Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 193 және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 303 бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 266-52) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен бекітілген 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бірлескен бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты орындау үшін олардың қатыстылығы бөлігінде лауазымды адамдарға жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы _____________Н. Айдапкелов
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы __________М. Бектанов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2019 жылғы «26» желтоқсан
№193 және
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің бірінші
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері Бас штабының
бастығының 2019 жылғы «30»
желтоқсан № 303 бірлескен
бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібі
1. «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы 2020 жылғы 1- 30 қазан аралығындағы кезеңде өткізу мерзімдері (бұдан әрі – халық санағы) және 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді.
2. Халық санағын өткізу кезіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 208 бұйрығымен 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешуге арналған арнайы комиссияға жүктелген, оның құрамына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің бас штабының бастығы (келісім бойынша) енгізілген.
3. Жоспарға, сондай-ақ «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 қазандағы № 11 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес халық санағына үй шаруашылығының құрамына кіретін, елімізде тұрақты тұратын барлық респонденттер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), соның ішінде әскери қызметшілер (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда) және уақытша жоқ адамдарды және уақытша тұратындарды және (немесе) келгендерді қоса алғанда, әскери бөлімдердің және жабық әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұратын азаматтық тұрғындар (бұдан әрі – респондент) жатады.
Халық санағын өткізу кезінде халықты есепке алу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2020 жылғы 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған 00:00 сағат сәтіндегі жағдай бойынша жүезеге асырылады.
Халық санағы ақпаратты жинаудың екі әдісін пайдаланумен өткізіледі:
1) интервьюерлердің респонденттерге 2020 жылғы 1-30 қазан аралығында планшетті пайдалана отырып электрондық санақ парақтарын толтыруы арқылы сауал салуы;
2) халық санағының басталуымен біруақытта 2020 жылғы 1-15 қазан аралығында алғашқы 15 (он бес) күнтізбелік күн халық санағы Интернет желісі арқылы www.sanaq.gov.kz. мамандандырылған сайтында онлайн режимде, көрсетілген сайтта тіркеліп және электрондық санақ парақтарын өз бетінше толтырғаннан кейін өткізіледі.
2-тарау. ҚР Қорғанысмині объектілерінде халық санағын ұйымдастыру
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондарында, әскери бөлімдерінде және мекемелерінде (бұдан әрі –ҚР Қорғанысмині объектілері) халық санағын ұйымдастыру және өткізу мақсатында барлық құрылымдық бөлімшелері бойынша ұйымдастыру іс-шаралары өткізіледі.
5. Халық санағын өткізудің толықтығы мен сапасын бақылау Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері гарнизондарының, әскери бөлімдері мен мекемелерінің бастықтарына (командирлеріне) (бұдан әрі – Бөлім қолбасшылығы) жүктеледі.
6. ҚР Қорғанысминінде мыналар құрылады:
1) Халық санағына дайындық және өткізумен байланысты ұйымдастырушылық және нұсқамалық мәселелерді шешетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуді үйлестіру және жәрдемдесу жөніндегі орталық комиссия (бұдан әрі – Орталық комиссия). Орталық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі;
Орталық комиссия Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетімен (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ СК) өзара іс-қимылды, жаппай-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізуді, санақ өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
2) халық санағын ұйымдастыру және өткізу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондарында, әскери бөлімдері мен мекемелерінде құрылған 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Халық санағы бойынша комиссия). Халық санағы бойынша комиссияның құрамы Бөлім қолбасшылығының бұйрығымен бекітіледі.
Халық санағы бойынша комиссия ҚР ҰЭМ СК аумақтық органдарымен (бұдан әрі-Департаменттер) өзара іс-қимылды, жаппай-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондарында, әскери бөлімдері мен мекемелерінде халық санағын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстардың күнтізбелік жоспарын құруды, жауапты мамандарды іріктеу және оқытуды, 2020 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде аумақтық белгісі бойынша мекенжайларды, шекараларын көрсете отырып, контингенттер орналасқан объектілер тізбесін құру және нақтылауды, халық санағына өткізу кезінде бақылау іс-шараларын жүзеге асыруды, алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын камтамасыз етуді жүзеге асырады.
3-тарау. ҚР Қорғанысмині объектілерінде халық санағын өткізу тәртібі
1-бөлім. Жауапты қызметкерлер
12. ҚР Қорғанысмині объектілерінде халық санағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері санынан халық санағын өткізу жөніндегі жауапты қызметкерлердің (бұдан әрі –жауапты қызметкерлер) көмегімен жүргізіледі.
Жауапты қызметкерлер халық санағын өткізуге қатысты барлық мәселелер бойынша Департаменттер өткізетін оқыту семинарларында оқытудан өтеді.
8. Жауапты қызметкерлер Интернетке шығатын үй-жайлармен және компьютерлермен қамтамасыз етіледі.
2-бөлім. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және санақ құралы
9. Департаменттер жауапты қызметкерлерге 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған электронды санақ парақтарымен (бұдан әрі – санақ парақтары) бірге халық санағы аяқталған соң Департаментке қайтарылатын соққыға төзімді қорғайтын қабы, алдын ала орнатылған қауіпсіздік әйнегі, зарядтау құрылғысы, USB шнуры, стилусы, портативтік құрылғысы бар жиынтықтағы (Powerbank USB шнурымен жиынтықта) планшеттерді (бұдан әрі – планшеттер) қабылдау-тапсыру актісі бойынша береді. Сондай-ақ халық санағын өткізуге қажетті қағаз жеткізгіштегі санақ құралы (бұдан әрі – санақ құралы):
1) 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде санақ персоналына арналған санақ парақтарын толтыру жөніндегі түсіндірме;
2) халық санағынан өту туралы анықтама беріледі.
3-бөлім. Санақтан өтуге жататын халықтың санаты
17. ҚР Қорғанысмині объектілерінде санақтан өтуге халықтың мынадай санаттары жатады:
1) рұқсаты шектелген ҚР Қорғанысмині объектілерінің аумағында тұратын офицерлер, сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) құрамдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілері және азаматтық персонал;
2) мерзімді қызметтің әскери қызметшілері;
3) рұқсаты шектелген ҚР Қорғанысмині объектілерінің аумағында тұратын азаматтық тұрғындар;
4) магистранттар, докторанттар және адъюнктілер;
5) әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері;
6) «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің тәрбиеленушілері.
18. Қазақстан Республикасының жабық аумағынан тыс тұратын офицерлер, сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) құрамдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді және азаматтық персоналды тұрақты тұрғылықты жері бойынша азаматтық тұрғындар ретінде өздерінің отбасылары құрамында Департаменттердің санақ персоналы санақтан өткізеді.
19. Демалыста және шетел іссапарларында жүрген әскери қызметшілер Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелерінде атқаратын лауазымдарынан босатусыз жеке істері және басқа да есепке алу деректері бойынша тұрақты қызмет ететін орны бойынша санақтан өтеді.
20. Офицерлер, сержанттар (старшиналар), сарбаздар (матростар) құрамдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілері, олардың отбасы мүшелері мен әскери госпитальдарда ем қабылдаа жатқан басқа да азаматтық тұлғалар (егер олардың келгеніне 1 жылдан аспаса) уақытша тұратындар ретінде санақтан өтеді.
21. ҚР Қорғанысмині объектілері аумағында тұратын, қорға босатылған, бірақ санақ күні ҚР Қорғанысмині объектілерінен шықпаған әскери қызметшілерді жауапты қызметкерлер тұрақты тұратын азаматтық тұрғындар санында санақтан өткізеді.
22. Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері санақтан олардың қызмет етіп жатқан орны бойынша өтеді.
23. ҚР Қорғанысмині объектілеріндегі алмастырушы құрам тұрғылықты жері бойынша (казарма, жатақхана және басқалары) санақтан өтеді. Ортақ тұрғын үй алаптарында тұрған жағдайда (жеке пәтерлерде, ТҮПК үйлерінде және т.б.) алмастырушы құрамды Департаменттердің санақ персоналы санақтан өткізеді.
24. 12 айдан аспайтын оқыту мерзімімен курстарда немесе жиындарда оқып жатқан, басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрақты тұрғылықты жері бар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері уақытша тұратындар ретінде санақтан өтеді.
25. 12 айдан асатын оқыту мерзімімен курстарда оқып жүргендер тұрақты тұрғлықты жерінде болмау ұзақтығына қарамастан ҚР Қорғанысмині обектісінде тұрақты халық ретінде санақтан өтеді.
26. ҚР Қорғанысмині объектілерінде тұратын азаматтық тұрғындар тұрғылықты жері бойынша 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде санақ персоналына арналған санақ парақтарын толтыру жөніндегі түсіндірмелерге сәйкес санақтан өткізіледі.
5-бөлім. Халық санағын өткізу кезеңдері
27. ҚР Қорғанысмині объектілеріндегі халық санағы 2 кезеңге бөлінеді:
1) бірінші кезеңде халық санағына жататын респонденттердің тізімі 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жасалады және Департаментке беріледі.
2) екінші кезеңде халық санағынан өтуге жататын респонденттерге сауал салу және бірінші кезеңде жасалған тізімдерге сәйкес электрондық санақ парақтарын планшеттерде немесе Интернет желісі арқылы онлайн режимде «sanaq.gov.kz» сайтында толтыру өткізіледі.
Респондентке сауал салу мүмкіндігі болмаған жағдайда жауапты қызметкерлер санақ парақтарын толтыру үшін кадр қызметінен мәліметтер алады.
Интернет желісі арқылы онлайн режимде санақтан өту кезінде санақтан өтуге жататын респонденттер www.sanaq.gov.kz сайтында өз бетінше немесе жауапты қызметкерлердің көмегімен тіркеуден өтеді. Тіркеуден және авторизациялаудан сәтті өткеннен кейін электронды санақ парақтары толтырылады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде Халық санағы деректерінің базасына түседі.
Планшетте VPN-каналы бар болған жағдайда алынған деректер деректерді жөнелту туралы белгісімен (сақтау күні мен уақыты) Халық санағы деректерінің базасына бөлінген қорғалған байланыс арнасы бойынша жіберіледі.
Қашықтыққа немесе жергілікті жерлерде ұялы байланыс желісінің қолжетімділік нүктелерінің болмауына байланысты алынған деректерді планшеттен жүктеуге мүмкіндік болмаған жағдайда, деректер USB шнуры арқылы Департамент қызметкерінің электронды жеткізгішіне жүктеледі.