2024 жылғы № 323 Бұйрығына сәйкес (12.07.2022 ж. редакцияны қараңыз) 3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.10.2025 жылғы № 565 Бұйрығына сәйкес (24.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)
4) республикалық бюджеттің атқарылуы, жергілікті бюджеттердің атқарылуына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қазынашылық қызмет көрсету сапасын арттыруға, қазынашылық ақпараттық жүйелерінің іркіліссіз жұмыс істеуі мен ақпараттық қауіпсіздігіне бағытталған қазынашылық ақпараттық жүйелерін жетілдіруді қамтамасыз ету;
5) бюджеттік есепке алуды жүргізу;
6) республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша қаржылық есептілікті шоғырландыру;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерін республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік есептілікпен қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерін, уәкілетті мемлекеттік органдарды, ЕАЭО мүше мемлекеттерді және Еуразиялық экономикалық комиссияны (бұдан әрі – ЕЭК) бюджетке түскен түсімдер бойынша есептілікпен қамтамасыз ету;
9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;
10) Комитеттің құзыреті шегінде ЕАЭО бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу;
11) өтімділікті басқару;
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.10.2025 жылғы № 565 Бұйрығына сәйкес (24.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)
12) орталықтандырылған мемлекеттік ұйымдарды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыру;
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.10.2025 жылғы № 565 Бұйрығына сәйкес (24.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
14. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттiк мекемелерден республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат пен мәліметтерді алу, ал оларды уақтылы ұсынбаған жағдайда бухгалтерлік есептілікті сұрату;
2) қаржылық тәртіпті сақтауға, мемлекет қаражатын мақсатқа сай және тиімді пайдалануға бағытталған ұсыныстар енгізу;
3) бірыңғай қазынашылық шоттары болуы және теңгемен және шетелдік валютада банктік шоттары болуы;
3-тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Қаржы министрінің 24.06.2026 жылғы № 431 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жауапты мемлекеттік органдардан үкіметтік сыртқы қарыз қаражатының түсуі (игерілуі) және жұмсалуы туралы есептер сұрату және алу;
5) шетелдік елдердің жұмыстарының тәжірибесін практикалық пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу;
6) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен келісу бойынша түсімдердің болжамды көлемін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдерді жүзеге асырудың ай сайынғы кестесіне өзгерістер енгізу;
7) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды әзірлеу және қабылдау;
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 03.10.2025 жылғы № 565 Бұйрығына сәйкес (24.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)
9) мемлекеттік мекемелердің қаржылық құжаттарында бұзушылықтар айқындалған кезде оларды тиісті органдардың қарауына жіберу;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |