• Мое избранное

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 267 қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 қаңтарда № 19843 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және бухгалтерлік есепті жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.
2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
1
5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.03.2020 жылғы № 42 Қаулысына сәйкес (31.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2019 жылғы 
​31 желтоқсандағы қаулысына
қосымша
Бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының тізбесі
«Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 11 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарында:

«2200

Клиенттер және басқа да кредиторлар алдындағы міндеттемелер»;

«1054

Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша резервтер (провизиялар)»;

1257-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1258-шотпен толықтырылсын:

«1258

Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір айдан аспайтын)»;

1267-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1268 және 1269-шоттармен толықтырылсын:

«1268

Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір жылдан аспайтын)

1269

Басқа банктерде орналастырылған жинақ салымдар (бір жылдан астам)»;

«1463

Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары бойынша резервтер (провизиялар)»;

«1477

Реттелген борышқа инвестициялар бойынша резервтер (провизиялар)»;

«1486

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша резервтер (провизиялар)»;

«1495

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша резервтер (провизиялар)»;

«1657

Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындар»;

1662-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1691-шотпен толықтырылсын:

«1691

Инвестициялық мүлік бойынша есептелген амортизация»;

«1695

Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша есептелген амортизация»;

«1697

Пайдалану құқығы нысанындағы активтер бойынша күрделі шығындар бойынша есептелген амортизация»;

«1757

Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын басқа да қаржы активтері бойынша есептелген кірістер»;

«1845

Есептелген және мерзімі өткен комиссиялық кірістер бойынша резервтер (провизиялар)»;

1876, 1877 және 1878-шоттардың аттары мынадай редакцияда жазылсын: