Bestprofi Logo

Қаулы № 1045 от 2019-12-31г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 16.10.2023 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 16.10.2023 жылғы № 914 Қаулысына сәйкес 

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекiтiлсiн.

2. Орталық, жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Жауапты орталық, жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.

4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 39 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi А. Мамин

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Мемлекеттік бағдарлама өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.02.2021 жылғы № 39 Қаулысымен (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Бағдарламаның

атауы

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздер

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауына және 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласына; Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді.

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар

Бағдарламаның

мақсаты

Мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу

Бағдарламаның міндеттері

1. Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту

1.1 Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін ортологиялық кодтау.

1.2 Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілінің салалық терминдер жүйесін жетілдіру, біріздендіру және кодтау.

1.3 Ономастикалық кеңістікті латын графикалы әліпби негізінде реттеу және стандарттау.

1.4 "Қазақ тілінің ұлттық корпусы" жобасын іске асыру.

2. Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту

2.1 Білім беру саласындағы қазақ тілінің функцияларын кеңейту және оны қолдану мәдениетін арттыру.

2.2 Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор ұйымдарында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру.

2.3 Ақпараттандыру және коммуникация саласындағы қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру.

2.4 Мәдениет, халыққа қызмет көрсету, БАҚ және бизнес саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын реттеу, әлеуметтік беделін арттыру.

2.5 Халықаралық коммуникацияда қазақ тілінің қолданылуын кеңейту.

3. Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту

3.1 Орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңістікте қолданылуы.

3.2 Этностық топтардың тілдерін дамыту.

3.3 Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын арттыру.

Іске асыру мерзімдері

2020 – 2025 жылдар

Нысаналы

индикаторлар

1) латын графикалы әліпбиді пайдаланатын жазбаша коммуникацияға қатысушылар үлесі: 2022 жылы – 10 %, 2023 жылы – 20 %, 2024 жылы – 30%, 2025 жылы – 50 %;

2) мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі: 2020 жылы – 90,5 %, 2021 жылы – 91 %, 2022 жылы – 92 %, 2023 жылы – 93 %, 2024 жылы – 94 %, 2025 жылы – 95 %;

3) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі: 2020 жылы – 74 %, 2021 жылы – 75 %, 2022 жылы – 76 %, 2023 жылы – 77 %, 2024 жылы – 78 %, 2025 жылы – 79 %;

4) үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген халықтың үлесі: 2020 жылы – 26%, 2021 жылы – 27%, 2022 жылы – 28%, 2023 жылы – 29%, 2024 жылы – 30%, 2025 жылы – 31%

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны іске асыруға 2020 – 2025 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 16989,9 млн. теңгені құрады.

2020 – 2025 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауына және 2017 жылғы 12 сәуірдегі "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласына, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді.

Көрсетілген нормативтік құжаттар төменде көрсетілген мәселелер бойынша осы Бағдарламаның негізгі мақсаты мен басты міндеттерін айқындайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды" деп белгіленген. Сондай-ақ, 93-бабында "Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, арнаулы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті" деп көрсетілген. Конституцияның бұл ережелері осы Бағдарламаның әзірленуіне және іске асырылуына басты негіз болып табылады.

Бағдарламаның "Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту" атты бірінші және "Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту" атты үшінші бағыттарын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының "Тілдік жаңғыру" деген 6.7 және "Әлемдегі үздік білімге қол жеткізу бастамасы" 6.8-тармақтарында көрсетілген міндеттер негіз болып табылады. Стратегиялық даму жоспарының осы міндеттерінде шет тілдерін, әсіресе ағылшын тілін үйрету мүмкіндіктерімен халықты барынша мол қамту қамтамасыз етіледі. Білім берудің барлық деңгейлерінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша үштілділікті енгізу жалғасады. Бағдарлама шеңберінде қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру жүзеге асырылады. Осы бастаманың шеңберінде әлемдік үздік тәжірибенің оң элементтерінің қолданыстағы мәдени-білім беру модельдерімен және стандарттарымен синтезделуін қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл үшін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік кітаптар қазақ тіліне аударылатын болады.

Сондай-ақ, Бағдарламаның барлық бағыттары, әсіресе қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жолымен қазақ тілін жаңғырту жөніндегі міндеттерді қамтитын бірінші бағыты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында берілген мынадай тапсырмасын орындауды көздейді: "Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық".

Бағдарламада Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру көзделеді. Мемлекет басшысы нақты шаралар негізінде еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасау және қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты Бағдарламада Қазақстан аумағындағы терең тарихи, мәдени және психологиялық базасы бар мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде толыққанды қолданылуы қажетті шаралар көзделген.

Сондай-ақ Бағдарлама этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға, оның ішінде ел азаматтарының лингвистикалық капиталын ұлғайтуға қолайлы жағдай жасауға негіз болып табылады.

Бағдарлама тілдің ағымдағы ахуалы, сондай-ақ тіл, тіл құрылысы және тіл саясаты мәселелерімен айналысатын сарапшылар қауымдастығының пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып әзірленді.

Бағдарламаны әзірлеу кезінде алдыңғы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижелері мұқият талданды, мемлекеттік тіл саясатын құқықтық реттеу саласындағы 20-дан астам шет елдердің тәжірибесі зерделенді.

Бағдарламада көзделген мақсаттар мен міндеттер Бағдарламаны іске асырудың бүкіл кезеңіне арнап уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Іс-шаралар жоспары арқылы іске асырылады.

Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар жалпы мемлекеттік және ұлттық бірегейліктің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени, тілдік қажеттіліктерін толыққанды қанағаттандыруға бағытталған. Бағдарлама Конституцияның 7-бабына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 3 қаулысына қатаң сәйкестікте әзірленген.

Бағдарламаны іске асырудың тиімділігі қажетті нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және негізгі бағдарламалық мақсаттар мен міндеттерді мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына интеграциялау арқылы, сондай-ақ осы Бағдарламаның шеңберінде көзделген шаралар кешенімен қамтамасыз етілетін болады.

Бағдарламаның іс-шаралар жүйесі Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарындағы азаматтарын ішінара қамти отырып, негізінен ересектерге бағдарланған.

Сонымен қатар, осы іс-шаралардың практикалық нәтижелеріне қол жеткізу үшін республиканың барлық мемлекеттік органдары мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, оның ішінде ұлттық компаниялар мен қаржы ұйымдарының бірлескен күш-жігері қажет.

Бағдарламада саланы былайша дамыту көзделеді:

мемлекеттік тілдің нормативтік базасын күшейту жөніндегі шараларды іске асыру және оны аспаптық әдістермен (ынталандыру, көтермелеу және басқалары) жетілдіру, ғылым және білім, экономика, қаржы және басқару, сот ісін жүргізу және заңнама, сондай-ақ БАҚ пен интернет кеңістік саласында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту;

қазақ тілінің грамматикалық, лексика-фразеологиялық, оның ішінде терминологиялық және ономастикалық ресурстарын зерттеу, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиет, интернет-ресурстар, онлайн оқулықтар, ортологиялық және басқа да құралдар арқылы жаңа ғылыми-лингвистикалық білімді дәріптеу жөніндегі шараларды қолдау;

халықаралық коммуникациялық алаңдарда қазақ тілін қолдануды өрістету және оны шетелде оқыту бойынша жұмыстарды іске асыру;

отандық және халықаралық коммуникация алаңдарында қазақ тілінің латын графикалы кеңістігін қалыптастыру, ұйымдастыру, реттеу және дамыту жөніндегі шараларды іске асыру;

Қазақстан аумағында қазақ тілінің этносаралық коммуникация тілі ретіндегі мәртебесін нығайтуға, қолданысын кеңейтуге арналған шаралар кешенін жүзеге асыру;

Қазақстан мәдениетінің тілдік алуан түрлілігін қалыптастыратын этностардың тілдерін сақтау үшін жағдай жасау салаларын дамыту.

Қазақстан Республикасында қолайлы әлеуметтік-тілдік кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жолға қойылған.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету болды.

Осы Бағдарламаны іске асыру қорытындылары Қазақстан Республикасындағы тіл құрылысының одан әрі дамуын қамтамасыз етті:

1) мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы айтарлықтай кеңейді: қазақ тілінде оқытып, тәрбие беретін ұйымдар – 5644, мектептер – 3798, мемлекеттік тілді оқыту орталықтары – 90;

2) іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру белсенді жүзеге асырылуда (мемлекеттік органдарда қазақ тіліндегі шығыс құжаттарының үлес салмағы шамамен 93 %-ті құрайды);

3) 246 баспа жобасы іске асырылды, олардың ішінде 72 оқу-әдістемелік құрал, 49 балаларға арналған кітап, 46 салалық сөздік және 70 танымдық, ғылыми, публицистикалық кітап жарық көрді. "Қазақ сөздігі" атты қазақ тілінің бір томдық үлкен түсіндірме сөздігі және инновациялық негізде әзірленген "Даналық әліппесі" атты оқыту кешені жарық көрді;

4) реалити-шоулар, қазақ тілін оқыту сабақтары, анимациялық фильмдер және т.б. бірқатар тележобалар іске асырылды;

5) IELTS (Ұлыбритания) және TOEFL (Америка Құрама Штаттары) үлгісі бойынша тілді бағалаудың көпдеңгейлі "Қазтест" жүйесі әзірленді.

Бұл жүйенің шеңберінде тіл үйренушінің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын Ұлттық стандарт әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Ұлттық стандартта лауазым, кәсіп, мамандық иелерінің қазақ тілін қай деңгейде меңгеру қажеттігін анықтайтын тізбе белгіленді. Ұлттық стандарттың негізінде Ересектерге қазақ тілін оқытудың үлгілік бағдарламасы әзірленіп, қолданысқа енгізілді және тілді оқыту процестері мен әдістемелік құралдар мазмұны жүйеленді, әрбір тілдік деңгей бойынша лексикалық минимум әзірленді;

6) мемлекеттік тіл орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдіснамасы әзірленді;

7) шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің ана тілін үйренуі үшін жүйелі түрде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетілді. Еуропа қазақтарының дәстүрлі кіші құрылтайы мен өнер фестивалі өткізілді, сондай-ақ шетелдегі отандастардың тыныс-тіршілігі мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеулер жүргізілді;

8) қазақтілді интернет-ресурстарды, контенттерді дамыту мақсатында құрылған интернет-ресурстар (сервистің 20-дан астам түрі) үнемі жаңартылып тұрады. Мәселен, "Tilalemi.kz" және "Atau.kz" ономастикалық, "Emle.kz" орфографиялық, "Termincom.kz" терминологиялық порталдары кең қолданысқа ие болды;

9) мемлекеттік тілді үйрету процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында тілді қашықтан оқыту курстарының саны ұлғайды;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание