Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.09.2022 жылғы № 736 Қаулысына сәйкес
Редакция 15.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпаратты "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес берсін.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекеттік бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.06.2020 жылғы № 357 Қаулысымен (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) Мемлекеттік бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.08.2020 жылғы № 520 Қаулысымен (08.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1. Мемлекеттік бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы |
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әзірлеу үшін негіздеме |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағдарламаны әзірлеуші |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар |
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағдарламаның мақсаты |
Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағдарламаның міндеттері |
1-міндет. Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Іске асыру мерзімдері |
2020 – 2025 жылдар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Нысаналы |
Мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қаржыландыру көздері мен көлемдері |
Мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.
*Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау шамасына қарай нақтыланады. |
2. Кіріспе
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 − 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын (бұдан әрі – Болжамды схема), Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын, "Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу" сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 Жарлығын іске асыру құралы ретінде әзірленді.
Мемлекеттік бағдарлама тұрғын үй құрылысы, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін (бұдан әрі – ТКШ) жаңғырту мен дамыту саласындағы мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын шоғырландырады. Осыған байланысты, Мемлекеттік бағдарламаға Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасынан және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасынан коммуналдық инфрақұрылымды, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, тұрғын үй қорын жаңғырту мәселелері интеграцияланған.
Бірыңғай тұрғын үй саясаты және тұрғын үй коммуналдық саласындағы саясат урбандалу трендтерін, халық санының өсуін, сондай-ақ әрбір өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, елді мекендердің жайлы тұрғын үй ортасын дамытуды кешенді тәсілдерін қамтамасыз етеді.
Тұрғын үй құрылысындағы мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары жаппай құрылыс салынатын аудандарды инженерлік коммуникациялармен жайластыру есебінен халықтың қалың жігіне арналған қолжетімді тұрғын үй құрылысын ынталандыруға бағытталған.
Бұл үлестік құрылыс тетіктері шеңберінде халыққа кредиттік тұрғын үй ұсыну үшін жеке инвестицияларды тартады және жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға қолдау көрсетеді.
Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің құралдары мен ипотекалық бағдарламалар, оның ішінде "7-20-25. Әр отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері" ипотекалық тұрғын үй кредитін беру бағдарламасы (бұдан әрі – "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы) ықпал етеді.
Тұрғын үй сатып алу үшін табысы жеткіліксіз халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттары: мүгедектер, жетім балалар, көп балалы отбасылар, сондай-ақ ірі мегаполистерде − жұмыс істейтін жастар сатып алу құқығынсыз әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үймен басым түрде қамтамасыз етіледі.
Көрсетілетін қолдау шараларының атаулылығын қамтамасыз ету үшін азаматтардың әлеуметтік мәртебесі мен табыстарына байланысты оларға нақты өлшемшарттар көзделетін болады.
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, энергия тиімді және ресурс үнемдейтін технологияларды қолдану, ТКШ саласын біліктілігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету жұмысы жалғасады.
Тұрғын үй қорының жай-күйін жақсарту үшін КТҮ күрделі жөндеу және тұрғын үй қорын реновациялау жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады.
Құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар тұрғын үйдің қауіпсіздігі мен сапасына, жобалау саласын цифрландыру үрдістеріне қойылатын заманауи талаптар ескеріле отырып, тұрақты негізде өзектілендіріледі.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 60 мың жаңа жұмыс орнын ашу, негізгі отандық құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндірісінің көлемін 2018 жылмен салыстырғанда 70 %-ға ұлғайту күтіледі.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
1) Құрылыс саласындағы ағымдағы жағдайды талдау
Қазақстандағы құрылыс секторы экономиканың аса ірі секторларының бірі. Жыл сайын жалпы ішкі өнімнің 6 %-ына дейін осы сектордың үлесіне келеді.
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі жыл сайынғы өсімді көрсетеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша индекс 107,4 %-ға, 2017 жылы 102,8 %-ға, 2018 жылы 104,6 %-ға жетті.
2015 − 2018 жылдар аралығындағы құрылыс жұмыстарының жыл сайынғы көлемі 2 897 млрд. теңгеден 3 863 млрд. теңгеге дейін өсті.
Құрылыс жұмыстарының көлемі мен саны оң серпінді көрсетеді, әсіресе ғимараттарды салу бойынша жұмыстар басым, бұл жалпы көлемнің 50 %-ын құрайды. Өңірлік бөліністе Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, сондай-ақ Атырау облысы алда келе жатыр.
Жұмыспен қамту тұрғысынан құрылыс секторы шамамен 630 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Республиканың жұмыспен қамтылған халқының жалпы көлемінде құрылыс саласында жұмыспен қамтылғандар үлесі 2018 жылы 7,2 %-ды құрады.
Құрылыс материалдарын өндіру бойынша кәсіпорындардың орташа жылдық қуатын пайдалану 2015 жылғы 29,7 %-дан 2018 жылы 40,6 %-ға дейін ұлғайды. Бұл өндірістік қуаттардың оңтайландырылуы туралы куәландырады.
Бұл ретте тұрғын үй құрылысы үшін негізгі баға түзуші құрылыс материалдарының (цемент, рудалық емес құрылыс материалдары, құрастырмалы темірбетон конструкциялары мен бұйымдары, қабырға материалдары) өндірісі ішкі тұтынуды толығымен жабады.
Құрылыс материалдары өндірісінде неғұрлым күрделі өнімдер кірпіштер мен керамикалық қаптау тақтайшалары, жабын материалдары, еден жабындары, жылу оқшаулағыш материалдар, шыны өндірісінде импорт алмастыру мүмкіндіктері бар.
Қазақстанның құрылыс секторында 2019 жылғы 1 қаңтарда шамамен 35,3 мың түрлі меншік нысанындағы ұйым жұмыс істейді. Бұл ретте құрылыс саласында жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың үлесі республикада жұмыс істейтін ұйымдардың жалпы санының 12,6 %-ын құрайды. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың өсімі 2015 жылдан бері шамамен 11,4 %-ын құрайды.
2) Тұрғын үй құрылысының дамуын және халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуін талдау
Тұрғын үй құрылысы ипотекалық кредиттеуге қолжетімділіктің жақсаруымен, урбандалумен және халық табысының ұлғаюымен бірге дамып келеді.
Тұрғын үй құрылысының көлемі шамамен 8 % орташа жылдық өсіммен жағымды тренд көрсетіп отыр. Соңғы үш жылда жалпы ауданы 34,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде:
2016 жылы – 10,5 млн. шаршы метр (2015 жылға қатысты 117,6 %);
2017 жылы – 11,2 млн. шаршы метр (2016 жылға қатысты 106,2 %);
2018 жылы – 12,5 млн. шаршы метр (2017 жылға қатысты 112,1 %).
2016 – 2018 жылдары тұрғын үйдің басым бөлігі – 29,2 млн. шаршы метрді немесе 85,3 %-ын жеке құрылыс салушылар пайдалануға берді, оның ішінде тұрғындар – 15,4 млн. шаршы метрді, бұл пайдалануға берілген жалпы көлемнің 45 %-ын құрайды.
2018 жылы тұрғын үй құрылысына барлық көздерден 1,2 трлн. теңге инвестиция бағытталды. 2015 жылы бұл көрсеткіш 740 млрд. теңгені құрады.
Іске асырылатын тұрғын үй бағдарламаларының шеңберінде мемлекеттік инвестициялар есебінен соңғы үш жылда 4,2 млн. шаршы метр тұрғын үй құрылысы қамтамасыз етілді, оның ішінде:
2016 жылы – 1,0 млн. шаршы метр;
2017 жылы – 1,6 млн. шаршы метр;
2018 жылы – 1,6 млн. шаршы метр.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |