• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2/2020 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 қаңтарда № 19860 болып тіркелді

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1) тармақшасына, 17-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 тамызда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидасы мен мерзімінде:
мынадай мазмұндағы 46, 47, 48 және 49-тармақтармен толықтырылсын:
«46. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған деректердің негізінде Мемлекеттік корпорация зейнетақы және жәрдемақы төлемдері бойынша қажеттілікті есептеу күніндегі жағдай бойынша олардың нақты саны негізінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағында айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған адамдар (бұдан әрі – жарналар төлеуден босатылған адамдар) санына қажеттілікті ай сайын екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.
47. Жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді (бұдан әрі - өтінім) Мемлекеттік корпорация уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
Уәкілетті орган өтінімнің негізінде есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде ақша қаражатын жарналар төлеуден босатылған адамдардың санаттары бөлінісінде төлем тапсырмаларымен қордың шотына аударуды жүзеге асырады.
Уәкілетті орган ақша қаражатын аударғаннан кейін жарналар төлеуден босатылған адамдардың санаттары мен көлемін көрсете отырып, ақпаратты қорға жібереді.
48. Жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналарына есепті кезеңге арналған қаржыландыру жоспары бойынша бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нақты қажеттілікке сәйкес ақша қаражатының жетіспейтін сомасын аударуды уәкілетті орган төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырады.